Кредиттік оқыту жүйесінде студенттерді өздігімен білім алуға бағыттау



жүктеу 57.34 Kb.
Pdf просмотр
Дата24.03.2017
өлшемі57.34 Kb.

КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІ ӨЗДІГІМЕН БІЛІМ 

АЛУҒА БАҒЫТТАУ  

Тулепова С.И. магистр, аға оқытушы  

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті 

РЕЗЮМЕ 

Бұл  мақалада  автор  студенттерге  кредиттік  оқыту  жүйесінде  өздігімен  білім 

алуға  бағыттаудағы  интерактивті  әдістердің  ролін  қарастырады  және  өзіндік 

білім  алу  іс-әрекетінде  интерактивті  әдістерді  қолдануға  теориялық  талдау 

жасайды.                                                                                                                    

 

Қазақстан  Республикасындағы  жоғары  кәсіби  білім  беруді  дамытудың  қазіргі 

күнгі  тұжырымдамасы  білім  беру  процесін  ұйымдастырудың  заманға  сай  икемді 

технологияларын  қолдануды  көздеп  отыр.  1999  жылғы  19  маусымда  33  елдің 

министрлері  қол  қойған  Болон  келісімі  бірыңғай  еуропалық  жүйедегі  білім  беру 

кеңістігін құруды міндеттеді. [1] 

Қазіргі таңда еліміздегі жоғары оқу орындары білім берудің кредиттік жүйесіне 

көшуде.  Кредиттік  жүйемен  оқытудың  басты  ерекшелігі-әлемдегі  білім  берудің  ең 

үздік  технологиялық  тәжірибелерін  қолдана  отырып  елімізге  қажетті  мамандарды 

сапалы  дайындап  шығару.  Мұнда  бұрыннан  қолданылып  жүрген  оқытудың  әдіс-

тәсілдермен қатар, студенттің ізденуіне, жаңаша көзқарас тұрғысынан сапалы білім 

алуына  жағдай  туғызу.  Кредиттік  оқытудың  мәні  студентке  өзіндік  білім  алудың 

маңыздылығын  түсіндіру,  яғни  студентке  сенім  білдіру  арқылы  оның  білімін 

көтеруіне,  өзіндік  ізденісіне,  әрбір  өтілген  тақырыпты  шығармашылықпен 

меңгеруіне  жол  ашу.  Оқытушы  әрбір  өтілетін  тақырыпты  жіктеп,  түсіндіріп, 

студенттен сол материалды қалай меңгергенін сұрау арқылы оның білімін бағалауды 

мақсат етіп шектелмейді, әрбір өтетін тақырып төңірегіндегі мәселелерді меңгеруіне 

бағыт-бағдар  береді.  Кредиттік  жүйенің  тиімділігі:  студенттің  өзіндік  жұмысының 

ролінің  күшеюі,  оқытудың  сапасын  арттыруға  деген  талаптар,  қашықтан  білім 

беруді  дамыту.  Өзіндік  жұмыс  студенттің  оқу,  ғылыми,  кәсіби  іскерлікті 

жауапкершілікпен  сезініп,  дербес  жұмыс  істеу  қабілеттерін  дамытады.  Дұрыс 

ұйымдастырылған  өзіндік  жұмыс  білімді  тереңдетуге,  толықтыруға  дағды  пен 

іскерлікті  қалыптастыруға,  танымдық  әрекетке  қызуға,  таным  қабілеттерінің 

дамуына,  адамның  дербес  жұмыс  істеу  мәдениетін  көтеруге,  шығармашылықпен 

жұмыс  істеуге  және  ғылыми  жұмыстармен  айналысуға  мүмкіндік  береді.  Жоғары 

оқу  орындарында  студенттердің  өзіндік  жұмыстарының  тәрбиелік  жағы  басым 

болады. Ол адамның жеке басының қасиеттерінің (мақсаь қоюшылық, ізденушілік, 

танымдық қызығушылық) қалыптасуына әсер етеді. Өзіндік жұмыстың мақсаты мен 

мәнің, маңызы мен қажеттілігін саналы түрде бар ынта-ықыласпен түсінген студент 

оны қызыға орындайды.    

Сонымен бірге өзіндік еңбек студенттің бойында ұйымдастырушылық, тәртіптілік, 

еріктілік,  мақсаткерлік,  ізденушілік,  белсенділік  сияқты  қасиеттерді  дамытады. 

Студенттердің өзіндік жұмыстары танымдық іс-әрекетінің барлық жағдайын қамтиды: 

мәселен,  жүйелі  түрде  оқылатын  дәріс  курсын  тыңдау  және  дәріс  материалдарын 

жетілдіру,  дипломдық  жұмысты  дайындап,оны  қорғау,  керекті  әдебиеттерді  іздеу,  өз 

бетімен  оқылатын  сұрақтарды  түсіне  білу,  проблемаларды  қоя  білу  және  оларды 

шығармашылық түрде шешу. 


Жаңа технологияларды қолданатың оқытушылар үнемі ізденісте болады.  Ізденіс 

барысында оқытушы оқыту міндеттерін шешудің жолдарын айқындайды. 

Ол үшін оқытушы:жоғары оқу орындарында студенттің  білімді  терең  меңгеруіне  

ықпал  ететін  әдіс-тәсілдерді сараптайды; 

 

    әр түрлі оқулықтарды талдайды; 



 

    сабақтың тақырыбына қажетті оқу-әдістемелік құралдарды қарастырады; 



 

    қосымша әдебиеттердңн студенттердің қызығушылығын арттыратың 



мәтіндерді іріктейді; 

 



    іріктелініп  алынган  материалдың  мазмұның  сабақтың  мақсатына  сай  болуын 

қадағалайды; 

 

   студенттердің жаңа материалды меңгеруіне бағытталған тапсырмалар  жүйесін 



қарастырады  

   Осы мақалада біз келесі белсенді оқытудың әдістерін қарастырамыз: 

1. Топтық жұмыс.  

2. «Ойға шабуыл» 

3.Мәтінді рольге бөліп оқу әдісі. 

4.Бірлескен ізденіс. 

5.Хабарлап оқыту әдісі [3]. 

Бүгінгі  күні  жоғары  оқу  орындарында  студенттерді  оқытудың  жаңа 

жолдары,  әдіс-тәсілдері  айқындалуда.  Осы  орайда  мемлекеттік  «Білім» 

бағдарламасында атап көрсетілген «Сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ететін 

білім беру жүйесінің ұлттық үлгісін» кұру, «әлемдік білім кеңістігіне интеграциялау 

үшін  жағдай  жасау»  -  бүгінгі  жоғары  оқу  орындарының  алдында  тұрған  міндет. 

Қоғам  сұранысына  сай  болашақ  мамандарды  даярлау  оқытушыларды  ізденіске 

жетелейді. ЖОО-да белсенді оқыту әдістерін қолдану үшін оқытушының өздігімен 

дайындалуы,  сол  әдістерді  тиімді  пайдалану  тетіктерін  меңгеруі-үнемі  кәсіптік 

білімді дамыту негізінде мүмкін [4]..   

Белсенді 

әдістер 


ұғымының 

мәні 


студенттердің 

танымға 


деген 

қызығушылығымен,  әрекеттігімен,  оқытушының  студенттерге  жекеше,  топтық, 

ұжымдық жұмыстарға шығармашылықпен қатысуымен анықталады. Енді төмендегі 

көрсетілген әдістерді сипаттап көрейік. 



«Топпен жұмыс» 

Бұл әдісті қолдану барысында студенттер мына әрекеттерді орындайды: 

-

 

жұптасып ой бөліседі; 



-

 

бір-біріне сұрақ қояды



-

 

пікірталасқа белсенділікпен қатысып ұжымның тілегімен санасады; 



-

 

білім сапасына жауапкершілікті алуға бағытталады. 



Топтық  жұмыс  барысында  әңгіме,  сұрақ-жауап,  интервью,  пікір-талас,  сұхбат 

әдістері  қолданылады.  Студенттердің  белсенділігін  арттыру  үшін  сұрақ  қоюға, 

әңгіме  кұруға,  интервью  жауаптарын  беруге,  пікір-таласқа  түсуге  және  дәлелді 

сөйлеуге үйрету қажет. Соның ішінде сұрақ-жауап әдісіне қойылатың талаптар: 

-

 

сұрақ нақты, қысқа болуы керек; 



-

 

сұрақ екі ұшты болмауы керек; 



-

 

сұрақта жауаптың жобасы сөзілмеуі керек; 



-

 

сұрақ қою мәнеріне мән берілуі керек. 



Топтық  жұмысқа  студенттердің  әр  қайсысының  өз  мүмкіндігінше  қатысуына 

жағдай  жасау  -  оқытушының  міндеті[5].  Топтық  жұмысты  ұйымдастыру  арқылы, 

оқытушы  студенттерді  бір-біріне  сұрақ  қоюға,  пікірлесуге  және  өзін-өзі,  топ 

мүшелерін, топтық жұмыс нәтижелерін бағалауға үйретеді. Мысалы, топтық жұмыс 

мазмұның бағалау парағын былай құрастыруға болады: 



Топтық жұмыс парағы  

№ 

 



 

Студенттердің 

аты - жөні 

 

 



Теория-

лық 


сайыс 

Педагогикалық 

жағдаят 

Ұжымдық 


шығармашылық іс 

жобасын қорғау 

 

 

Жалпы 



балл 

 

 



Дайынды

ғы 


шешімі 

1  Алиева Мадина   

 

 

 



 

2  Асылханова 

Айым 

 

 



 

 

 



3  Еркін Әнуар 

 

 



 

 

 



4  Мақсатов Ерік   

 

 



 

 

5  Асылова Айман   



 

 

 



 

6  Мадиева Аида   

 

 

 



 

 

Студенттер өзіндік әрекетті бағалау арқылы білімдерін үнемі жетілдіруге  бағыт 



алады.  Бағаның  әділ,  объективті  түрде  болуына  талаптанады,  ал  бұл 

әрекеттердің  барлығы  -  студенттердің  өзіндік  дұрыс  бағалауының  қалыптасуына 

әсерін тигізеді. 

2.

 



 «Ойға  шабуыл»  —  студенттер    сұрақ-жауапқа,  пікірталасқа  белсенді 

қатысады. Әдетте, бұл әдіс сабақ барысында, тақырыпқа орай қолданылады. Сабақ 

сұрақ қоюдан басталып, студенттер өз пікірлерін айтуға мүмкіндік алады.  

 

Сұраққа  жауап  беруде  шек  қойылмайды,  сын  айтылмайды,  студенттің 



ой  қажеттілігін  дамыту  үшін  оқытушы  белсенділік  көрсету  әрекеттерін 

қарастырады.  Бұл  әдістің  тиімділігі:  студенттердің  бұрынғы  игергендерін  жаңа 

біліммен ұштастыруға ықпал етеді. 

3.

 



«Мәтінді рольге бөліп оқу әдісі». 

Студенттер  кітаппен  жұмыс  істеу  барысында  рольдік  орындау  әрекеттеріне 

кіріседі. Мәтіндегі рольдерді бөліп алады. Мысалы: 

-

 



біріншісі - автор орнында қызмет етеді; 

-

 



екіншісі - мәтін бойынша сұрақ дайындайды

-

 



үшіншісі - мәтін мазмұнынан жауаптар іздейді; 

-

 



төртіншісі - сол жауаптардың дәйектілігін негіздейтін мәтін ішінен сілтемелерді 

тауып оқиды, жариялайды; 

-

 

бесіншісі - әрекеттердің орындалу уақыт мөлшерін қадағалайды. 



Топ  көшбасшысы  анықталады,  бұл  рольді  ауыстырып  тұруға  болады. 

Мәтінді рольге бөліп оқу әдісінің тиімділігі: сабақтағы тақырып мазмұнының терен 

талқыланып, түсінуге мүмкіндік жасайды. 

4.«Бірлескен ізденіс», 

Бірқатар  әдебиеттерде  бірлескен  ізденіс  әдісі  бұдан  50  жыл  бұрын  қолданыста 

болғандығын  танытты.  Студенттердің  ойына  қозғау  салатың  мәтін  ұсынылады. 

Мәтінді  оқып  болғаннан  кейін,  талқылауға  4-5  сұрақ  дайындалады.  Қойылған 

сұрақтар негізгі мәселені ашуға бағытталады. Сұрақтар мәтінге байланысты қойылып, 

оған  беретін  жауабы  да  мәтінге  қатысты  болуы  қажет.  Қойылатың  сұрақтар  ашық 

және  көп  мағыналы  болуы  шарт.  Оқытушы  сұрақты  тақтаға  жазып,  студенттердің 

жауабына  уакыт  береді.  Студенттерге  өзара  пікірлесу  ұсынылады.  Оқытушы 

олардың ойларын нақтылап, досының ойлау қабілетін шындауға және бір  - бірімен 

бәсекеге  түсуге  жағдай  жасайды.  Дегенмен,  оқытушы  өзінің  жауабын  ұсынбағаны 

жөн.  Соңында  студенттер  бірлескен  ізденіс  әдісін  тәжірибеде  қолданып,  зор 

ынтамен өздерінің сұрақтарын талқылауға ұсынып отырады. 

5. «Хабарлап оқыту әдісі». 

Бұл  әдісті  қолдануда  студенттердің  белсенділігі  артады,  себебі  олар  сабақ 

тақырыбын  ұғыну  үшін  пікір  -  таласқа  түсіп,  мәселені  жан-жақты  талдауға 

мүмкіндік  туғызады.  Мәтінді  оқуда  рольдерге  енеді,  талдайды,  ойларын  қорыту 

үшін тұжырымдар жасайды. Мәтінді оқуда мына рольдерге бөлуге болады: 

1.    Ұйымдастырушы - жұмыс бабын бақылап, ретін белгілейді. 

2.    Хронометрист  -  әрбір  мәселеге  қанша  уақыт  кететінін  анықтап,  топтың  басқа 

мүшелеріне қанша уақыттың қалғаның еске салып тұрады. 

3.        Түсіндіруші  -  топ  мүшелерінің  тапсырманы  орындауда  ынтымақтастықта 

болуына жауап береді. 

4.            Тіркеуші  -  ол  топтың  талқылау  кезінде  айтылғанды  белгілеп,  анда  -  санда 

нәтижесін шығарып тұрады 

5.      Репортер - топтың жұмысын барлығына жариялайды 

 

 



Оқытушы  талқылауға  арналған  сұрақтарды  дайындайды,  пікірталасты 

студенттердің өздері жүргізеді. 

 

 

 



 

 

 



 

 

Әрбір  жұп  дискуссиялық  кестені  жасап  6-7  минут  талқылайды.Талқылау 



нәтижесінде екі қатарда жауаптар болады. Біріншіден, «жоқ» деген жауап және оған 

келтірілген  дәлелдер.  Екіншіден,  «иә»  деген  жауаптардың  дәлелдері.  Содан  кейін 

жұптар  бірігіп  өздерінің  дәлелдерін  бөлісіп,  «жоқ»,  «иә»  жауаптарын  толтыруы 

керек. Соңында қорытынды жасалады. 

Жоғарыда көрсетілген белсенді әдістерді оқыту барысында студенттердің сапалы білім 

алуы үшін қолдану қажет. Әрине, ол үшін оқытушы алдында жаңа оқыту 

Пікірталас 

Жоқ                                                                                                        Иә 

Жастардың құқықтық тәрбиесі жеткілікті ме? 

Қорытынды

 


тсхнологияларының мәнін ашу, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану тетіктерін ұғыну, 

оқытудың формаларын ұйымдастыру, тапсырмаларды шығармашылықпен дайындау 

- талаптары тұр. 

 

Әдебиеттер:  



1.

 

Назарбаев Н.Ә. Халыққа жолдауы - 2005. 



2.

 

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылга 



арналған Мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан - 2004. 

3.

 



Инновациялар мен оқу - білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына 

//Егемен Қазақстан 27.05.2006. 

4.

 

Рысбаева А.Қ. Педагогикалық процесс субъектілерінің табысты іс-әрекетіне 



интерактивті оқытудың ықпалы. Алматы, 2009 28-31 б. 

5.

 



Мирсейітова С.Словарь RWCT// Казахстанская Ассоциация по чтению. Алматы. 

Верна. 2005.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Каталог: uploads -> files -> 2016-01
2016-01 -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012
2016-01 -> Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
2016-01 -> Заседание баяндамалар / доклады
2016-01 -> ШОҚан туралы жазылмаған деректер з. С. Сламбеков
2016-01 -> Математиканы жаңа технологияларды пайдаланып, тереңдетіп оқыту – КҮн талабы бекбаланова Бахыт Тыныбайқызы «Қаракемер орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен»
2016-01 -> БАҒдарламасы тараз, Қазақстан, 22-23 мамыр 2015 жыл программа
2016-01 -> Бабалар мұрасын сақтауда санамақТЫҢ ролі г. С. Майлыбаева
2016-01 -> ОҚытушылар мен студенттер арасындағЫ, ОҚыту процесінде, интербелсенді әдістерді қолданудың тиімділігі


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет