Көшбасшылық теориясы пәнінен емтихан сұрақтары Адами машықтарды жазыңыз


Қалай еріп жүру де көшбасшылықтың бір түрі болып табылады?



бет79/82
Дата14.10.2023
өлшемі1,49 Mb.
#114530
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Қалай еріп жүру де көшбасшылықтың бір түрі болып табылады?
Бұл тек нұсқауларды орындау немесе басшының айтқанының бәрін соқыр қабылдау дегенді білдірмейді. Жақсы ізбасарлық ұйымдық мақсаттарға жетуге белсенді қатысумен сипатталады . Көп жағдайда бұл өз бетінше жұмыс істеуді, өз әрекеттеріңізге есеп беруді және қажетті тапсырмаларды иеленуді білдіреді. Бақылау дағдылары көшбасшылықты қолдауы керек. ... Демек, көшбасшылық пен ізбасарлық бір- бірімен тығыз байланысты және қауіп-қатер ортасынан артық емес сияқты. Тәуекелдерді басқару тұрғысынан ізбасарлық келесіге тең: көшбасшылықты қолдау.
Көшбасшылық пен ізбасарлық арасында қандай байланыс бар?
Көшбасшылар мен ізбасарлар бір команда. Екі позиция да бірдей маңызды, жауапкершілікті талап етеді және бір-бірімен өзара әрекеттеседі: көшбасшы өз ізбасарларының өсуіне көмектесуі керек , ал ізбасарлар өз көшбасшысының жетістігіне үлес қосуы керек.
Ізбасарсыз көшбасшылық болуы мүмкін бе?
Ізбасарлық – көшбасшылықтың айнадағы бейнесі. Ақыр соңында, негізгі шындық - олардың ізбасарларының қолдауынсыз көшбасшылар болмас еді . Белгілі бір дәрежеде көшбасшылар мен ізбасарлар арасындағы қарым-қатынас миниатюралық демократияға ұқсайды. Осылайша, ізбасарлық көшбасшылық ретінде есептелуі керек.



  1. Эмоциялық интеллектті жазыңыз.



Тұлғалық қасиеттердің көшбасшылыққа ықпалын бағалаудың тағы бір жолы – эмоциялық интеллект. Ол 1990 жылдары психологиядағы маңызды сала ретінде қалыптасты. Оған көптеген зерттеуші мен практиктің назары ауды (Caruso & Wolfe, 2004; Goleman, 1995, 1998; Mayer & Salovey, 1995, 1997; Mayer, Salovey, & Caruso, 2000; Shankman & Allen, 2015).Атауынан көрініп тұрғандай, эмоциялық интеллект біздің эмоциямыз бен ойлау жүйемізге, сондай-ақ олардың арасындағы әрекеттестікке қатыс-ты. Интеллект біздің ақпаратты қабылдап, оны өмірде қолдану қабілеті-мізге қарай қалыптасатын болса, эмоциялық интеллект біздің эмоцияны түсініп, сол түсінікті өмірде қолдану қабілетімізге cай түзіледі. Нақтырақ айтсақ, бұл терминді эмоцияны қабылдау, білдіру, ойлауды жеңілдете түсу-ге пайдалану, эмоцияны түсініп, дұрыс пайымдай білу, сондай-ақ өз бойын-да және басқалармен қарым-қатынаста тиімді басқара білу қабілеті ретінде анықтауға болады (Mayer, Salovey, & Caruso, 2000).Эмоциялық интеллектіні өлшеудің әртүрлі жолы бар. Солардың бірі – Майер-Саловей-Карузоның эмоциялық интеллект тесті (MSCEIT; Mayer, Caruso, & Salovey, 2000). Аталған тест эмоциялық интеллектіні ақыл-ой қа-білетінің жиынтығы (оның ішінде эмоцияны қабылдау, жеңілдету, түсіну және басқару бар) ретінде анықтайды.Гоулман (1995, 1998) эмоциялық интеллектіні тұлғалық және әлеу-меттік білік жиынтығы деп саралау арқылы оны ауқымдырақ қарастырады. Тұлғалық білік өзіндік сана-сезімнен, сенімділіктен, өзін-өзі реттеуден, ақ-ниеттілік және мотивациядан қалыптасады. Әлеуметтік білік эмпатия мен коммуникацияны және конфликтіні басқару секілді әлеуметтік машық түр-лерін қамтиды.Шенкман мен Аллен (2015) эмоциялық интеллектуалдық көшбасшы-лықтың практикаға бағытталған моделін жасап шығарды. Соған сәйкес, көшбасшы көшбасшылықтың үш іргелі аспектісінен хабардар болуға тиіс: контекст, өзің және өзге адам. Бұл модель бойынша эмоциялық интеллек-туал көшбасшы өзі көңіл бөліп, ден қоюға тиіс 21 қабілетпен ерекшеленеді (оның ішінде топтық тапқырлық, оптимизм, бастамашылық және команда-лық жұмыс та бар).Өмірде адамның жетістікке жетуіне жәрдем беруде эмоциялық интел-лектінің қаншалықты үлкен рөл атқаратынына қатысты пікір-талас көп. Гоулман (1995) тәрізді кейбір ғалымдар адамның мектепте, үйде және жұ-мыста жетістікке жетуіне эмоциялық интеллектінің ықпалы зор деген пікір айтады. Майер-Саловей-Карузо (2000) және Антонакис (2009) сияқты бас-қа ғалымдар өмірлік түйткілдерді шешуде эмоциялық интеллектінің маңы-зы жайында жұмсақтау тұжырым жасады.Көшбасшылық қабілет немесе қасиет ретінде эмоциялық интеллект маңызды құрылым болса керек. Оның астарындағы алғышарт мынау – өз эмоциясына және сол эмоцияның өзгеге ықпалына барынша сезімтал адам әлдеқайда ықпалды көшбасшы болады. Эмоциялық интеллект жайында кө-бірек зерттеу жүргізілген сайын, оның көшбасшылықпен арадағы байланы-сы да түсініктірек бола түседі



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет