Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет203/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   316
Әдеби KZ
 
 
лашкарларына лап қойды. Арқаның жазық даласында бауырын жаза шапқан 
кілең тоқпақ жал, қамыс құлақ, бөрте мінген қалың қол заматта жау жасақтарын 
жан-жағынан қоршап алды. Бұл Қыпшақ шабуылшыларының ежелгі тәсілі. 
Алдында жайбарақат келе жатқан қалың қолдан мұндай жылдамдықты күтпеген 
Қарашың баһадур кенет туған қауіпті көріп жаман састы. Отыз мың сыпай отыз 
мың садағын бір рет қана тартса орталарында қотандағы қойдай қоршалған он 
мың лашкардан не қалады? Бір адамға үш жебеден. Батырға да жан керек, 
Қарашың бітім сұрады. Бұл оқиға Даираяқтың тақыры, Шотшөт көлінің тұсында 
болған. Кешегі бауырлас рулардың қанын төгуді Жәнібек лайық көрмей бітімге 
келген. Бітім біреу-ақ; «бізге қосылғысы келген лашкарлар бізге қосылсын, ал бізге 
қосылғысы келмегендері екеу ара бір ат мініп, қалған аттарын тастап елдеріне 
қайт- 
сын. Босаған аттардың бәрі бізге қалсын». Қарашың лашкарларының үштен бірі 
Жәнібек жағына шықты. Қалғандарының елдеріне қайтқысы келді. Бірақ екінің 
бірі аттарынан айырылды. Сөйтіп алты мыңдай адам екі-екіден атқа мінгесе мініп 
кейін жүрді. Телікөл-тата тасығанда барып құятын Сегізсай Сарыаланың 
жанындағы сол кезде «Атмінгескен» деп аталатын қия жол содан қалған. 
Әскерінің қалай жеңілгенін естіген Әбілқайыр, бір кезде бүкіл Дәшті Қыпшақты, 
Мауреннахр, Қорасанды бағындырған лашкарларының енді масқара боп, мінгесіп 
қайтқанына жаман қорланды. Ашудан бір орнында отыра алмады. «Тірі жүрсем, 
Жәнібек сұлтан, осы істегеніңді алдыңа келтірмесем, Әбілқайыр атым құрысын» 
деп ант берді. Бірақ антын орындай алмай өтті. Қарашыңның қолын жеңуі — жас 
арыстан қазақ елінің жауына айбарын алғашқы көрсетуі еді. Енді ол жылдан 
жылға есейе түсті. Тағы үш жылдан кейін Керей қайтыс болып, Жәнібекті хан етіп 
ақ кигізге көтергенде, қазақ рулары бастары бірігіп, Шу, Талас, Сарысу, бүкіл 
Көкше теңіз бойын, Дәшті Қыпшақтың солтүстігіндегі Есіл, Нұра, Тобыл өзендеріне 
дейін тегіс алып болған еді. Осы жердің оңтүстігін қыстауы, солтүстігін жайлауы 
етті. Елдің елдігін, ердің ерлігін көрсететін заман енді туды. Тек осы шағын жерде 


219 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет