Жалпылағыш қос сөздер мынадай мысалдар келтіреді : аяқ-табақ, төсек-орын, ер- тұрман, киім-кешек, жүн-жұрқа, бақа-шаян, жер-су, түйе-мүйе, бұзау-мұзаут.б.
Жалқылағыш қос сөздерге : жел-бау, төсек-ағаш, жүк-аяқ, піспек-сап, шеге- балта, қауға-шелек, Асыл-бек, Ес-құл, Төре-тай, ер-батыр, есен-аман, Өмір-қожа, Шекті-бай т.б.[1;182].
Бұдан әрі автор қос сөздердің жазылу емлесіне тоқтап, жалпылағыш қос сөздердің арасы кішкене сызықшамен айырылып жазылатынын көрсетеді (аяқ-табақ, киім-кешек, ер-тұрман т.б.), жалқылағыш қос сөздердің арасы сызықшамен айрылып та, айрылмай да жазылады.
Қос сөзде екі сөз бірыңғай болса, мәселен екеуі бірдей жуан я жіңішке айтылатын болса, онда екеуі айрылмай тұтас жазылады (басқұр, қолқап, Балжан, желкесер, айбалта, Алтынбай, Тасболат, Баймырза).
Қос сөзде екі сөз бірыңғай болмаса, мәселен бірі жуан, бірі жіңішке сөз болып келсе, онда аралары сызықшамен айырылып жазылады (жел-бай, төсек-ағаш, жүк-аяқ, Тілеу- бай, Ес-құл, Төре-тай, жан-темір, Мұрат-бек, Мал-келді, Меңді-қара, Жіті-қара) [1;183].
Бұл айтылған пікірлерге қарағанда, А.Байтұрсынұлы қазақ тіліндегі сөз тұлғаларының бірі ретінде қос сөздердің аталуын (терминін) жасалуын, жазылу емлесін негізінен дәл басып көрсеткен. Сонымен бірге келтірілген мысалдарға қарағанда автор қос сөздердің тек есімдерден болатын түрлерін көрсеткен және біріккен сөздерді қос сөздер деп танып, оларды жалқылағыш қос сөздерге жатқызғанын көреміз.
A.Байтұрсынов қос сөздерді жалпы екіге бөліп қарастырса, белгілі тіл маманы Ж.Сауранбаев қазақ тіліндегі қос сөздерді бес топқа бөліп көрсетеді.
1)Мәндес қос сөздер (қыз-келіншек).
2)Қайшы мәндес қос сөздер (үлкен-кіші, ыстық-суық).
3)Сыңар мәндес қос сөздер (алай-дүлей, кәрі құртаң).
4) Қайталама қос сөздер (тау-тау, бес-бестен).
5) Қоспа буынды қос сөздер (ап-ауыр, ұп-ұзын, тәп-тәтті) [4,64].
Достарыңызбен бөлісу: |