Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет149/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Ал тілі де, діні де бір қарақалпақтарды өз Ордама қоса салу қиынға түспейді. 
Күншығыс пен оңды-солды жағың — Мауреннахр жері, солтүстік батысың — 
Моғолстан, онымен шектесіп жатқан тағы Дәшті Қыпшақ... Тек Моғолстан өлкесін 
өзіңе бағындырсаң, болғаны. Көк Орда хандығы батысы — Еділ, Қара теңіз, 
оңтүстігі — Хивас, Иран, Ауған, солтүстігі — Тара, Орал ойпаты, шығысы — 
Үндістан, Қытай мемлекетіне дейін созылған ұлы хандыққа айналады. Мұндай 
жерді Ескендір Зұлхарнайын әтиль, Шыңғысхан, Ақсақ Темірден бөтен ешкім 
билеп көрген жоқ. Бесінші ұлы хан боп мен билеймін, жалғанда бұдан артық 
жетер арман бар ма? Бұл опасыз дүниеде бәрі де бір күнгідей болмайды, 
байлығың да, бақытың да өтеді де кетеді... Тек атағың ғана өшпейді. Ал осыншама 
жерді, елді билесең сенің атағың ұрпақтан ұрпаққа кетеді. Бүкіл әлемді топан су 
қаптар күн туса, Нұқ пайғамбардай адамзатқа өлмес атың қалады. Өзің өлсең де, 
тарихта есімің өлмесе, одан артық қандай мәңгі тіршілік бар? Бұдан асып тірі 
пенде не істей алады?» 
Бұл ханның орындалмас қиялы. Демек, Үргенішті алуды арман еткен 
Әбілқайыр Дәшті Қыпшақтың оңтүстік құмайтты жағын қиғаштай жүріп, бір 
аптадан кейін Отырардың солтүстік тұсынан өтетін Сейхун дарияның қамыс, жиде, 
қарағашты жағасына келіп жетті. Құмырсқадай быжынаған қалың қол, белдері 
босаңсыған аттарын тынықтырмақ боп, бір жетіге қостарын тікті. Хан ойынша 
бұлар тынығып болғанша әскерге азық-түлікке он мыңдаған қойды айдап, 
соңдарынан көше қонып келе жатқан көп қараша ауылдары да жетпек-ті. Ал 
қосын келіп қостарын тіккен Сейхун дарияның тұсы өркеш-өркеш асау сұрғылт 
толқындары жұдырықтай тастарды жаңқа құрлы көрмей жұлып ала жөнелетін 
долы еді. Екі жағы бірдей түйелі адам көрінбейтін қалың қамыс, анақурай. 
Бұлардан әрі кигіздей боп тұтасып кеткен тапал бойлы тораңғыл мен жиде ағашы. 
Іші толған сан түрлі аң, құс. Анда-санда бүкіл Дария бойын тітіреткен 
жолбарыстың ақырған ашулы үні естіледі. Сөйткенше «бақ» ете қалған ақбөкеннің 
даусы шығады. 


160 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет