Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет47/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Хайдарды Самарқантқа хан еткелі тұрғаныңызда» дегеннен кейін ханымның 
қылығын қазбалай бермеген-ді. 
«Сол өсекті қазір қайта шығарғанда не таппақ? Ондағы күннен қазір Ақсақ 
Темір немерелерімен арасы жақын тұр ма? Мен мұны өлім жазасына бұйырсам 
жұрт не дейді? Күнәсі ашылмаған батырды өлімге қиды... Бұны хан баяғы өсектің 
салдарынан істеп отыр демей ме? әрине, сөйдейді. Өсек те бір, күйе де бір. Көзіме 
айтпағанмен жұрт солай жориды. Одан да өз басыма кір келтір-мегенім жөн емес 
пе? Иә, сол жөн. Бірақ мына жігіттің күнәсін қалай кешем? Білмеген болып 
үндемей қалуым жөн бе? Қара қазаққа намысымды таптатып қойсам, жұрт мені 
батылы бармады дейді ғой! Жоқ, жоқ бұл жігіт өлуі керек!». 
— Бұл жігіттің тағдырын Шах-Будақ сұлтанның асы өткен соң шешеміз, — деді 
дәйекші мен жігітті алып келген нөкерлеріне, — қайғылы ас алдында... қаһардан 
қайта тұралық. Әкетіңдер! 
Жігіт сәл басын иді де кілт бұрылды. Жендеттер оны тысқа қарай айдай 
жөнелді. Ең соңынан шығып бара жатқан дәйекшіге естірте хан: 
— Сақ болыңдар. Көздеріңнің қарашығындай күзетіңдер, — деді. 
Дәйекші басын иді. 
— Құп, тақсыр. 
Ханның айтқаны шындық еді. Шығыс халқының әдеті бойынша «он бесте отау 
иесі». Әбілқайырдың Маңғыт әйелінен туған тұңғышы Шах-Будақ өткен жылы 
дүние салған. Хан осы сүйікті ұлының үш күннен кейін асын бермекші. Ас беру — 
жерлеу емес, Дәшті Қыпшақ елінің дәстүрі бойынша үлкен той. Асқа Дәшті 
Қыпшақ пен Мауреннахрдың игі жақсылары қатысады, сайысқа атақты батырлар 
түспек! Қыпшақтың от ауызды, орақ тісті, қарға бойлы Қазтуған жырауы мен 
Арғынның ақсандақ жүйрігі, сексеннен асып кеткен, Ақжол бидің әкесі Қотан 
жырау айтысады. Төрешіге Үйсін Майқы бидің алтыншы буыны ұлы сыншы, халық 
ардагері, жүзден асып кеткен Асан Қайғының өзі келмекші. 


49 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет