Ахмет Яссауидің «Диуани хикметі» және сопылық ілімі



бет1/3
Дата17.11.2022
өлшемі1,27 Mb.
#50891
  1   2   3

Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Ахмет Яссауидің «Диуани хикметі» және сопылық ілімі.


Жоспары:

Ахмет Яссауидің өміріне қысқаша шолу
Қожа Ахмет Яссауи –сопылық дүниетанымның негізін қалаушылардың бірі,есімі ислам әлеміне мәшһүр ойшыл қайраткер,аса көрнекті ақын. Ақынның толық аты-жөні: Хазірет Сұлтан Шейх-ул Ислам Қожа Ахмет Яссауи.
Диуани Хикмет
Диуани хикмет, «Ақыл кітабы» – Қожа Ахмет Ясауидің сопылық идеясын жыр еткен, этикалық-дидактикалық мазмұндағы әдеби шығармасы.
Ақын өз кітабын қыпшақ даласы мен Орталық Азия түркілеріне кезінде түсінікті болған шағатай тілінде жазған. Мұның өзі араб тілінде жазылған Құран Кәрім мен түрлі хадис, тәпсірлердің күрделі қағидаларын жергілікті түркі халықтарының түсініп оқуына мүмкіндік берді. «Диуани хикмет» – көшпелі елдің ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделіп, түркі халықтары фольклорының тілдік-стильдік, модельдік тәсілдерін зор шеберлікпен пайдалана отырып жазылған көркем туынды. «Диуани хикметтің» түпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы XV ғ-дың орта кезінде араб әрпімен көшірілген. Бертін келе «Диуани хикмет» Қазан (1887–1901), Ыстамбұл (1901), Ташкент (1902–11) баспаларынан жарық көрген.
Диуани хикметтің идеялық мазмұны
Ақынның «Диуани хикмет», «Мират-ул Қулуб» және «Пақыр-наме» деп аталатын шығармаларын Ахмет Яссауидің сопылық ілімінің,дүниетанымы мен философиясының теариялық негізі болып табылады.
Ахмет Яссауидің дүниетанымының жалпы желісін екіге бөліп қарастырған жөн:
Біріншісі- моральдық-этикалық
Екіншісі- сопылық хикметтер деп аталады.
Диуани хикметтің көркемдік ерекшелігі
1.«Диуани хикмет» көбінесе 11 буынды не 12 буынды болып келеді. Төрт тармақтан бір шумақ құрайды.
2.Ұйқасы бізге тым жақын. Сырттай алып қарағанда а-а-а-ә,б-б-б-ә ұйқасымен келіп отырады.
3.Рас ақын араб-парсы әдебиетінде кең қолданылған ұйқастарды пайдалана отырса да,соның ішінен біздің қара өлең ұйқасына жақын үлгнілерді әдейі таңдап алған тәрізді.
4.Қожа Ахмет Яссауидің «Даналық кітабы» ежелгі түркі поэзиясы мен қазақ әдебиеті арасындағы дәстүрлі байланысты айқындай түсетін бейнелі сөздер,ұтымды теңеулер жиі ұшырайды.
5.Айталық,мұнда Ахмет Яссауи көңіл бағы,көңіл құсы,иман нұры,заһар көзі,күйген көбелек,махаббат бостаны,хақиқат дариясы,ит нәпсіні өлтіру сияқты ұғымдарды сөз зергері ретінде шебер пайдаланған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет