Кредиттік оқыту технологиясы



бет1/6
Дата06.01.2022
өлшемі430,23 Kb.
#11877
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
кред


Кредиттік оқыту технологиясы

Орындаған : Аманқылышова Қамажай

Әбутәліп Аяжан



Қабылдаған : Синбаева Г. К

Кредиттік жүйе – әлемдегі білім беру саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес жүйенің бірі. АҚШ-тағы журналистика мектептерінің студенттері еншісіне тиген пәндерді тиімді пайдалана алады. Бізде, әлі күнге дейін студенттер кредиттік жүйе бойынша өздеріне тиісті сабақтарды толығымен меңгермеді. Оған себеп, біріншіден, әрбір факультет өздерінің кредит санын өздеріне сақтағанын қалайды. Мәселен, олар өздерінің кредит санын өзгелерге берсе, өздерінде сағат саны азаяды. Сондықтан осыған қызығушылық мүдделі болып отыр. Екіншіден, пән таңдау мәселесіне келетін болсақ, арнайы бір салалық сабақта қалыптасқан студент саны болады. Яғни, 65 студентті 13 баладан бөліп 5 топ жасайды. Негізінен, бұл жұмыстармен компьютерлік тіркеу бөлімі айналысады, олар студенттер санының асып кетпеуін, немесе жетпей қалмауын бақылап отырады.

Бөлінген 5 элективті пәндерді сақтау барысында жүйе дұрыс жұмыс жасауы қажет. Компьютерлік базаларда жүйелілік керек, ол болмаған жағдайда студенттер тарапынан түсініспеушіліктер туындайды. Үшінші, студенттер элективті пән таңдау кезінде сабақ атауына емес, оқытушыларына қарап таңдап жатады. Сондай мезеттерде студенттерді өзге оқытушылардың айлық сағаты үшін еркінен тыс бөлетін кездерде аз емес. Білім жүйесіндегі нақты салалық айқындылықтың жоқтығы.

 Кредиттік оқыту жүйесін енгізудің мақсаты – студенттердің кәсіби дайындық деңгейін арттыру, олардың жеке шығармашылық қабілеттіліктерін жан-жақты дамыту, қажет болған жағдайда студенттерге жақын және алыс шетел жоғары оқу орындарына кедергісіз ауысу мүмкіндігін беру.

     Осы мақсатты жүзеге асыру үшін академия оқу үдерісін толығымен реформалады, осылайша оны жаңа жоспарлаушы және реттеуші құжаттамамен қамтамасыз етті. Атап айтсақ, оқу жоспарларына міндетті және элективті пәндер жүйесі енгізілді. Оқу жоспарына кіретін пәндердің жалпы көлемінің 40% астамын элективті пәндер құрайды.

     Таңдау еркіндігі кредиттік оқыту жүйесінің негізгі артықшыларының бірі болып табылады: студенттер оқытушыларды таңдау мүмкіндігіне ие болады, және де білім траекториясын өздері қалыптастыра алады. Осыған орай типтік және жұмыс жоспарларымен қатар білім мазмұнын, оқыту ұйымдастырылуын анықтайтын білім алушылардың жеке оқу жоспарлары (Curriculum) енгізілді.

 Кредиттік оқыту жүйесі аясында оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есептеу кредитпен өлшеніп оқытылатын материал көлеміне қарай жүргізіледі.

     Бакалавриатта 1 кредит 15 апта (семестр) бойы студенттің өзіндік жұмысының (СӨЖ) 2 сағатына мен аудиториялық жұмыстың 1 академиялық сағатына тең. Осылайша, кредиттің еңбек сыйымдылығы 45 академиялық сағатқа (15 сағат аудиторияда, 30 сағат – СӨЖ) тең.

     Студент бір семестрде 12 – 18 кредит, бір жылда 24 – 36 кредит жинауы керек.

     4 жыл ішінде бакалавр 128 кредит, ал магистрант 6 жыл ішінде 176 кредит жинайды.

     Кредиттік оқыту жүйесі қолданылған оқыту үдерісі келесі формаларда ұйымдастырылған: аудиториялық сабақтар (дәрістер, тәжірибелік сабақтар), зертханалық сабақтар, студиялық сабақтар.

     Білім алушылардың оқытушы жетекшілігімен өзіндік жұмысы (БОӨЖ) – әлем тәжірибесінде қабылданған Office Hours терминінің аналогы. БОӨЖ мақсаты – студентке аудиториялық сабақтар материалы бойынша, СӨЖ қосымша тақырыптары бойынша жеке кеңес алуға, оған қоса курстық жобаларды, есептеу-графикалық және бақылау жұмыстарын орындауға мүмкіндіктер туғызу.

Кредиттік жүйе оқытушы мен студентті тығыз байланыстыратыны рас. Бірақ, оқытушының студенттің білімін бағалау кезінде түрлі келеңсіз оқиғаларға тап боламыз. Бар тағдырымызды балға байлап қоятын жүйеге деген өкпем қара қазандай. Әр студенттің емтиханнан алған бағаларын офис-регистратор компьютергеенгізіпотырады. Алайда, кейде енгізілмей де қалатын сәттер аз емес. Неге десеңіз, жақсы тапсырдым деген студенттің өзі өтпей қалып, кредит төлеп жатады. Кредиттік жүйемен оқу – пара алуға әкеп соғады дейді. Әрине, көпке топырақ шашқан дұрыс емес, десек те «жел болмаса шөптің басы қимылдамайды» демекші, жоғары оқу орындарындағы белең алып жатқан парақорлық, жемқорлықты қатаң қадағалаған дұрыс.

Жоғары оқу орнында оқыту үрдісінде кредиттік жүйені енгізудің негізгі мақсаты жастарға білім беру жұмысын жетілдіру болып табылады. «Кредит» ұғымының ешқандай қаржылық мазмұны жоқ, аталған ұғым жоғарғы оқу орындарында оқылатын әрбір пәннің еңбексиымдылығын мөлшерлеу және студенттің оқу жұмысын   өлшеу үшін қолданылады. Еңбексиымдылық аудиториялық сабақтарда және студенттің өздік білім алуында белгілі бір оқу жұмысын орындауға жұмсалатын уақытты сипатайтын көрсеткіш ретінде қабылданады. Оқу кредиті пәнді оқып үйренуге қажетті еңбектің жұмсалуының бірлігі болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет