Коучинг және тәлімгерлік
Коучинг дегеніміз не?
Коучинг (ағылш. coaching — оқыту, жаттықтыру) —
консалтинг және тренинг әдісі.
Бұл – әріптестердің құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Оның барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, коуч тарапынан рефлексивтік диалогқа тарту негізінде екінші мұғалім өз жұмысының жекелеген салаларын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып, анағұрлым жоғары сапалық деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді.
Коучингті меңгерген маманды
«коуч» не
«коучер» деп атайды.
Коуч-тәжірибелі мұғалімдерге ойлау және шығармашылық үдерістерінің көмегімен мектепте жақсы тәлімгер болуға көмектесу үшін өздеріне куратор рөлін қабылдаған педагогтер.
Коучтер мұғалімдерге өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектеседі.
01
02
03
04
05
06
Коучингтің ерекшелігі:
қарым-қатынас ұзақтығы алдын-ала белгіленеді;
құрылымдық сипатта болады, кезедесулер алдын-ала жоспарланады;
кездесулер қысқа мерзімді (уақыты шектеулі) және дамудың нақты бағыттарына / мәселелеріне бағытталады;
коучинг білім алушылардың нақты дағдыны қалыптастыруға бағытталады;
басты назарда, кәсіби/өндірістік проблемеларды шешу;
кеңес беру мақсаты нақты, қысқа мерзімді мақсаттарға қол жеткізуге бағытталады.
Өте табиғи, яғни коучингте жалпылау немесе жалпылама шешім деген жоқ. Әр қойылған мақсат, әр табылған шешім сол адамның не компанияның ерекшеліктері мен артықшылықтарына тән болады;
өте икемді, коучинг өмірдің кез-келген саласында қолдануға мүмкіндік береді, өте тиімді, коучингті қолдану арқылы уақытты да, ақшаны да әлдеқайда тиімді етіп қолдануға болады;
адамды жауапкершілікке тәрбиелейді, жауапкершілік өте кең және терең мағынасында. Жауапкершілік — өз өміріңе, өз сөзіңе, өз нәтижеңе, өз көңіл-күйіңе, тағысын тағы…
адамды өзінің шын арман-мақсаттарымен, құндылықтарымен түйістіре
Коучингтің артықшылықтары
Тәлімгерлік – ұзақ уақытқа созылатын ,тәлімгер (тәжірибелі, озық педагог) мен тәлім алушы (тәжірибесі аз педагог) арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үрдісі. Ол тәлім алушының педагог ретінде қалыптасуы мақсатында өзінің білімін, ойлауын, тәжірибелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруде айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі. Тәлімгерлік ету барысында тәлімгер өзінің білімімен , тәжірибесімен бөліседі, ал тәлім алушы еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемелерды шешу жолдарын іздейді.
Тәлімгерліктің ерекшеліктері:
Ұзақ уақыт бойы жалғасуы мүмкін болған жүйелі қарым-қатынас орнатылады;
Кездесулер тәлім алушының қажетіне қарай бейресми сипатта өтеді;
Кеңестер ұзақ уақыт және көп аспектілі негізде көрсетіледі;
Тәлім алушының қызметкер ретінде және тұлға ретінде өсуіне басты назар аударылады;
Тәлімгерлік тәлім алушылардың кәсіби дамуына бағытталады.
Коучинг пен тәлімгерліктің негізгі үш мәселесі
Мәнмәтін
Өзектілік
Жүйелі тәлімгерлік
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |