Көшпенділер Алмас Қылыш



Pdf көрінісі
бет22/23
Дата02.03.2017
өлшемі2,53 Mb.
#5142
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

 
 

301 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
ІV 
 
 
«Екі  көз  бірін-бірі  шұқымасқа  аллатағала  ортасына  мұрынды  жаратқан»  деп 
қазақ  босқа  айтпаған.  Бұрындық  таққа  отырып,  Қасым  сұлтан  әскербасы,  яғни 
әмір-эль-умера  болғаннан  кейін,  көп  кешікпей-ақ  араларында  қайшылықтар  туа 
бастады.  Негізгі  ала  ауыздық  Бұрындық  пен  Қасымның  қазақ  хандығының 
келешек  саясатының  қандай  болуы  керек,  деген  мәселедегі  екеуінің 
көзқарасынан  туған.  Оның  үстіне  Әбілқайыр  Ордасын  қайта  тұрғызуды  көздеген 
Мұхамед-Шайбани  мен  Махмуд-Сұлтан  жайындағы  араларындағы  алалығы 
қосылды. 
 
Аңғал  батыр,  қысқа  томыратын  морт  мінезді  Бұрындық  қазақ  хандығының 
келешегі  тек  соғыста  деп  ойлаған.  Жасынан  жауынгершілікті  мұрат  еткен,  тоң 
мойын,  өз  дегенін  дүниенің  тетігі  көретін  қайсар  хан  қазақ  хандығының  күшею 
жолы тек көрші елдерді шабуда деп ұққан. Сондықтан ол өзі де үнемі ат үстінде 
болып,  өзгеден  де  соны  тілеген.  Ал  Қасым  бөтен  пікірдің  адамы.  Оның  ойынша 
қалың  қол,  соғыс  тек  жаудан  өз  жеріңді  қайтарып  алу  үшін  ғана  керек.  Қазақ 
хандығының күшею жолы үнемі соғысуда емес, алдымен өзіңе ешкімнің тісі бата 
алмайтын айбарлы, қой үстінде боз торғай жұмыртқалататын бейбітшілікті арман 
еткен  ел  болуда  деп  түсінген.  Осындай  ойдағы  Қасым  үнемі  жорық,  үнемі 
шапқыншылық халықты жүдетеді десе, Бұрындық «жоқ, олай емес, жаудың жер, 
суын тартып алып, дүниесін тонау ер жүректі қазақ жігіттерін байытады, ал жорық, 
ұрыс тек халықты шынықтырады, сақылдаған аяз бен бұрқыраған боранда өскен 
көкжал  қасқырдай  қайтпас  қайсар  етеді.  Бұндай  елге  ешкім  де  беттей  алмайды. 
Ал  жауы  қорыққан  елдің  хандығы  да  берік,  айбынды  келеді.  Сол  себепті  қазақ 
елінің ең мықты саясаты соғыс болу керек» деп тұжырған. Хан билігіне бағынбауға 
қақы  жоқ  әскербасы  Қасым  лажсыз  Бұрындықтың  бұйрығын  орындап,  жұмсаған 
жорықтарына  баруға  мәжбүр  болған.  Осындай  орынсыз  жорықтардың 
кейбіреулерінде  жауына  күші  жетпей  жеңіліп  те  қалатын.  Әрине,  Бұрындықтың 

302 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
мұндай  қылықтары  Қасымның  көңілінде  оған  деген  наразылық  тудырды.  Ал 
Мұхамед-Шайбани  мен  Махмуд-Сұлтанға  келгенде,  Бұрындық  екеуін  тезірек 
құртуды тілесе, Қасым қос бөрінің бетін Түркістан өлкесінен қайтарып, Ақсақ Темір 
хандығына  қарсы  жұмсауды  көздеді.  Әбілқайырдың  көптеген  әмір,  сұлтан, 
мырзалары  Мұхамед-Шайбани  мен  Махмуд-Сұлтанды  жақтайтынын  түсінетін 
Қасым, қазақ елінің айбынды жауы Ақсақ Темір Ордасын құлату үшін, іріткіні жау 
тобының өзінде шығарсақ деген тілекті құптады. Мауреннахрдағы Моғол, Жағатай 
тархан,  мырза,  әмірлерін  күшейтуден  көрі,  Мұхамед-Шайбани  мен  Махмуд-
Сұлтанды өз жағына шығарып, аналарға қарсы пайдалануды дұрыс көрген. 
 
Бұл мәселеде хан мен оның әскер басының арасында оңай өте алмас тұңғиық 
пайда  болды.  Егер  бұлар  тіл  тауып,  бір  шешімге  келмесе,  бұл  тұңғиық  екеуін 
бірдей  батырып  кететіні  сөзсіз  еді.  Өйткені  қас  жауыңа  достық  көзбен  қарау  — 
еліңді  сатумен  тең  қылмыс.  Бұрындық  ойынша  Қасым  сол  қылмысқа  таяу  жүр. 
Әрине, мұндай жағдайда арасындағы ала ауыздық екеуіне бірдей қатер. 
 
Әйткенмен бұл түйінді қос бөрінің өздері шешті. 
 
Мұхамед-Шайбани  Ташкент  билеушісі  жағатайлық  Сұлтан-Махмуд  хан  мен 
Самарқант әміршісі әбусейіт ханның арқасында Сығанақ, Ақрұқ, Үзгентті алғаннан 
кейін,  бұл  жеңістеріне  қанағат  тұтпай  Хорезмге  аттанды.  Жолай  Тырсақ  бекінісін 
шауып,  өзінің  ағрұғын
1
  осы  арада  қалдырып,  Хорезмді  қоршады.  Хорезмді  әне 
аламын, міне аламын деп тұрғанында, кенет қалаға Қорасан әміршісі жағатайлық 
Сұлтан-Хұсайын  мырза  жіберген  жиырма  мың  әскер  көмекке  келді.  Мұхамед-
Шайбани амалсыз кейін қайтты. Дәл осы кезде Ташкент билеушісі Сұлтан-Махмуд 
хан  кеп  Отырар  уәлиетін  басып  алды.  Ол  үлкен  той  жасап,  мәңгілік  одақтас 
боламыз  деп  достасып,  Отырарды  Мұхамед-Шайбаниға  басыбайлы  беріп,  өзі 
әскерімен Ташкентке қайтып кетті. 
 
Түркістанның Сығанақ, Отырар, Ақрұқ, Үзгент секілді негізгі қалаларын қолына 
оңай түсірген Мұхамед-Шайбани, енді әскер жинап Сауранды басып алмақ болды. 
                                                 
1
 А ғ р ұ қ — көне түркі тілі, әскер соңындағы көш. Азық-түлік артқан керуен, кейде жорыққа бірге ала жүретін 
гарем, хан қызметкерлері. 

303 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
Бұны  естіген  Яссы  мен  Отырардың  әкімі  Мұхамед-Мазит  тарханның  баласы 
Құлмұхамет-тархан  қарсы  тұруға  күшінің  жетпейтінін  біліп,  үй  ішін,  нөкерлерін, 
өзіне  берілген  адамдарын  алып  Яссыға  қашты.  Қала  бос  қалды.  Сауранның 
ақсақал,  бек,  саудагер  бас  адамдары  жиналып  қаланы  енді    Мұхамед-
Шайбанидың  інісі  Махмуд-Сұлтанға  бермек  болды.  Олар  «Шайбани    намеде» 
айтқандай:  «Келіңіз,  бұл  үйде  ешкім  жоқ»  деп  хат  жазып,  кісі  жіберді.  Махмуд-
Сұлтан бос жатқан қала билігін өз қолына алды. Мұны естіген Мұхамед-Шайбани 
Отырардан  інісін  құттықтауға  Сауранға  келді.  Бірнеше  күнін  той-думанда  өткізіп, 
Отырарға қайтпақ болды. Бірақ інісі Махмудқа: «Саған қаланың басты адамдары 
Сауранды  лажсыз  берді.  Егер  бұл  шаһарға  шын  қожа  болғың  келсе,  қаладан 
оларды  тезірек  қу»  деп  ақыл  берді.  Махмуд-Сұлтан  ағасының  дұрыс  ақылына 
көнбегенінің сазайын тек артынан тартты. 
 
Мұхамед-Шайбанидың  бағы  күннен-күнге  көтеріле  түсті.  Шайх-Хайдар  қаза 
тауып,  Әбілқайыр  Ордасы  құлаған  кезде  әрқайсы  өз  ұлыстарына,  шаһарларына, 
уәлиеттеріне  тарап  кеткен  баһадурлар,  әмірлер,  бек,  мырза,  сұлтандар  қайтадан 
Мұхамед-Шайбани маңына жинала бастады. Мұны көрген Яссы қаласының хакімі 
Мұхамед-Мазит-тарханның зәресі енді шын ұшты. Айбақ хан мен Ахмед   ханнан 
қорқып,  сонау  Астраханьнан  қашып  келген  Мұхамед-Шайбаниға  құшағын  жайып 
құрмет  көрсеткенінде,  ол  қойнына  қандай  шұбар  жыланды  салып  алғанын  енді 
түсінді.  Мұхамед-Мазит-тархан  қойнына  өзі  салған  осы  жылан  қанша  кішкентай, 
әлсіз  болғанмен  де,  өзінің  қан  құмарлығын  істеді.  Он-он  бес  жылдың  ішінде 
қауырт өсіп, кәдімгі он кез қара шұбар айдаһарға айналды. Енді Мұхамед-Мазит-
тарханның қойнына сыймақ түгіл, өзін жұтуға ыңғайланған жайы бар. Айдаһардың 
алғашқы  ысқырынуынан  зәре-құты  қалмаған  тархан  жанымды  қайтсем  сақтап 
қаламын  деп,  жедел  шара  қолдана  бастады.  Егер  дер  кезінде  Мұхамед-
Шайбаниды тоқтатпаса, бір күні, әбден күшейіп алғаннан кейін, Яссыны да тартып 
алатынына  шек  келтірмеді.  Ол  ең  алдыменен  жанындай  жақсы  көретін  он  төрт 
жасар  кенже  қызы  Ғибадат-Бегімді,  қасына  бірнеше  батыр  нөкерлерін  қосып, 

304 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
баласы Күлмұхамед-тарханмен бірге, Самарқантқа жүргізеді. Бұл көшпен бірге бар 
қымбатты  дүние-мүлкін  де  жіберді.  Түркістан  уәлиеті  бұрынғы  дәстүрі  бойынша 
әлі  де  Темір  Ордасына  бағынды.  Ал  Самарқант  болса,  бұл  Орданың  астанасы. 
Тархан Самарқантты күшті санайтын. Қызы мен баласы, дүние-мүлкі Самарқантта 
тұрса, Мұхамед-Шайбанидың қолы жетпейді деген пікірге келген. Сол себепті де 
көшті  тезірек  жүргізуге  асыққан.  Бірақ  бұл  көштің  шыққанын  Мұхамед-Шайбани 
жағының адамы Маңғыт Орыс бек естіп қалады. Жиырма батыр, екі жүз сыпаймен 
келіп  шабуыл  жасайды.  Күлмұхамед-тархан  қасындағы  серіктерімен  жан  аямай 
жауымен  ұрысады.  Бірнеше  адамды  найзалап  өлтіреді.  Бірақ  ақырында  жеңіліп, 
өзі қашып құтылады. 
 
Орыс  бек  Мұхамед-Мазит-тарханның  қызы  мен  дүние-мүлкін  Мұхамед-
Шайбаниға  әкеп  тапсырады.  Жауының  дүние-мүлкін  хан  бұл  ұрысқа  қатынасқан 
Орыс  бектің  жігіттеріне  бөліп  береді.  Ал  Мұхамед-Мазит-тарханның  бар  мал-
мүлкінен қымбатты, ең асыл қазынасы әлі құрық көрмеген құлындай асау қызын, 
түкті кеудесінің астына салып, бесінші қатыны етеді. 
 
Бұл  қорлыққа  шыдай  алмаған  Мұхамед-Мазит-тархан  Бұрындық  хан  мен 
Жәнібектің  балаларына  бірігіп  Мұхамед-Шайбаниды  шабайық  деп  кісі  салды. 
Бұрындық  пен  Қасым  бұл  тілекті  қабыл  алды.  Мұхамед-Мазит-тархан 
үшеуі кеуделеріне құран басып, күшейіп келе жатқан Мұхамед-Шайбаниға қарсы 
тұрып, Түркістан уәлиетінен қумақ боп ант берісті. Содан кейін олар қалың қолмен 
келіп Сауранды қоршады. Жақында ғана бұл қалаға әмірші болған Махмуд-Сұлтан 
қала  бекінісін  жедел  күшейтуге  кірісті.  Бірақ  бұл  кезде  Қасым  сұлтанның  ақылы 
бойынша  Мұхамед-Мазит-тархан  кешегі  өзінің  баласы  Күлмұхамед-тархан 
билеген  Сауранның  қала  басшылары  —  ақсақал,  бек,  рабат  ұстайтын  белгілі 
адамдарына,  қаланы  бүлдірмей,  қан  төгіспей  берсе,  көп  жақсылық  істейтінін 
айтып хат жазды. Ақсақалдар жасырын жиналып, Сауран бұрын қазақ хандарынікі 
еді  ғой.  Бұрындық  ханға  берейік  деп  шешеді.  Бұндай  құпия  сырдан  хабары  жоқ 
Махмуд-Сұлтан  қамал  басында  шаруа  істетіп  жүргенінде,  ақсақалдар  бірнеше 

305 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
сыпайлармен келіп, тал түсте оны тұтқын етеді де, қала қақпасының кілтімен бірге 
Сауранды  шапқалы  келген  Қасым  сұлтанның  қолына  тапсырады.  Бұрындық  хан 
мен  Қасым  сұлтанның  арасындағы  қырғи  қабақтық  міне  осы  Махмуд-Сұлтанның 
қолға түсуінен бастап бұрынғысынан да шиеленісе түседі. 
 
Қасым  сұлтан  мен  Мұхамед-Мазит-тархан  Сауранға  кіргеннен  кейін,  Ақ 
Орданың бір кездегі екінші астанасын қайтып алғандарына шаттанып, жеңіс тойын 
тойламақ  болды.  Бұл  тойға  Бұрындық  хан  да  келді.  Қырмызы  кілемге  бөленген 
Махмуд-Сұлтанның  диван  сарайына  орналасып,  ақ  мамық  жастықты  шынтақтай, 
күміс  тай  кесемен  кестамды 
1
   сіміріп  отырып,  өзінің  өр  мінезіне  салып,  ол 
нөкерлеріне лепіре: 
 
— Махмуд-Сұлтанды алып келіңдер, — деп бұйырды. 
 
Махмуд-Сұлтанның орнына әмір-эль-умера Қасымның өзі келді. 
 
— Махмуд-Сұлтанды неге әкел дедіңіз, тақсыр хан? — деді Қасым, ханға диван 
дәстүрімен тәжім етіп болғаннан кейін. 
 
—  Тыныш  жатқан  қазақ  елін  шапқан  да  Махмуд-Сұлтан  батыр  ғой,  —  деді 
Бұрындық Қасымға жауар бұлттай түйіле қарап. — Батырлық әлде қатындық мінез 
көрсетер ме екен, көз алдымда оның басын алдыртайын деп едім. 
 
Қасым даусын көтермей салмақты үнмен жауап берді. 
 
—  Басыбайлы  сатып  алған  құл,  не  болмаса  құнсыз  кетер  қан  майданда 
кездескен ұл емес қой Махмуд-Сұлтан... Ол Әбілқайыр ханның немересі, Махмуд-
Шайбанидың  жалғыз  інісі.  Оның  басын  алу  үшін  Тағанақ  кеңесі  жиналмаса  да, 
Тұрымтай кеңесі жиналуы керек. 
 
Құлаған  тезек  қаптай  боп,  дөңкиіп  ақ  мамық  жастықты  шынтақтай  жатқан 
төртбақ Бұрындық, кенет тез қимылдап шарт жүгініп отыра қалды. Қалың қабағы 
түксиіп, қанды көзі шатынап: 
 
—  Махмуд-Сұлтан  үшін  Тағанақ  кеңесі  де,  Тұрымтай  кеңесі  де  мына  мен 
өзіммін, — деді ол. 
                                                 
1
 К е с т а м — көне түркі елі дайындаған ішімдік. 

306 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
Қасым әлі де болса ашуын баса, өзін-өзі тежей сөйледі. 
 
—  Олай  болса,  марқабатты  тақсыр  хан,  менің  де  әмір-эль-умера  екенімді 
есіңізге  алсаңыз  деймін.  Махмуд-Сұлтан  менің  олжам  және  менің  шешем 
Жағанның  апасы  Аққозы-Бегімнен  туған  бөлем.  Білгіңіз  келсе,  менің  екі  туып  бір 
қалғаным... 
 
«Иә, солай екен ғой» дегендей Бұрындық төмен қарады. Енді оның даусы сәл 
сылбырлау шықты. 
 
—  Сонда  не  қыл  дейсің?  Мойнында  қазақ  батырларының  талай  қаны  бар 
Махмуд-Сұлтанды босатып жібер демексің бе! 
 
— Босатып жібер деп отырғам жоқ. Бірақ Махмуд-Сұлтанның тағдырын шешу 
үшін  Хан  Кеңесі  керек  демекпін.  Ал  қазір  Хан  Кеңесін  шақыратын  мезгіл  емес! 
Менің  ертөлелерім  әкелген  хабарлар  бойынша,  Мұхамед-Шайбани  қазір  Яссы 
шаһарын  қоршап  алған  көрінеді.  Мұхамед-Мазит-тархан  дер  кезінде  қаласына 
қайтқан. Яссы шаһары мықты бекініс. Мұхамед-Шайбани оны оңай ала алмайды. 
Хан о жақта әуре боп жатқанда, біз қан төкпей Отырарды басып қалуымыз керек. 
Ертең аттанғанымыз жөн. 
 
Қасымның  оп-оңай  тағы  бір  мединаны  аламыз  дегені  Бұрындыққа  ұнады.  
Бірақ өзінің қайсар мінезіне салып: 
 
—  Жақсы,  Отырарға  аттануға  дабыл  қақ,  —  деді.  —  Демек  есіңде  болсын, 
Махмуд-Сұлтан  мойынына  түскелі  тұрған  қыл  шылбырдан  бәрібір  құтыла 
алмайды. 
 
— Оны дер кезінде көрерміз. 
 
Қасым  сұлтан  басын  иіп  ханға  құрмет  көрсетті  де  шығып  кетті.  Бұрындық  өз 
дегені  болмаса,  бөтеннің  айтқанына  көне  бермейтін.  Ал  Қасымның  сөзіне  тіпті 
көнгісі келмеді. Енді бір ыңғайы түскенде ол әскер басы етіп өзінің екі ағасы мен 
бір  інісінің  біреуін  қоюды  ойлай  қалды.  Түбі  Қасыммен  тату-тәтті  бола 
алмайтынын  да  білетін.  Қазір  Бұрындық  «Қасымнан  қалай  тез  құтылам»  деп  бір 
тұңғиық қайғыға бата берді. 

307 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
—Қасым өз сарайына келгеннен кейін батыр Саянды шақырып алды. Жәнібек 
өлгеннен  бері  батыр  Саян  сұлтанның  ең  сенер  досы,  жақын  адамы  болып  ал- 
ған. Қауіпті, құпиялы іске Қасым тек батыр Саянды ғана жұмсайтын. Қандай қиын 
тапсырма болса да, анау оны бұлжытпай орындап келген. 
 
—  Жиен  аға,  —  деді  сұлтан  өзінің  дәрежесіне  қарамай,  ананың  төрт-бес  жас 
үлкендігін есіне ұстап, — тағы бір қауіпті істі тапсырғалы тұрмын. 
 
— Туғалы қауіпсіз бір күнім өтіп көрген жоқ, тапсыра бер. 
 
—  Тапсырсам...  —  Қасым  сәл  күмілжи  сөйледі,  —  бұл  ара  Махмуд-Сұлтан- 
ға  қатерлі...  Оны  Созаққа  апарып,  біз  Отырардан  қайтып  келгенше  тұтқын  етіп 
ұстау керек... 
 
Енді батыр Саян күмілжи сөйледі. 
 
—  Қиын  іс  екен...  Махмуд-Сұлтанды  Созаққа  апару  —  ажалына  апарумен  тең 
ғой. Созақ ағаңыз Махмұт-Сұлтанның қолында ғой. О кісі бетін Махмуд-Сұлтанның 
қалай жаралағанын ұмыта қойды ма екен? 
 
 
— Жекпе-жекте болған іс кекке айналмауы керек. 
 
— Ет жарасы біткенмен, ер жарасы оңай біте ме?.. 
Егер Махмуд-Сұлтанды сақтай алмай қалсам қайтем? 
 
—  Сақтау  керек.  Нағашы  апам  Аққозыдан  туған  Мұхамед-Шайбани  мен 
Махмуд-Сұлтанға  өздері  маған  бірінші  боп  ажал  ойлағанша,  менен  жамандық 
болмайды деп анама берген антым бар. 
 
— Жақсы. Антыңды адал сақтауға қолымнан келгенімді аямаспын. Бірақ шеше 
жағынан  сендерге  жиен  болғанмен,  әке  жағынан  Рабиу-Сұлтан-Бегімнің  інісі 
екенімді білмейсің бе? 
 
— Білемін. Оны неге сұрадың 

 
— Рабиу-Сұлтан-Бегімнен Сүйіншік сұлтан туған жоқ па? 
 
— Иә, туған. 
 
— Сүйіншік сұлтан Мұхамед-Шайбани жағында екенін ұмыттың ба? 
 
— Ұмытқам жоқ. Иә, сосын? 

308 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
— Сосын дейсің бе? Сосыны қиын боп тұр ғой. Егер алда-жалда Махмуд-Сұлтан 
қашып  кетсе,  мен  сендердің  қас  жағыңның  адамы  болып  шықпай- 
мын ба? 
 
—  Сен  Махмуд-Сұлтанды  қашыр-қашырма,  Мұхамед-Шайбанидан  адал 
екеніңді  білемін.  Сол  адалдығыңа  кір  келтірмес  үшін,  бар  қолыңнан  келеріңді 
аямайтыныңа  да  сенемін.  Соны  білгендіктен  осы  қиын  істі  әдейі  өзіңе  тапсырып 
отырмын. 
 
— Менің ерлігімді, адалдығымды бөтен іспен сына... Әлі де болса бұны басқа 
адамға тапсыр. 
 
—  Басқа  адамның  ыңғайы  жоқ.  Ең  сенерім  өзіңсің.  Сенің  жақын  адам  екенің 
тұтқынға  аян.  Кесірлік  істемейді,  айтқаныңа  көнеді.  Көнбесе  көндір.  Түбі  біз  оны 
ажалдан алып қалып, еліне қайтаруымыз керек. 
 
— Онда неге қашырып жібермеймін? 
 
—  Қашыруға  болмайды.  Бұрындық  оны  менен  көреді.  Махмуд-Сұлтанның 
тағдырын Хан Кеңесі шешсін, Хан Кеңесі ажалға қимас... 
 
—  әрине,  мұндай  жағдайда  күні  бұрын  Махмуд-Сұлтанға  да  сыр  бермеуім 
керек  болар...  Хан  Кеңесінің  аты  Хан  Кеңесі,  сен  құтқарғың  келгенмен,  ол  қалай 
шешеді. Бұрындықтың да айтқаны өтіп кетуі ғажап емес қой! 
 
— Иә, ал өзіңнің бар борышың — біз Отырардан қайтқанша Махмуд-Сұлтанды 
аман сақтау. 
 
Саян жымиып күлді. 
 
— Оңай борыш екен! Жақсы, қолдан келгенін аямаспын. Қашан жүрейін. 
 
— Бүгін. Сақтықта қорлық жоқ, Махмуд-Сұлтанды кісендеулі ұстарсың. 
 
— Жақсы. 
 
Сол күні түнде қол-аяғы кісендеулі Махмуд-Сұлтанды Созаққа жүргізіп жіберді 
де,  ертеңіне  Бұрындық  пен  Қасым  қалың  әскерін  соңдарынан  ертіп  Отырарға 
аттанды.  Бұдан  екі  тәулік  бұрын  Мұхамед-Шайбани  тыңшылары  арқылы 
Бұрындық  ханның  Отырарға  аттанғалы  жатқанын  естіген.  «Тоқал  ешкі  мүйіз 

309 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
сұраймын деп құлағынан айырылыпты» дегендей, Яссыны аламын деп жүргенде 
өз  бекінісімнен  айырылып  қалармын  деп,  жедел  жүріп  Отырарға  жетіп  үлгірген. 
Отырардың  бекінісі  Яссыдан  да  берік  соғылған.  Қаланы  қоршаған  биік  қамал, 
етегінде  терең  қазылған  жалпақ  ор.  Қамал  шеттері,  жоғарыдан  садақ  атуға 
ыңғайланып  істелген  үзеңгі  тесік.  Төмендегі  жау  садақ  оғын  қанша  атса  да  ар 
жағындағы адамға тигізе алмайды. Үзеңгі тесікке дәл тиген күнде де, жуан қиғаш 
қабырғаның  не  төменгі,  не  жоғарғы  жағына  барып  қадалады.  Ал  қамалды  бұзу 
тіпті мүмкін емес. Биіктігі қырық, жуандығы жиырма құлаш, қаттылығы тастан кем 
емес  сұр  балшық  шымнан  құйылған...  Бір  жыл  қаладан  ешкімді  шығармасаң  да 
ішіндегі  азық-түлігі  жұртқа  жетеді.  Отын-суы  да  мол.  Үй  ара  қазылған  шыңырау 
құдық.  Қамал  тұрғындарына  қарағанда  сырттағы  жаулап  алуға  келген  Бұрындық 
пен  Қасым  әскерінің  халі  анағұрлым  нашар.  Қылтаңы  жоқ  құба  жон.  Көктен 
күйдірген күн, көріктей үрген ыстық жел. Дариядан  бұрылған су да лайлы, ішсең 
таңдайыңа  топырақ  дәмі  тұрып  қалады.  Шай  қайнатсаң  ғана  сусынға  жарайды. 
Оның  үстіне  осыншама  әскерді  ұстау  үшін  қаншама  азық-түлік  керек.  Бір  ай 
өткесін-ақ жұрттың елдеріне қайтқысы келе  бастады. Бірақ  бір  беткей  Бұрындық 
көнбеді.  Қала  ішіндегі  жасырын  адамдары  арқылы  Мұхамед-Шайбанидың 
әскерінің  аз  екенін  бұрыннан  да  білетін.  Ол  енді  қамалдың  астын  қазып,  қалаға 
кіретін үңгір-жол жасатуға кіріскен. Бүгін-ертең бітіп те қалар. Ал қалаға бір кірсе 
болды,  Мұхамед-Шайбаниды  қолға  түсті  дей  бер.  Махмуд-Сұлтан  тұтқында,  енді 
Мұхамед-Шайбаниға  қолы  бір  жетсе  болғаны,  қос  бөрінің  ыстық  қанын  бірден 
ішіп, жауынан кегін алмақ. Оларды өлтірсе жері кеңімек. Бірақ Бұрындықтың бұл 
ойы  болмай  қалды.  Қазақ  әскері  жер  астын  үңгірлеп,  өзімен  өзі  әлек  болып 
жатқанда,  Отырарға  жәрдемге  Ташкенттің  әміршісі  Сұлтан-Махмұд  хан  жіберген 
үш  мың  әскер  келді.  Бұл  әскердің  таң  ата  қаланың  солтүстік  қақпасынан  кіріп 
кеткенін Бұрындық пен Қасым ертеңіне бір-ақ білді. Енді қамал астын қазудың бос 
әуре екенін екеуі  де түсінді. Жер астымен кірген әскерді  мына үш мың қол үңгір 

310 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
алдында  тұрып  алып  шыдатпайды,  қанды  босқа  төгуден  бөтен  қазақ 
жауынгерлерінің табар пайдасы жоқ. 
 
Бұрындық бес мың қолмен сол күні Созаққа қайтып кетті. Бір жетіден кейін бар 
әскерін  жинап  Қасым  да  қозғалды.  Созаққа  таяғанда  алдарынан  шапқыншы 
көрінді.  Бөрік  астынан  бөрі  шыққан    дүрбелең  заман,  «тағы  не  болып  қалды?» 
деп,  әскер  басында  келе  жатқан  Қасым  мен  серіктері  құйындата  шапқан  салт 
аттыға қобалжи қарады. Сөйткенше болған жоқ, астындағы құладын бестісін терге 
сабылта шапқыншы да келіп жетті. Қасымның кіші інісі Жәдік екен. 
 
— Ассалаумағаликом, — деп ентіге сәлемдесті ол, астындағы атын тыпыршыта 
ойнатып. 
 
— Уағаликумассалам, — Қасым сәлем алды, — жарқыным, шабысың тым суыт 
екен, ауыл-аймағың аман ба? 
 
— Бәрі де аман... Тек бір болмашы жаман хабар жеткізгелі келіп тұрмын. 
 
— Қандай хабар? 
 
 
— Тас үйшіктен Махмуд-Сұлтан қашып кетті. Қасында бір күзетші серігі бар. 
 
— Батыр Саян қайда еді? 
 
— Жандарында ұйықтап кеткен батыр Саянды бауыздап қашқан. 
 
Жәдіктің  айтуынша  оқиға  былай  болып  шықты.  Тас  үйге  қамалған  қол-аяғы 
кісендеулі  Махмуд-Сұлтанды  Саян  көзінің  қарашығындай  сақтайды.  Сырт- 
тағы  күзетті  былай  қойғанда,  біреу-міреу  сұлтанды  жазым  етіп  жүрмесін  деп  өзі 
үнемі, бір Маңғыт жігітімен бірге, тас үйдің ішінде қонып жүреді. Махмуд-Сұлтан 
батыр  Саян  жоқ  кезде,  сірә  «сені  жетістірем»  деп  Маңғыт  жігітімен  тіл  тапқан 
болуы  керек,  бір  күні  түнде  батыр  Саян  ұйықтап  кеткен  кезінде,  қатар  жатқан 
Маңғыт жігіті ананың тамағынан қанжарымен орып жіберіп өлтіреді. Сөйтет те тас 
үйдің  іргесін  кісі  сыятындай  тесік  етіп  қазып,  Махмуд-Сұлтан  екеуі  қашады. 
Сыртқы 
күзетшілер 
үй 
іргесінің 
үңірейіп 
жатқанын 
тек 
таң 
ат- 
қасын  көреді.  Жан-жаққа  ат  шаптырып,  іздеу  салады,  бірақ  қашқындар  жер 
астына кіріп кеткендей, үшті-күйлі табылмайды. 

311 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет