Жас ерекшелігі психологиясы - адамның психикалық процестерімен психологиялық қасиеттерінің уақытқа қарай өзгеру онтоногенезін зерттейді. Жас ерекшелік психологиясы фундаменталды теориялық пән бола отырып, мынадай мәселелерді қарастырады: адамның психологиялық және жекелік даму деңгейлерін,олардың статистикалық жас ерекшелік даму нормаларына сәйкестігін, әр түрлі факторлардың психика мен адамның жасаралық дамуына әсерін талдау, онтогенездегі әр түрлі өмір этаптарындағы адамның психикалық даму жолын болжау,т.б.
Жас ерекшелігі психологиясының пәні - адамның өмір сүру барысындағы психикасы мен іс-әрекетінің өзгеруінің заңдылықтары мен тенденциялары. Жас ерекшелігі психологиясының орталық ғылыми категориясы - психикалық даму.
Адам психикасының дамуын толығырақ ұғыну үшін төмендегі ұғымдарды білу қажет:
1.Филогенез - өмірдің пайда болуы, организм түрлерінің туындауы, олардың барлық биологиялық эволюциясының, яғни қарапайымдылардан бастап жалпы адамдардың дамуы.
2.Онтогенез - туғаннан басталып, өмірдің соңымен аяқталынатын адамның жеке дамуы.
3.Антропогенез - Homo Sapiens-тің пайда болуымен басталып осы күнге дейін адамзаттың барлық аспектілері бойынша, соның ішінде мәдени дамуы, филогенездің бөлімі.
2. Жас ерекшелігі психологиясының құрылымы. ХІХ ғ.соңында балалар психикасы ретінде қалыптасқан жас ерекшелігі психологиясы жас ерекшелігі қазіргі кезде психология ғылымының дербес саласы болып табылады.
Оның құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады: жас ерекшелігі психологиясының теорияларық мәселелері, жеке тұлғаның психологиялық дамуының негізгі факторлары мен дамудың қозғаушы күштері,психикалық даму кезеңдерінің ауқымына кіретін нәрестелік, ерте сәбилік, мектепке дейінгі шақ, кіші оқушы, жеткіншек және жасөспірім кезең психологиясы, кемелдік жас және геронтопсихология (кәрілік). Адамның психикалық даму ерекшеліктеріне сәйкес және көптеген ғалымдардың (Д.Б.Эльконин, Л.С.Выготский, В.С.Мухина, А.А.Люблинская, т.б.) зерттеулеріне негізделіп, жас кезеңдерін төмендегідей топтастыруға болады:
1. Нәрестелік кезең / туғаннан 1 жасқа дейін /
2. Бөбек кезең / 1 жастан 3 жасқа дейін /
3. Мектепке дейінгі кезең / 3 жастан 7 жасқа дейін /
4. Бастауыш мектеп кезеңі / 7 жастан 11 жасқа дейін /
5. Жеткіншек кезеңі / 11 жастан 15 жасқа дейін /
6. Жоғары сынып кезеңі / 16 жастан 17 жасқа дейін /
7. Жасөспірімдік кезең / 17 жастан 20-23 жасқа дейін /
8. Жастық шақ / 20 жастан 30 жасқа дейін /
9. Кемелдік кезең / 30 жастан 55-60 жасқа дейін /
10.Қартаю кезеңі / 60-70 жас аралығы /
11.Кәрілік кезең / 70 -тен жоғары /