Көшбасшылық теориясы пәнінен емтихан сұрақтары Адами машықтарды жазыңыз



бет77/82
Дата14.10.2023
өлшемі1,49 Mb.
#114530
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Байланысты:
Емтихан көшбасшы 6В05146- биология

Күшті тұстары.
Бұл тарауда біз ізбасарлықтың дамуын және оны соңғы 50 жылда зерт-теушілер қалай тұжырымдағанын зерделейміз. Бұл зерттеудің бірқатар күшті тұстары бар. Біріншіден, ол ізбасарлықты көшбасшылық теңгерімнің ажырамас бө-лігі ретінде мойындайды. Ертеректегі кейбір көшбасшылық теориясы (жа-сырын көшбасшылық теориясы [Лорд және Махер, 1991] және әлеуметтік сәйкестендіру теориясы [Тайфел, Тюрнер, 1986]) ізбасарларды көшбасшы-лық процесіндегі элемент ретінде мойындайды. Ал бертіндегі шыққан ең-бектердің көбінде ізбасарлықты біршама әспеттеп, оған көшбасшылықпен бірдей негіз беретін ұстанымды алға тартады. Бұл біздің көшбасшылық ту-ралы ой-өрісімізді кеңейтіп, келешекте зерттеушілер мен практиктер ізба-сарлыққа анағұрлым терең назар аудару керек екенін білдіреді. Екіншіден, ізбасарлыққа мән беру көпшіліктің көшбасшылық туралы мүлдем жаңаша ойлауына түрткі болады. Хагс, Гиннет, Керфидің Leadership: Enhancing the Lessons of Experience (2014) сияқты ізбасарлыққа арнайы тоқталатын көшбасшылық жайындағы кітаптармен бірге, қазіргі ізбасарлық туралы зерттеулер мен әдебиеттер тақырыпты одан әрі тереңдететіні сон-дай – көшбасшылықты тұғырынан тайдырып, орнын ізбасарлықпен ауыс-тыру жөнінде ой салады. Мұндай еңбектер біздің назарымызды көшбасшы-дан гөрі, ізбасарға бұрады. Онда мынадай сұрақтарға жауап іздейді: Ізбасар-лықтың тиімділігін не арттырады? Ізбасарлар топтағы процеске және мақ-сатқа жетуге қалай ықпал етеді? Ізбасарлар көшбасшыға қалай әсер етеді? Адамға қабілетті ізбасар болуды қалай үйрете аламыз? Үшіншіден, әлі шикі күйіндегі ізбасарлық туралы зерттеуде тиімді із-басар болу үшін не істеген абзал, не істемеген жөн екенін нұсқайтын негізгі ұйғарымдарды ұсынады. Бұл ұйғарымдар тиімді ізбасарлыққа арқау бола-тын мінез-құлық типтерінің жалпы долбарын береді. Мысалы, тиімді ізба-сар қауымның және жеке бас қажеттілігін тең ұстайды. Олар ұйымның мүд-десін қорғап, көшбасшының пиғылы арам, қара басынан аса алмаған кезде оған қарсы шығады. Тиімді ізбасарлар авторитарлық билікке қарсы қарекет жасамайды, дегенмен істі соңына дейін жеткізу үшін біріге қызмет етеді. Со-нымен қатар олар өзінің дәрменсіздігін мойындайды, алайда басшыға қарсы шығу қажет болған кезде оны сылтауратпайды. Әзірге ізбасарлық туралы зерттеулер оны қыр-сырын түсіндіретін мінсіз теория ойлап таба қойған жоқ, әйтсе де практикалық қолданысқа өте пайдалы идеялар шоғырын ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет