Мұғалімдерге оқушыларды зерттеуге, қызығушылығын арттыруға, білім сапасын көтеруге, мұғалімдердің кәсіби деңгейін жоғарлатуға, бірлесіп жұмыс жасауға мүмкіндік беретін педагогикалық тәсіл туралы түсінік беру.
Мұғалімдерді болашақта мектебімізде Lesson Study-сабақтарын ұйымдастырып, өткізуге ықпал ету.
Оқу нәтижесі
«Lesson Study» әдісі туралы түсінік қалыптасады,
• Шығу тарихы, таралу елдері туралы мағлұмат алады.
• Бұл тәсілдің мұғалімдер мен оқушыларға, оқу мен оқыту сапасын көтеруге мүмкіндік беретін тиімді жақтарымен танысады.
• Өз тәжірибелерінде қолдануға бағыт- бағдар алады, сыни ойлаулары дамиды.
Түйінді идеялар
Lesson study - сабақты зерттеу, зерделеу, білімді жетілдіруге бағытталған педагогикалық тәсіл
Сабақта қолданылатын материалдар
Слайд-презентация, видеожазба, тренингтер, маркерлер, үлестірме материалдар
Берілген материалды барлық оқушы меңгеріп, бірдей дәрежеде игеріп кетеді деп ойлайсыз ба?
2. Күнделікті сабақтарыңызда барлық оқушыны қамтып, бақылау жасауға мүмкіндік бола ма?
3. Берілген материал бойынша сұрақтарға барлық оқушы өз пікірлерін білдіріп, жауап беру үшін не істейсіз?
4. Мұғалімге өз сабағында барлық балалармен жеке жұмыс жасауына мүмкіндік бар ма?
5. Қабілет дағдысы орташа немесе әлсіз оқушыларға көмек, қолдау көрсетуде қандай әдіс-тәсілдер қолданар едіңіз?
6. Сабағыңызды жоспарлауда немесе сабақты зерттеп, бақылауда басқа әріптестеріңізбен бірлесіп жұмыс жасайсыз ба?
7. Сабақ барысындағы оқушының іс-әрекетін зерттеу сапалы білім берудің -кепілі деген пікірмен келісесіз бе? Неге?
8. Сыныптағы оқушыларды зерттеу барысында сізгі қандай іс-әрекеттерді жүргізу маңызды деп ойлайсыз?