2 Визуаль оптикалык приборлар Негізгі бөлімінің бірі оптикалык система болып келген приборлар оптикалық приборлар деп аталады. Кейбір оптикалық приборлар (мысалы, фотоаппарат, проекциялық aппарат т. т.) нәрсенің кескінін арнап орнатылған экран бетіне түсiредi. Ал кейбіреулерi (мысалы, лупа, микроскоп, телескоп,дүрбi т. т.) көзбен қосылып бiртұтас оптикалық система түзеді, осындай күрделi система беретін нәрсенің кескiнi кездiц тор қабықшасына түседі. Мұндай приборлар көзге ұсталатын приборлар немесе визуаль приборлар деп аталады. Бiз ендi қысқаша осындай приборларға тоқталамыз.
3-сурет. Луба. 1. Лупа. Ұсақ нәрсені үлкейтіп көру үшін қолданылатын жинағыш линза лупа деп аталады. Бақыланатын нәрсе линза мен оның фокус жазықтығы аралығына қойылады. Сонда нәрсенiң кескiнi жорымал, үлкен және тура болады. 3-суретте кішкене АВ стрелка түрiнде алынған нәрсені лупамен қарағандағы
жарық сәулелер жолдары көрсетілген. Мұнда А нүктесінен шыққан сәулелер әуелі лупадан өткенде сынады, одан соң көзге еніп,оның сындырғыш орталарынан етiп, тағы да сынып, ақыры тор қабықшаның А1 нүкесiне келіп тоғысады. А1 нүктесі А нүктесiнiң шын кескіні. Егер L лупа жоқ болып, көз тиiстi қашықтықтағы үлкейген А1 В1 нәрсенi тiкелей көрген болса, яғни А нүктесі А1 нүктесi орнында тұрса, бұл жағдайда да оның кескіні сол А1 нүктесiнде болған болар еді. Сөйтiп лупадан етiп сынған сәулелер көзге түскенде А1 В1 жорымал кескiн нақты нәрседей болып түседi.
Лупанын бұрыштық ұлгайтуы шамамен ашық көру аралығының линзанын алдыңғы фокус аралығы f -қа қатынасына тең болады:
Қалыпты көз үшiн D=250 мм, лупа ретінде қолданылатын линзалардың фокус аралығы f=100-10 мм болады. Сонда лупаның ұлғайтуы 2,5 еседен 25 есеге дейін болады. Лупа аберрацияларын жөндеу үшін көбінесе ол екі линзадан жасалады.
2. Микроскоп. Жақындағы ұсақ нәрселерді өте үлкейтіп көру үшін түрліше микроскоптар қолданылады. Әрбір микроскоптын оптикалық системасы объектив және окуляр делінетін екі бөліктен құралады. Қарапайым микроскоптардын бұл бөлiктерi жеке линзалардан жасалады, ал осы күнгі микроскоптардын объективтерi мен окулярлары центрленген күрделі опти-
калық системалар болып келеді. 4-суретте нәрсенi микроскоппен
қарағандағы жарық сәулелерi жолы керсетiлген, мұнда объектив және окуляр ретiнде L1 және L2 линзалары алынған.