«Космология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Оқу мақсаттары: 11.10.1.3.–көрінерлік және абсолют жұлдыздық шаманы анықтау үшін формулаларды қолдану;
11.10.1.4. – Күннің сәулеленуін сипаттау үшін Стефан-Больцман және Винн заңдарын қолдану;
11.10.1.5 -Жұлдыздар эволюциясын түсіндіру үшін Герцшпрунг-Рассель диаграммасын қолдану;
Бағалау критерийі Білім алушы
Көрінерлік және абсолют жұлдыздық шаманы анықтау үшін формулаларды қолданады және есептеуді жүргізеді;
Күннің беттік температурасын анықтау үшін Стефан-Больцман заңын қолданады;
Герцшпрунг-Рассель диаграммасын қолдана отырып, тұжырымдамалардың дұрысы мен қатесін анықтайды;
Ойлау дағдыларының деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты
25минут
Тапсырмалар 1.Альтаир жұлдызының көрінерлік жұлдыздық шамасы 0.77m. Ол 16.8 жарық жылына тең қашықтықта орналасқан. Альтаир жұлдызының абсолюттік жұлдыздық шамасын анықтаңыз. [3]
2.Радиусы 7×105 км болатын Күн бетінің температураны анықтаңыз. Күннің жарқырауы 3.84×1026 Вт, δ=5.67×10-8Вт/м2К4. [2]