1.Троптың түрлері
2.Фигураның түрлері
3.Тілді құбылту мен айшықтау құралдарының
қызметтері
|
А.Байтұрсынов троп түрлері туралы: “Тіл көрнекі болу үшін дерексіз нәрсе деректі нәрседей, жансыз нәрсе жанды нәрседей суреттеліп, адамның сана-саңлауына келіп түсерлік дәрежеге жетуі керек. Қалыпты түріндегі сөз ондай дәрежеге жету үшін түрлі әдістер істеледі. Ол әдістер негізгі түріне қарай үш топқа бөлінеді:көріктеу,меңзеу ,әсірелеу дейді.Мысалы, Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса да (Абай)
Орысым — тағдырласым, Өмірде жан сырласым,Оқуда әліптесім; Өнерде әріптесім.(М. Әлімбаев.)
Қазақ ақыны орыс ақынымен тағдырлас екенін,әріптес екенін кең толғайды.Бұл арада бір шумақ өлең тү-гелдей ауыстыруға — күрделі метафораға айналып кеткен.
З. Қабдолов «Сөз өнері» атты монографиялық еңбегінде құбылтудың түрлеріне анықтама береді. «Құбылту - сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту. Бұл ретте əдеби тілді ажарлау оны құбылтудың алғашқы кезеңі – ең қарапайым түрі деуге болады»
Т.Қоңыров: “Теңеу категориясы бүкіл бейнелеу, көркемдеу тəсілдерінің ішіндегі ең бастысы, ең пəрмендісі. Бейнелеу тəсілдерінің барлығы да өз бастауын осы теңеуден алады. Сондықтан болса керек, белгілі бір ұлттық əдебиеттің бейнелеу, көркемдеу жүйесі, оның көркем ойлауының ұлттық ерекшелігі бүкіл бедерімен, күллі бояуымен теңеу категориясынан айқын көрініп тұрады”,- дейді.
З.Қабдолов Сөз өнері:
Ажарлау: ассонанс, аллитерация, эпитет, теңеу.Троп (құбылту): метафора, кейіптеу, символ, аллегория, синегдоха,метонимия, сарказм, ирония, гипербола, литота, табу, эфемизм.Фигура: арнау – жырлай, арнай, сұрай; қайталау – жай, еспе, әдеби,
Кзекті; антитеза; градация – түйдектеу, баяндау; инверсия; эллипсис;параллелизм.
Мысалы:Бұлт жатыр биік таудан жастық алып. (эпитет, кейіптеу)
|
Троп,фигура түрлері және тілдік құбылтулар әдеби тілімізді ажарлап,сән бергендей болады.Алайда жазушы құбылту құралдарын көркем шығарманың әсемдігі,ажарлылығы үшін емес ,нақты шығармашылық қажеттіліктен қолданады..Яғни , көркем шығармадағы оқиға құбылысының аса мәнді қасиетін анық,әрі көркем жеткізу үшін қолданады.
Т.Айбергенов:Ұқсаған көктегі ай асқан шамға – (метафора)Аспанға бейне шоқтан басқан таңба.«Жұлдыздан жез шегедей жымыңдаған» Шашылған ақ шекердей дастарқанға.
Бұл өлеңін қарап тұрсақ ,өлеңнің басында метафораны,ал шегелей,шекердей деген теңеулерді байқаймыз.
Троп ішінде метафораға тоқталсақ екі затты , я құбылысты жақындату салыстыру мақсатында қолданылады.
А.Құнанбайұлы өлеңдерінде жиі кездесіп жатады.Қыс өлеңінің өзінде-ақ кейіптеу қолданылған:жансыз затты ,яғни қыс мезгілін адам мінезімен суреттеп тұр.
|