Көшпелілік мәдениеттің ерекшеліктері Т. Х. Габитов



Pdf көрінісі
Дата03.10.2023
өлшемі2,37 Mb.
#112804
Байланысты:
4.-kөshpelilik-mәdeniettiң-erekshelikteri-1



Көшпелілік мәдениеттің 
ерекшеліктері 
Т.Х.Габитов


Ұлан-ғайыр далада өркениет орнауға 
себеп болған факторлар қандай?


Алтайдан Донға дейін созылған Ұлы Дала 
екі құрлықтың басын қосты. Ол Европа 
мен Азияның қақпасы, тоқсан тоғыз 
жолдың торабы. 


Сайын дала Әму мен Сыр бойы 
арқылы қытай, парсы, үнді, араб 
өркениеттерімен тоғысты. 


Сыр мен Әмудария аралығында пайда 
болған Зәрдеш (зороастр) тәңірлік 
дүниетаным христиан, будда, ислам сияқты 
әлемдік діндердің өзекті қағидаларына негіз 
болды. Дала өркениетін рухы биік халық 
жасады. Олар тәңірге табынды. Әлемдік 
діннің қайсысы болса да сахарада орын 
алды.


Қыр баласы табиғи ортамен толық 
жарасымды болды. Дала перзенті ешбір 
шектелу дегенді білмеді, бостандықта өсті, 
төзімтал, өжет болып өсті. Оларға 
творчествалық эволюция тән еді. 


Л. Н. Гумилев, т.б. зерттеушілер 
«көшпенділер» деген ұғымды 
абсолюттендіреді. Шын мәнінде ұлы 
сахарадағы халықтың негізгі кәсібі мал бағу 
болғаны рас. Сонымен бірге ол егін де екті, 
қолөнерін де дамытты, қала да салды. 



Бір сөзбен айтсақ атқа 
қонған көшпенді 
географиялық кеңістікті 
игерді, астраномиялық 
білімге ұмтылды, зат 
айырбастау, жаудан қорғану 
мен шабуылға шығу, металл 
балқытуды игеру, әскери 
өнерді жетілдіру, атты әскер 
мен әскери арбаларды 
қолданып, бұрын-соңды 
болмаған жеңіске жету –
көшпенділерді замананың 
иесі етті. 



Азияның көне көшпенділері еш жерде 
қайталанбайтын скиф-сібірлік «аң өрнекті» 
ғажайып бейнелеу өнерін жасады. Бұл өнерді 
игерген сақ, үйсін, сармат, ғұн сияқты тайпалардың 
творчествосында көне Қытайдың, Орта Азияның, 
Таяу Шығыстың, Грекияның отырықшы 
халықтарының ықпалы байқалады. Алайда, олар 
жасаған өнердің болмысы өзгеше, дара ғажайып 
баға жетпес ұлы өнер еді. 


Қазақ мәдениетін қарастырғанда туатын 
маңызды мәселе шаруашылық-мәдени 
типтердің өзіндік ерекшеліктерін анықтаумен 
байланысты. 



Шаруашылық-мәдени тип ұғымы соңғы кезге 
дейін этнографиялық және тарихи зерттеулерде 
көбірек қолданылып келді. Шаруашылық-мәдени 
типтердің нақтылы мысалдары: арктикалық 
аңшылар, тропиктегі аңшылар мен терімшілер, 
өзен аңғарларындағы егіншілер, оазистік 
дихандар, еуроазиялық көшпелілер және т.б. 



Тікелей мағынасын алғанда, шаруашылық-
мәдени тип ұғымы әлеуметтік-экономикалық 
дамудың бір деңгейінде тұрған топтастықтардың 
ұқсас табиғи ортадағы тарихи қалыптасқан 
біртектес шаруашылық пен мәдениет жүйесін 
бейнелейді. ШМТ этномәдениет өрісімен 
шектелмейді. 



Мысалы, афроазиялық көшпелілерге семиттік, 
берберлік, туарегтік, ирандық, түріктік 
этностардың мәдениеттері жатады. Ал 
еуразиялық номадалар (ШМТ) түріктерден, 
моңғолдардан, угорлардан және т.б. 
(этномәдениеттерден) тұрады. 


Халық өнері әсіресе киіз үй 
жиһаздары мен ұлттық киімнен 
айқын көініс тапты



Көшпелілік шаруашылық-мәдени тип Қазақстан 
жеріндегі климаттық және ландшафтық 
ерекшеліктерді ұтымды пайдалана білген. Оны 
маусымдық жайылымдардың алмасуы деп атауға 
болады және ол Қазақстан территориясында 
номадалық типтің XX ғ. басына дейін басым 
болғандығын дәлелдейді. 



Ғылыми зерттеулер мен археологиялық қазбалар ХV ғ. 
кейін Қазақстан жерінде қалалар құлдырап кетті деген 
пікірді өзгертуге мүмкіндік берді. Жергілікті құрылыс 
мәдениетінің жоғары дәрежеде болғанына XV-XVII ғғ. 
Иассы, Сауран, Отырар, Сығанақ, Сайрам тәрізді 
қалалар, Орталық Қазақстандағы Домбаул, Алашахан, 
Жошыхан ғибадатханалары, Оңтүстік Қазақстан және 
Маңғыстаудағы сәулет ескерткіштері куә.


Жеті аталық әлеуметтік тип генеалогиялық 
дүниетанымды қалыптастыруға себебін тигізді. Арғы 
негізі ілкі атадан басталатын туысқандық қатынастар 
тармақтары бүкіл халықтың тұтастануының көрінісі 
болды. Бұл генеологиялық «ағаш» тек қазақ 
халқының туыстығын емес, сонымен бірге бауырлас 
түрік халықтарын да қамтиды. 



«Ата қоныс» ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, 
ол өзінің тұтастығының кепілі және көршілес 
жатқан мекендерге де қол сұғуға 
болмайтындығын мойындау. Қауымдық қатынас 
мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әр 
жағрафиялық белгілері халық санасында киелі 
жерлер деп есептеледі, яғни қоршаған орта киелі 
таулардан, өзендер, көлдерден тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет