Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет103/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   316
Әдеби KZ
 
 
бүкіл қазақ қауымы ардақтаған жыршылар да қолдаған. Сол себептен екі 
батырдың дауы өз араларының дауынан аспай қала берген. 
Ал осы дауды түбі Жәнібек пен Керейдің дауына аударсам деген Әбілқайыр әлі 
де болса Қобыланды мен Ақжолдың арасын оқта-текте бүлдіріп отыратын. 
— Ақжол жайында дейсің бе? Оның жайын маған несіне айтасың, — деді хан 
баяу сөйлеп. 
Қобыланды мен Ақжолдың арасындағы өшпенділіктің өзі білетін жайдан 
бөтен, біріне-бірі кешпес жау боларлықтай тағы да бір сырдың барын Әбілқайыр 
білмейтін. Сондықтан екі батырдың арасын тек өз тұрғысынан өршіте түскен. Түбін 
күтіп, өз басына тиер өсек-аяң сөздерге де шыдаған. 
— Батыр Саянды Ақжол қашырып отыр ғой. 
— Білемін... 
— Білсеңіз... Кінәсі қолыңызда тұрғанда... 
Әбілқайыр ақырын күлімсірегендей болды. 
— Өйтуге болмайды. Ақжол жақтағылардың күші мол... 
Қобыланды кенет ашулана қалды. 
— Қандай күш?! ән мен сөз баққан Арғынның көп жігітін айтасыз ба? Рұқсат 
етіңіз, он сойылмен Ақжол бидің аулын тал түсте шауып берейін. 
— Ақжол бидің аулы Жәнібек пен Керей сұлтанның ордаларымен қотандас 
отырған жоқ па? Ақжолды шауып жатқанда олар үндемей қалар ма? 
Қобыланды бұрынғысынан бетер күреңденіп: 
— Үндемей қалмаса тағы мейлі! Онда мен оларды Ақжолмен бірге шабамын. 
Хан тұнжырап кетті. «Жоқ, жоқ, өйткізуге болмайды. Бүгін қара халық 
сұлтандардың ауылын шауып дағдыланса, ертең ханның Ордасына да лап 
беруден тайынбайды. Қардың басын қар алар, ханның басын хан алар. Қара 
халықты басқарудан туған таласымызды Шыңғыс ұрпағы өзіміз шешуіміз керек. 
Мейлі бірімізді біріміз қан жоса етсек, о да біздің ғана шаруамыз. Ал сұлтандар 
тағдырын бүгін қара халыққа шешкізсек, дағды алған бассыз кеткен ноқай тобыр 


111 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет