Көші-қон ахуалын бағалау Көші-қон саясатының мақсаты мен қағидаттары



бет8/9
Дата10.01.2023
өлшемі28,95 Kb.
#60779
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
реферат

Көші-қон саясатының міндеттері

Көші-қон саясатын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет органдары, қоғамдық бірлестіктері алдында:


1. Сырткы саясат саласында:
мемлекетаралық деңгейде оралмандар, босқындар, мәжбүрлі қоныс аударушылар проблемасын шешудің екі жақты және көп жақты форматының тетігін әзірлеу және жүзеге асыру;
мемлекеттердің - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушылардың жанжалдарды болдырмау мен этникалық және діни проблемаларды бейбіт шешудегі ынтымақтастығы;
көші-қон процестерін реттеу және көшіп-қонушылар шыққан елдермен тиісті ақпараттар алмасу жөнінде Қазақстан . Республикасының мемлекетаралық шарттарын жасасуы;
көші-қон жөніндегі ұлттық заңнамаларының үйлесімін жасау;
Қазақстанның еңбеккер көшіп-қонушыларының құқықтары туралы екі жақты және көп жақты келісімге қосылуы;
Қазақстан Республикасының шекара маңыңдағы сауданы оңтайландыру, мәдени, өлеуметтік-тұрмыстық және өзге де жанжалдарды жеңілдету жөніндегі мемлекетаралық және үкіметаралық уағдаластықтарға қол жеткізуі;
отандастарымыздың тұрып жатқан елдердегі толық құқылы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму құқығын іске асыруға жәрдемдесу, Қазақстанмен рухани және өзге де байланыстарын қамтамасыз ету;
көші-қон проблемаларын шешу мүддесінде шетелдердің көші-қон қызметтерімен, халықаралық мемлекеттік емес және гуманитарлық ұйымдарымен өзара іс-қимыл міндеттері тұр.
2. Ішкі саясат саласында және әлеуметтік-экономикалық салада:
оралмандарды жайластыру, мемлекеттік атаулы көмек беруді дамыту және оларды қолдау үшін жағдайлар жасау;
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық реформаларының негізгі бағыттарымен демографиялық және көші-қон саясаты басымдықтарының үйлесімі;
көші-қон саясаты басымдықтарын ескере отырып көші-қон бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
әлеуметтік-экономикалық дамудың аймақтық бағдарламалары құрамына оралмандарды жайластыру жөніңдегі шаралар кешенін енгізу;
республиканың аймақтарындағы, еңбек рыногындағы, тұрғын үйге және мәдени-тұрмыстық саладағы әлеуметтік-экономикалық ахуал мониторингі;
оралмандарға көмек көрсететін қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл;
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың келуіне және кетуіне, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағында болуына бақылау мәселелерін көздейтін нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеу.
3. Заңнама саласында - Қазақстан Республикасының Зандарьн және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін қабылдау.
4. Ақпараттық салада:
рухани бірлік, халықтар достығы, қоғамдық және ұлтаралык келісім идеясын калыптастыру және тарату;
Қазақстан халықтарының тарихы және мәдениеті туралы білімдерді тарату;
көшіп-қонушылардың ұлттық салт-дәстүрлерін ескеру;
бұқаралық ақпарат құралдарына көшіп-қонушылардын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жағдайын объективті түрде жариялауға жәрдемдесу;
көші-қон проблемаларын тиімді шешуге жағдай жасайтын-онды қоғамдық пікірлерді қалыптастыру;
Қазақстан Республикасының халқын көшіп-қонушылар психологиясының ерекшелігі, көшіп-қонушылар жағдайының себептері мен проблемалары, олардың бейімделуіндегі қиындықтар туралы объективті хабардар етіп отыру;
көші-қон саласындағы инвестициялық жобалар туралы ақпараттарды жинау және тарату жүйесін орныктыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет