Көздің ультракүлгін сәулесімен зақымданғанында, әсіресе жиі арнайы көзді қорғайтын құралды қолданбай электродәнекерлеуші (электросварка) жұмыстарды істегенде болады. Сонымен қатар, альпинистерде күннің ультра күлгін сәулесімен зақымданғандарында болады.
Диагностикасы: науқастың мүлдем жарыққа қарай алмауы, объективті қарағанда: көзден жас ағу, қабақтың спастикалық жиырылуы, конъюктиваның гиперемиясы.
Аурудың латентті кезеңі болады. Клиникалық белгілері зақымданғаннан бірнеше сағаттан кейін мазалайды.
Жедел көмек: 0,5% дикаин, 4 % новокаин немесе лидокаин ерітінділерін тамызу керек. Мұз қою. Науқасты қараңғы бөлмеге отырғызу.
Қабақтың термиялық күйігі
Беттің күйген кезінде болады.
Жедел көмек: анальгетиктерді қолдану, күйген жерді 1% бриллиант көгінің ерітіндісімен тазалайды. Егер тек қана қабақтың күйігі болса, онда науқасты офтальмологиялық стационарға жеткізу. Ал қабақтың күйігімен қатар, дененің басқа да жерлері күйген болса, науқасты күйік орталығына жеткізу.
Диагностикасы: көздің қатты ауыруы, жарыққа қарай алмауы, көздің көруінің нашарлауы немесе көздің толығымен көрмей қалуы. Қасаң қабықтың қараюы (помутнение).
Жедел жәрдем: анальгетиктерді қолдану, 0,5% дикаин, 4 % новокаин, немесе лидокаин ерітінділерін, сульфацил натрийдің 20-30% ерітіндісін (альбуцид) тамызу керек. Жедел түрде офтальмологиялық стационарға жеткізу.
Қабақтың химиялық күйігі
Қышқылдар мен сілтілер әсерінен дамиды. Әдетте бет күйген кезде болады.
Жедел көмек: анальгетиктерді қолдану, қышқылмен күйген жерлерді сода ерітіндісіне малынған жұмсақ тампонмен тазалау. Сілтімен күйген жерлерді 2 % бор қышқылымен тазалау. Егер тек қана қабақтың күйігі болса, онда науқасты офтальмологиялық стационарға жеткізу. Ал қабақтың күйігімен қатар, дененің басқа да жерлері күйген болса науқасты күйік орталығына жеткізу керек.