Көз және лор – ағзалар зақымданулары кезіндегі диагностикалау және жедел көмек көрсету алгоритмі



бет4/10
Дата22.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#58877
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
27005 (1)

Көз алмасының жарақаты

  • Зақымдану тереңдігіне байланысты көз жарақаты тесілген және тесілмеген болып 2-ге бөлінеді.
  • Диагностикасы: көздің шаншып ауырсыну, «көзге құмның түсіп кетуі» сезімінің болуы, науқастың жарыққа қарай алмауы, көрудің нашарлауы. Объективті: науқастың жарыққа қарай алмауы, көзінен жас ағуы, қабақтың спастикалық жиырылуы. Көзді қарау алдында жансыздандыратын дәріні тамызып алады.

Жедел көмек: жарақат алған жерде көзге ауырсынуды басатын ерітінді және сульфацил натрийдің 20-30% ерітіндісін (альбуцид) тамызу керек. Тасымалдау уақытында ауырсыну қайта мазаласа, ауырсынуды басатын ерітіндіні тамызу қажет. Тездетіп науқасты офтальмологиялық стационарға немесе травмпунктке жеткізу керек.

  • Жедел көмек: жарақат алған жерде көзге ауырсынуды басатын ерітінді және сульфацил натрийдің 20-30% ерітіндісін (альбуцид) тамызу керек. Тасымалдау уақытында ауырсыну қайта мазаласа, ауырсынуды басатын ерітіндіні тамызу қажет. Тездетіп науқасты офтальмологиялық стационарға немесе травмпунктке жеткізу керек.

Қасаң қабықтың жарақаты - тесілуі

  • Қасаң қабықтың тесілуі склераның тесілуіне қарағанда 2 есе жиі кездеседі. Өйткені қасаң қабық тек қабақтармен қорғалады, ал склера жан-жағынан көз шарасының сүйектік қабырғаларымен қорғалып тұрады.
  • Диагностикасы: көзінің ауырсынуы, науқастың жарыққа қарай алмауы, көруінің нашарлауы немесе мүлдем көзінің көрмей қалуы.
  • Тесілу жарақаттарына абсолюттік және салыстырмалы белгілер тән.

Абсолюттік белгілері: сыртқа көздің ішкі құрамының және ішкі қабықтарының шығып кетуі, көздің ішінде бөтен дененің болуы.

  • Абсолюттік белгілері: сыртқа көздің ішкі құрамының және ішкі қабықтарының шығып кетуі, көздің ішінде бөтен дененің болуы.
  • Салыстырмалы белгілері: алдыңғы камераға қан құйылу,
  • көз қарашығының деформациялануы мен орнынан ығысуы, нұрлы қабықтың зақымдануы, көз бұршағының (хрусталик) қараюы (помутнение), қөз ішілік қысымның төмендеуі. Жарақат кезінде сыртқа шыққан көздің тамырлық қабаты қара түйінге ұқсап тұрады. Кейбір дәрігерлер белместен, оны бөтен дене екен деп алып тастайды. Нәтижесінде бұл соқырлыққа алып келеді. Сондықтан көзде тұрған бөтен денені бірден алып тастамау керек. (бөтен дене қабақтың конъютивасында, яғни көздің беткейінде тұрса алуға болады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет