Күрделі сөздердің зерттелімі Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл тағылымы»



бет1/14
Дата16.03.2022
өлшемі38,61 Kb.
#28178
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
“Күрделі сөздердің зерттелімі ”Балтабаева Айзада ҚТӘ-21


Күрделі сөздердің зерттелімі

Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл тағылымы» еңбегінде: Ана тілі, 1992 Қазақ тіліндегі сөз тұлғаларын беске бөледі :

1) түбір сөз;

2) туынды сөз;

3) қос сөз;

4) қосалқы сөз;

5) қосымшалар.

«Түбір сөз−бастапқы мағынасындағы бастапқы тұлғасындағы сөз,бас,тас, шаш, қол.



Туынды сөз дегенiмiз - бастапқы тұлғасы да , мағынасы да өзгерген сөз ; мәселен , бастық , тастақ , шашақ , қолтық .

Қос сөз− қосарынан айтылатын сөздер : мәселен , аяқ-табақ , киім-кешек , төсек-орын,жүн-жұрқа,бақа-шаян,құрт-құмырска , түйе-мүйе .

Қосалқы сөз дегенiмiз - өз алдына мағынасы кем басқа сөздiн маңайында тұрғанда мағына шығатын сөз . Мәселен,да,ғой,ғана (мал да,жан да,солай ғой,осы ғана).

Қосымшалар дегенiмiз - сөз емес , сөзге жалғанатын буындар ; бұларда өз алдына мағына да жоқ, басқа сөзге жалғанбай бөлек айтылмайды да . Сондықтан бұлар қосымшалар деп аталады . Қосымшалар екі түрлі : бiреулерi жалғанған сөзiнiң тұлғасын ғана өзгертіп , мағынасын өзгертпейдi , екiншiлерi жалғанған сөзiнiң тұлғасын да , iшкi мағынасын да өзгертеді .

Сондықтан бастапқы қосымшалар тысқарғы жалғаулар я тікелей жалғау деп аталады ; екiншi қосымшалар ішкергі жалғаулар я тiкелей жұрнақ деп аталады» [1, 46].

Бұл бөлу оқулықтың екі басылымында бірдей болғанымен, 1925 ж. басылымда күрделі сөздерге жататын қос сөздердің анықтамасын бұрынғыдан кеңейтіп берген

"Қос сөз дегеніміз - қосарынан айтылатын бір өңкей есімді сөздер. Қос сөз екі түрлі болады, біреуі бір нәрсенің көбін қамти атайды. Екіншілері нәрселерді айыра атайды. Алдыңғысы -жалпылағыш қос сөз деп, соңғысы жалқылағыш қос сөз деп айтылады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет