Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет266/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   316
Әдеби KZ
 
 
әмірлері Аббас бек, Мұса бек, Жаңбыршы бекке, «бәріміз бірігіп Шайх-Хай- 
дарға қарсы шығайық» деп кісі салды. 
Ежелден Әбілқайырға қарсы хан, сұлтан, бектер әскерімен тез-ақ жиналды. 
Киік лағын өргізген қара суықтың алдында Яссы мен Сауранның ортасындағы 
етрақ далада жүз мыңдаған қалың қол кездесті. Жәнібек әскерінің саны артық 
болғанымен, Қарашың батыр бастаған Көк Орда әскері алғызбады. Жәнібек, 
Айбақ, Мұса, Жаңбыршы бірнеше мәртебе қарсы шапты, бірақ сауыт бұзар болат 
ұшты жебе жаудырған Шайх-Хайдар әскері маңайына жолатпады. Бірнеше рет 
өздері қарсы шабуылға шықты. Нұраның Қаратұзындағы айқастан бері қазақ 
хандарына тісін қайрап жүрген Қарашың батыр, күйеу баласы екеніне қарамай, 
Бұрындық сұлтанның әскеріне өзгеден көбірек өшіге ұмтылды. Бұрындықтың 
баяғы өзіне істегенін алдына келтірмек боп, қолына арқанын алып қырғын 
ұрыстың ішінен талай аңдыды. Бірақ сұлтанды қоршаған кілең сайгүлік мінген 
қарулы ер жігіттер жуытпады. Кейде өздері қолға түсе жаздап әзер құтылды. 
Қарашың нұсқауымен сұлжық түрікмендерінің атақты жасағы Жәнібекке де сан 
ұмтылды. Бірақ баяғы Нұраның Қаратұзындағы оқиғадан кейін Жәнібек ханның 
өзін қорғайтын екі жүз алдаспанды арнаулы қосынын басқаратын батыр Саян, хан 
үстіне түйілген қылышты сан рет найзасымен қағып, ханды жәбірейілдей қорғап, 
майдан ортасынан аман алып шыға берді. Осылай екі аптадай салғыласқан қазақ 
әскері ақырында, күздің қара суығы келе Сығанаққа кейін шегінді. Жау жағының 
қайтқанын көрген Шайх-Хайдар хан енді өз әскерін тарата бастады. 
Әбілқайыр Ордасы қастарының да күткені осы еді. Шайх-Хайдар хан 
жауынгерлерін таратып болып, қалған бес мың қолмен ертең Самарқантқа қайт- 
қалы тұрғанында, кенет Әбілқайырдың ескі жауы сұлтан Ахмет ханның жиырма 
мың жақсы қару-жарақты әскерін ертіп, Айбақ хан бір бүйірден сау ете қалды. 
Шайх-Хайдар тарап кеткен қолына жиналсын деп бұйрық беріп, ат шаптырғанмен, 
жөнді әскер жиналып үлгермеді. Амал жоқ, жиырма мың әскерге бес мың қолмен 
қарсы шығуға тура келді. Шайх-Хайдар жайшылықтағы жүрексіздігін қойып, осы 


286 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет