Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет279/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   316
Әдеби KZ
 
 
мазардың жанында тағы бір салтанатты алтын айлы мазар пайда болды. Тірі 
жүргендерінде бүкіл Дәшті Қыпшақтың кең даласына сыймаған қос тарлан, енді 
он шаршы құлаш жерге қатарласа көмілді. Өмір татуластыра алмаған екі ханды, 
енді өлім татуластырды. 
Жәнібектің қырқын берісімен ел жиылып, кезегіне қарай Керейдің өзге 
ұлдарынан батыр туған Бұрындықты ақ кигізге көтеріп хан сайлады. Бұрындық хан 
болысымен Әбілқайырға еліктеп жұртты отырықшылыққа бейімдей бастады. 
Бөген мен Шілік өзенінің түйіскен жеріне өзінің астанасы Бұрындық деген қала 
салуға кірісті. Екі жағында екі өзен, түйіскен жерінің алдыңғы жағынан қамал 
жүргізді. Бірақ бұл қаланы салып бітіре алмады. Самарқантқа қашқанында әдейі 
кісілер жіберіп өртеп кетті. Бұл арада осы күнге дейін жұрт Бұзық деп атап кеткен 
қорғанды қала орны әлі тұр. Бұрындық хан болған дәл осы күндері Ташкент, Яссы, 
Отырар шаһарларын билеп отырған моғол хакімдері мен Темірлан әмірлерінің 
жинап берген әскерлерін басқарып Мұхамед-Шайбанидің інісі Махмуд-Сұлтан 
Созаққа аттанды. Бұ жолы да қырғын ұрыс болды. Қан судай ақты. Тағы да 
Әбілқайыр балалары жеңіліп кейін шегінді. Бірақ Махмуд-Сұлтан Созақ билеушісі, 
Жәнібектің ортаншы ұлы Махмұт-Сұлтанмен жекпе-жекке шығып, найзамен үстіңгі 
ерні мен мұрынын алып түсті. «Шайбани-намеде» айтқандай, «тағдыр басындағы 
бар ақылын мұрнынан қан етіп ағызды». Бірақ аттан құлап түскен Махмұт 
сұлтанды қазақ жауынгерлері жау қолына қалдырмай бірден ат қойып аман 
құтқарды. 
Бір халықты өзбек, қазақ деген екі елге бөліп алған хандар тартысы шиеленісе 
түсті. «Бұл тартыстың аяғы немен тынбақ?» — Өзгеден гөрі Қасым сұлтан көбірек 
ойланды. Күрестің алғашқы кезеңі аяқталған тәрізді. Анасының анты орындалып, 
өзін Қасым үшін құрбан етті. Ал әкесі Жәнібек, он жыл бұрын айтқанындай
Мұхамед-Шайбанидың өзінен болмаса да, оның жауынгер батырынан қаза тапты, 
туған ағасы Мұхамед-Шайбанидың інісі Махмуд-Сұлтаннан бет-аузы адам 
қарағысыз боп жараланды... Бәрі осыдан он жыл бұрын анасына ант берген 


300 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет