Инновациялық процестер
КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ
ДУАЛДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ
Мұнай-газ мамандықтары
бойынша РОӘБ жұмысы
инклюзивті білім беру
МОДУЛЬДІ ОҚЫТУДЫ ЕНГІЗУ
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі
(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығы)
6. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) академиялық күнтізбе (Асаdеmіс Саlеndar) - оқу жылы бойына демалыс күндерін (кани-кулдар мен мерекелерді) көрсете отырып, оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіби практикаларды өткізу күнтізбесі;
2) академиялық кезең (Теrm) - үш нысанның біреуін таңдайтын өз білім беру ұйымының еркімен белгіленетін теоретикалық кезең: семестр, триместр, тоқсан;
3) академиялық мобильдік – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде сынақ ретінде тапсыра отырып өз ЖОО-сында немесе өзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру;
4) білім алушының академиялық рейтингі (Rating) – аралық аттестаттау нәтижелері бойынша жасалатын білім алушының оқу бағдарлама пәнін игеру деңгейінің сандық көрсеткіші;
5) академиялық деңгей (Degree) – қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша, тиісті оқу бағдарламаларын меңгерген білім алушыларға білім беру ұйымдары тағайындайтын дәреже;
6) академиялық сағат кесте бойынша оқу сабақтардың (аудиториялық жұмыс) барлық түрлерi немесе жеке бекiтiлген графика бойынша білім алушылардың оқытушымен байланыс жұмысының уақыты.
Достарыңызбен бөлісу: |