Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Реферат
Тақырыбы: Көз-оптикалық система. Көру. Визуаль оптикалык приборлар. Фотографиялық және проекциялык аппараттар. Оптикалык приборлардың ажырату күші.
Орындаған: Жұмашева Ә.С
Қабылдаған:Тунгушбекова.М.К.
Қарағанды 2022
Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................................3
1. Көз-оптикалық система. Көру...........................................................................4
2. Визуаль оптикалык приборлар..........................................................................6
3. Фотографиялық және проекциялык аппараттар..............................................8
4. Оптикалык приборлардың ажырату күші........................................................9
Қорытынды............................................................................................................12
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................13
1 Көз-оптикалық система. Көру
Адамның көзi (1-сурет) мүйiз қабықша (А); хрусталик (L); сулы ылғал (G) және шыны тәрiздi (Q) денеден тұрады. Бұлардың жарық сындыру көрсеткiштерi әр түрлі: мүйіз қабықшанiкi 1,37-ге; хрусталиктікі 1,39-ға, сулы ылғал мен шыны тәрiздi дененiн әркайсысынікі 1,33-ке тең.
Жарык көзге хрусталиктін алдыңғы жағындагы түсті қабықша i ортасындағы тесік – көз қарашығы арқылы енедi.
1-сурет. Көздiн жармасы (схема).Оның диаметрi тұрақты емес, жарық күштi жағдайда ол 2-3 мм, жарық әлсiз болғанда 6-8 мм-дей болады.Сөйтіп көз қарашығы апертуралық диафрагма ролiн атқарады.Tор қабықшаның R барлық жерi жарықты бiрдей сезбейдi, оның қарашыққа қарсы жаткап сары дақ (g) деп аталатын бөлiгi жарықты өте сезгiш болады.
Көздiң жарық сындырғыш элементтерiнiң системасы центрленген система болып табылады, олардың оптикалық ортақ осi (00) мүйiз қабықшаның, қарашықтың және хрусталиктiн центрлерiнен етеді. Бұған қосымша көздің хрусталигi мен сары дағының центрлерiнен өтетін түзу көру осі (0'0') деп аталады. Бұл екi ось бiр-бiрiне дал келмейді, бұлардын арасы
алшақтау, олар кішкене бұрыш түзеді. Көздiң ұлы нүктелері мен ұлы фокустары оның оптикалық осiнiн бойында жатады. Мүйiз қабықшаның төбесiнен есептегенде алдынғы ұлы нуктенің қашықтығы +1,3 мм, артқы ұлы нүктенің қашықтығы +1,60 мм; алдыңғы фокус көздiң алдыңда -15,7 мм қашықтықта, артқы фокус көздiң iшiнде +24,4 мм қашықтықта болады. Сөйтiп ақаусыз көздiң алдыңғы ұлы нүктеден өлшенген алдыңғы ұлы фокус қашықтығы: -15,7-1,35= - 17,05 мм; артқы ұлы нүктеден өлшенген артқы ұлы фокус қашықтығы: 24,4-1,6 = 22,8 мм. Көздің фокус қашықтықтарының бірдей болмауының себебі дене тұрған орта (ауа) мен оның кескіні түзілетін ортаның (шыны тәріздi дененi4) жарык сындыру көрсеткіштері әр түрлі. Көздің ұлы
нүктелерi бiр-бiрiне ете жакын, сондыктан оларды, жуықтап алғанда, бір нүкте деп санап, оны көздің оптикалық центрi деп қарастыруға болады. Көздiң оптикалық центрі хрусталиктің iшiнде, оның артқы бетіне таяу болады. Оптикалық центрден тор қабықшаға дейiнгi аралық көздің тереңдігі деп аталады; ақаусыз көздің тереңдігі, шамамен, 15 мм-ге тең.
Нәрсенің кескiнi көздiн жоғарыда аталған элементтерінен еткен жарық сынып тоғысу нәтижесінде оның тор қабықшасына түседі, ол әрқашан шың, кішірейген және кері болады.
Нәрсенiц кескiнi дәл тор қабықшаға түссе ғана нәрсе анық көрiнедi. Алыс-жақын нәрселерді анық көру үшін, яғни олардың кескіндерін дәл тор қабықшаға келтіру үшін хрусталик беттері қисықтығын өзгерту арқылы көз өзiнiң оптикалық күшін өзгертедi, көздің бұл қабiлетi аккомодация деп аталады. Көздi аккомодациялауга болатын аралықтың шеткі нүктелерi «қашық және жақын» нүктелер делiнедi. Қалыпты көз үшiн қашық нүкте шексiз алыста, жақын нүкте, шамамен, 20 см жерде жатады. Адам жас шағында жақын жердегі (10-15 см қашықтықтағы) нәрселер көрiнерлiктей етiп көзiн аккомодациялай алады. Жас ұлғайған соң көздің бұл кабiлетi кемиді.
Көздiң оптикалық системасының жақыннан кергіштік және алыстан кергіштік деген кемшіліктері жиі кездеседі. Жақыннан көргiш көздiң оптикалық күшi қалыпты көздiң оптикалық күшiнен артық болады, ондай көз үшін қашық нүкте шексіз алыста болмайды, шектеулі аралықта жатады. Алыстан көргіш көздiң оптикалық күшi қалыпты көздiң оптикалық күшiнен кем болады. Мұндай көз үшiн жақын нүктенің кезден кашыктыгы 20 см-ден артық болады, қашық нүкте көздiң сыртында жатады, демек алыстан көргіш көз өзiнiң тор қабықшасына тек параллель сәулелер шоғын ғана емес, тоғысатын сәулелер шоғын да «фокусқа келтіреді». Көздің жақыннан кергіштігін жөңдеу үшiн терiс линзалы көзілдірік, алыстан көргіштігін жөндеу үшін оң линзалы кезілдірік пайдаланылады.
Нәрсенің кескіні тор қабықшаның сары дағына, әсiресе ол дақтың ортасындағы шұқыршаға дәл келсе, сонда ғана көз нәрсенiң көп детальдарын ажырата алады, сары дақ кiшкене, оған 6-7° бұрышпен көрінген нәрселердiң ғана кескіндерi түседі. Қалыпты көз бұрыштық қашықтығы, шамамен, бір минутка тең екі жарқырауық нүктені ғана ажыратып көре алады, яғни сары дақ шегiнде көздің ажырату күшi, шамамен, 1'-қа тең. Сары дақтық центрінен қашықтаған сайын көздiң ажырату күшi кемиді. Сонымен қабат көздiң ымырт жарығындағы ажырату күші күндізгі жарыктағы ажырату күшiнен кем болады. Егер нәрсе, жақын нүктеден біраз алысырақ тұрса, күндiзгi жарықта көз оның көп детальдарын байқайды. Бұл аралық, әдетте, 25 см-ге тең деп саналады да ол анық керу қашықтығы деп аталады. Жақыннан көргіш көз үшiн бұл аралық 25 см-ден кем болады.
Көздiң тор қабықшасына түскен кескіннің үлкендігі көру бұрышына, яғни көзге түскен жарықтың шеткі сәулелері арасындағы бұрышқа байланысты болады. Көру бұрышы нәрсенің шың өлшемдері мен оның көзден қашықтығына тәуелдi; нәрсе неғұрлым жақын болса, көру бұрышы соғұрлым үлкен болады, ал нәрсе неғұрлым қашық болса, көру бұрышы соғұрлым кішкене болады. Бiрақ бұдан нәрсенi көзге жақындата отырып көру бұрышын өте-мөте үлкейтуге, сонымен қабат ете ұсақ нәрселердi де көруге болады деген қорытынды жасауға болмайды. Өйткенi нәрсенi көзге жақындатудың шегі бар, нәрсе мен көздің аралығы анық көру қашықтығынан кем болса, онда кескін көмескі тартады. Сонымен кұралсыз көз жақындағы өте кішкене нәрселердi, ете алыстағы тым үлкен нәрселерді керуге жарамайды. Сондықтан мұндай жағдайларда көзге тиiстi оптикалық приборлар ұсталады.
Қалыпты жағдайларда адам нәрсенi екi көзімен көреді. Сонда кездiң әрқайсысының тор қабықшасына кескiн пайда болады. Бiрақ бұл екi кескiн, тор қабықшалардың бір белгiлi орындарына түссе, сонда олар мида бір ғана көру сезiмiн туғызады, өйткенi әр көздiң тор қабықшасының бір белгiлi нүктелерiне тән көру нервтері көздiң сыртында кездесiп тұтасып кетедi, тор қабықшалардың сондай екi нүктесі сәйкес нүктелер деп аталады. Біз нәрсенi екi көзiмiзбен қарағанымызда, мысалы, онын көрiнетiн А нуктесiнiц (2-сурет) кескіндерi әрбiр кез сары дағындағы gt және gr шұқыршаларына орналасқандай етіп көзiмiздi бұрамыз, басқаша айтқанда көздi олардың көру осьтерi сол А нүктесінде қиылысатын қалпына келтіреміз. Ал көзден қашықтығы А нүктесiнiң қашықтығындай С нүктесінiң сол кездегі кескіні Сt нүктесi, оң көздегі кескіні Сr нүктесі болып табылады, бұл нүктелер орталық шұқыршалардың сол жағында жатқан сәйкес нүктелер, сондықтан бұл екi кескiн бiр ғана көру сезімін туғызады, демек С нүктесі біреу болып көрiнедi.
2-сурет. Екi көзбен керу. Екі көзбен көру арқасында берiлген денеге дейінгі аралықты анықтап, денелердiң қашықтықтарын өз ара салыстыра аламыз. Осының нәтижесінде кеңiстiк тереңдігі (перспектив) туралы, нәрсенiң көлемдік бейнесi жөнiнде ұғым туады. Бақыланатын дене көзден неғұрлым алыс болса, ол денеге бағытталған көру осьтері арасындағы бұрыш соғұрлым кішкене болады, соның нәтижесінде кеңiстiк тереңдігі (көру бағыты бойынша қашықтық) сезілмейді, кез өте алыстағы денелердiң алыс-жақындығын ажырата алмайды. Сондықтан барлық жұлдыздардың қашықтығы бiрдей болып көрiнедi. Арнаулы приборларды пайдаланып, кеңiстiк тереңдiгiн сезiнудi бiрнеше рет күшейтуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |