Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет199/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   316
Әдеби KZ
 
 
ағады. Оңтүстіктен келетін ең алғашқы тармақтары Теріскей Алатау- 
дың оңтүстік жақтағы мұзды қойнауынан шығатын Қарақожыр мен Түлін деген 
ағысы қатты кішкентай тау өзендері. Бұл екі өзен Долан асуынан аса Берік, Нарын 
ойпатының жоғарғы жағынан құятын. Оттық арнасымен қосылып, мыл- 
қау құз, пышақ кесті биік шыңдарды қақ жарып, Жуанарық деген атпенен Теріскей 
Алатаудан өтіп, солтүстікке қарай айбарлана гүрілдеп бет алады. Жуанарық тұсы 
бір ғажап жер, арасы тар, күңгірт биік жартастар. Ортасында ақ көбік атқан
қазандай-қазандай тастарды түйіршіктей домалатқан арқыраған долы өзен. Суық, 
ызғарлы сұлулығымен тек ертегілерде ғана кездесетіндей адам баласын таң 
қалдырарлық бір ғажайып сурет. Осы жал-жал құздар арасынан солтүстік-
күншығысқа қарай беттеген Қошқар деген өзенді қосып, Шу Ыстықкөл мен 
Күтемалды өзені арқылы ұлғайып, етегін жая Күнгей Алатаудың қойнауынан 
бұрқырай өтіп, солтүстік-күнбатысқа бұрылады. Бұдан кейін Шу Алатауды 
бөктерлей отырып, қырғыз жерін баса жолай Үлкен Кебін, Кіші Кебін секілді 
бірнеше өзендерді өзіне қоса, ақырында Мойынқұмның күншығыс жағынан 
барып шығады. Шу құмға жетісімен күнбатысқа қарай бұрылады. Енді 
бұрынғыдай емес, ағысы саябырлана түседі. Бөлшектене бастайды. Жағасын 
қалың қамыс басып, кей жері сорға айналады. 
Ақырында Сейхун дариядан бір көш жерде тұратын Саумалкөлге барып құяды. 
Бұл көлдің күнбатыс жағында бірімен-бірі ұсақ өзендер арқылы жалғасып жатқан 
бірнеше суы ащылы, тұщылы көлдер бар. Солардың ең үлкені Телікөл. Телікөлге 
қазақ даласын аралай кеп Сарысу құяды. Кей қарсыз жылдары Сарысу Телікөлге 
жете алмай, орта жолда Қызылжыңғыл маңайына барып құмға сіңіп жоқ болады. 
Шу өзенінің Мойынқұмды көмкере күнбатысқа бұрылатын сағасынан ауыл бес 
күн көшерлік жерде Көкше теңіз — Балқаш көлі бар. Телікөл айналасы желген атқа 
бір күндік жер болса, Көкше теңіз аумағын, ұшқан құс екі-үш рет қонбай айналып 
шыға алмайды. Ұшы-қиыры жоқ дала... Балқаш көліне үлкен бес өзен құяды: Іле, 


215 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет