Біріктіруші пайымдаудың ақиқаттығын көрнекі анықтау үшін төмендегідей кестені пайдалануға болады Бұл кестеден байқайтынымыз: егер күрделі пайымдауды құрастырушы екі қарапайым пайымдаудың екеуі де ақиқат болса ғана күрделі пайымдау — ақиқат болады да, олардың біреуі жалған болса, онда ол — жалған болады
Ажыратушы пайымдау
Ажыратушы (дизъюнктивті) күрделі пайымдау деп өзінің құрамдас бөліктерімен «не», «немесе», «болмаса», «әлде», «я», «яки» сияқты байланыстырушылар арқылы қарым-қатынасқа түсетін пайымдауды айтамыз. «Дизъюнкция» - (лат. тілінен: disjunction) — «бытырату, жекелеу, ажырату» Бұл байланыстырушы «V» таңбасымен белгіленеді. Ажыратушы күрделі пайымдаудың екі түрі бар: 1) қатал емес (әлсіз) 2) қатал (әлді) Мысалы: «Бандитизм дегеніміз қаруланған адамдардың мемлекеттік немесе қоғамдық мекемелерге, өндіріс орындарына, болмаса жеке тұлғаларға қарулы күш көрсету арқылы оз мақсатта-рына жету үшін біріккен үйымның іс-әрекеті»
Қатал емес ажыратушы пайымдау
р
q
р V-˄ q
а
а
а
а
ж
а
ж
а
а
ж
ж
ж
Қатал емес (әлсіз) ажыратушы күрделі пайымдауларда байланыстырушылар заттардағы, құбылыстардағы белгілерді бір-бірінен бөлектемейді, керісінше біріктіруші-ажыратушы қалпында қарастырады