Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет105/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Әбілқайыр тағы да ойға шомды. «әрине, Жәнібек пен Керей Ақжолдың құнын 
сұрап хан ордасына төнеді. Міне, сол кезде жекпе-жекте өлген батырдың дауы 
арқылы елге бүлік салайын деп жүрсіңдер деп, біржолата көздерін құртып жіберу 
керек. Сөйтсем мен тобыр көзінде Дәшті Қыпшақ бірлігін ойлаған хан боп қалам. 
Ал тобыр солай түсінсе қос сұлтанның өлімдері де елеусіз өтеді». Сол күні ол 
өзінің Орда күзет әскерінің баһадуры Найман Қара Оспанды шақырып алды. Оған 
ертеңнен бастап Орда-Базардағы хан әскерін ұрысқа дайын ұстауын бұйырды. 
Соңғы кезде Жәнібек пен Керей жағына іш тарта бастаған Найман баһадуры хан 
бұйрығын Жәнібек сұлтанға жеткізді. Кенет секем алған сұлтан өз жігіттеріне 
аттарын 
белдеуде, 
найзаларын 
босағада 
ұстау- 
ды ескертті. 
Дәл осы кезде Ақжол би жанында үш аңшы серігі бар, қаршыға салмақ боп 
қазақтың көне мәдениетінің кіндігі болған қарт Арғынаты тауларының 
бөктеріндегі бір кезде Барақ хан Ордасы тұрған Барақкөл маңына саяхатқа 
шыққан. Жаз бойы құсбектері той-думанда жүріп, тұғырларында ұзақ отырып 
қалған қанды балақ, қызыл көз қаршығалар аңшылардың әбден айызын 
қандырған. Қырдың шоқтай қызыл түлкілері мен қара қылшықты қарсақтарын 
қиядан іліп, Ақжол би мен серіктерінің көңілін көл-көсір ашқан. Қаршыға салу
қызығына мүлдем батқан саятшылардың ауылдан шыққандарына бір аптадан 
асып кеткен. Осы кезде оларға Жәнібек сұлтаннан «Хан Ордасы қазір ұйқы-тұйқы 
қобалжуда. Аз адаммен аңда жүріп ұқыпсыз боп бір қырсыққа ұшырап қалмасын, 
тезірек Ордаға қайтсын» деген шабарман келген. Заты сабырлы Жәнібек 
сұлтанның босқа мазасызданбағанын Ақжол би бірден сезіп, сол сәтте-ақ 
ауылдарына бет бұрған. Бірақ бұлар ойлаған кездерінде Орда-Базарға жете 
алмаған. Ұлытаудан бері асып, күнгей беттегі тал түбекті құла су Жанғабыл 
өзенінің бойындағы «Орда тіккен» деп аталатын, бір кезде Жошы ауылы қонған 
жерде ат шалдырып жатқандарында, қасында он жасауылы бар, Көксеңгірін 
ойнақтатып Қобыланды батыр үстеріне сау ете қалған. Түсі суық, кигені кереге көз 


113 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет