- Академиялық еркіндік және оқу бағдарламаларының көп нұсқалылығы, пәндер мен оқытушыларды таңдау мүмкіндігі;
- оқу үрдісі мен жеке білім алу жолын және мамандандыруды таңдауды ұтқыр жоспарлау мүмкіндігі;
- еңбек рыногы сұраныстарына бағыт ала отырып академиялық бағдарламаларды қозғалмалы етіп жоспарлауға мүмкіндік беріледі;
- студенттің өз дайындығының бағытын түзету қажеттілігі туындаған жағдайда бағдарламаларды біріктіруге болады;
- керек болған жағдайда білім алуды кезең-кезеңімен, яғни уақыт аралық үзілістермен іске асыруға мүмкіндік береді.
- ҚР-ның кейбір облыстарындағы ЖОО-да оқытудың кредиттік оқыту технологиясына толыққанды көшуі мен оны енгізе алмауы;
- Оқытудың кредиттік оқыту технологиясын тереңдетіп түсінбегеннен,әр-түрлі қарсы ойлардың болуы.
Қорыта айтқанда, қазіргі кездегі білім парадигмасының өзгеруіне байланысты кредиттік технологияны енгізудегі қиындықтар жеткілікті болып отыр. Осы қиындықтарды жою үшін,алдыңғы буын жүріп өткен дәстүрлі оқытудың да жағымды жақтарын ала отырып, кредиттік технологияны енгізу қажет. Мысалы, білімгерден әрбір курстың базалық білімін терең меңгертуде дәстүрлі технологияның элементтерін қолдануға болады. Сонымен қатар жаңа технологияны енгізудегі бірден-бір көмекші болып табылатын ақпараттық технологияны әрбір ұстаз жан-жақты меңгеріп, өз кәсібінде қолдануы керек. Педагогтардың білімін жетілдіру курстарында теориялық материалдарды ғана емес, практикалық қолданбалылық, әдістемелік шеберлікті дамытуға бағытталған сабақтардың өз дәрежесінде өтуі де аса маңызды деп ойлаймын.
Менің ойымша,кредиттік оқыту жүйесін іске асыруда әрбір оқытушы,өзінің беретін элективті пәніне оқытудың жеке жұмыс жоспарын,яғни силлабус жасау барысында, сол жұмыс жоспарын,заман талабына сай, әрбір жылы жаңартуларды енгізе отырып ұйымдастыруға болады.
2. Жоғары мектепті басқару Әдістемелік ұсыныс: басқарушы мен менеджер ұғымын талдау, салыстыру, ерекшелігі мен аражігін айқындау. Білім саласында еңбек ететін адамдардың басқару мәдениеті, олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Дәстүрлі ұғымда кәсіптік-педагогикалық мәдениет негізінен педагогикалық қызметтің нормалары, ережелері, педагогикалық техника және шеберлікпен байланыстырылады.
Жоғары мектептегі басшысының басқару мәдениеті, оның тұлға ретінде мектеп басқарудың технологиясы мен құндылықтарын жасау, игеру және оны алға жылжытуға бағытталған жұмыстарда өзінің шығармашылық күш-қуатын танытуы.
Басшы өз ұйымының ең маңызды қозғаушы күші. Оның ұйымдастырудағы қабілеті мекеменің барлық жұмыскерлеріне тікелей әсер етіп жатады. Іскерлік – ұйымдастыру мәдениетінің елеулі нышаны, қызметтің белгілі бір жеке іс бабындағы аса маңызды белгісі, ұтымды ұйымдасқан, істің мүддесіне айқын бағдарланған белсенділік; қызметкердің мінез-құлқының белгісі, жеке басының қасиеті, қабілет-қарымы, еңбексүйгіштігі, өзінің кәсіптік міндеттеріне іскерлікпен қарауы, еңбек қызметін тиімді пайдалана білуі, қол астындағы қызметкерлердің қызметін ұйымдастыра білуі, іске жұмылдыра білуі. Мұндай қадір-қасиетке ие адам (іскер адам) барлық нәрседен іс үшін пайдалы жақтарды, нышандарды, байланыстарды, қатынастарды көре біледі, іс үшін пайдалы нәрсені ала біледі.
Ұйымдардың аумағы кеңейген сайын олардың қызметшілерінің кімнен тапсырма алып, есеп берулерінде қиындықтар туындайды. Ұйым сәтті жұмыс атқаруы үшін басқару бойынша жұмыстар басқаруға жатпайтын жұмыстардан бөлінуі керек, демек, ұйымды басқару үшін жетекші тағайындап, оның атқаратын қызметін және қызметтік бабын анық көрсетуі тиіс. Мұндай еңбек бөлінісінің нәтижесінде басқару деңгейі анықталады.
Шартты түрде айтатын болсақ, ЖОО-да құрылымдық басқару жоғарғы, орта, төменгі буын болып бөлінеді.
Жоғары буын басқарушылары - құрылымдық басқарудың жоғарғы өкілдері. Олар ұйымға деген жауапкершілігі жоғары және ұйымда үстем басқарушы тұлғалар.Мысалы,жоғарғы мектепте ол – декан және оның орынбасарлары.
Орта буын басшылары- құрылымдық басқарудың орта буыны, олар жоғарғы басқару деңгейі мен орта буындарды байланыстыра отырып, үлкен жауапкершілікке ие болатын деңгей.Олар жоғарғы буын басшыларының міндеттемелерін төменгі буынға жүргізіп, төменгі буын менеджерінің қызметін бақылайды.Оған,кафедра меңгерушісі және оның орынбасарлары.
Төменгі буын басшылары- құрылымдық басқарудың орта деңгей өкілдері. Олар өздеріне тиесілі міндеттерді атқарады. Оларды бақылаушы- менеджер деп те атайды.Мысалы,осы басқару құрылымына куратор-эдвайзер қызметін айтса болады.
Басқарудағы негізгі түсініктері: байланыс қарым- қатынастары, қызметтік міндеттері және деңгейлері.
Басқарудағы қарым- қатынастар: тікелей қатынастар және қызметтік қатынастар болып бөлінеді.
Тікелей қатынастар- басқарушы мен қызметкердың қатынасы.
Қызметтік қатынастар- ұйымдағы ауқымды қызметтер атқаратын менеджердің қатынасы және басқа ұйымдар мүшелерімен қатынасы.
Басқарма аппараттары қатынасы- бұл қатынаста біреудің құқықтары мен қызметтерін анықтаудағы міндеттер. Мұнда әр бөлім басшылары сайланады, менеджерлер тағайындалады.
Бұл қатынастың кемшіліктері: басқарма орыбасары өз қызмет бабын асыра пайдалануы мүмкін, мысалы, өзінің жеке мүдделері үшін кадр мәселелерін шешуде тікелей қатынас басшысына әсер етуі.
Жетістіктері: болашақ басшыларды дайындау әдәсә, барлық қызметшілерді бақылауда уақыт үнемделеді.
Тікелей басқаруды қадағалау үшін жанама басқарылады. Мысалы, әр факультет басшыларының қызметтерін қадағалау жанама басқарушы тұлға іске асырады. Сонымен қатар, бір тұлға бірнеше ұйым иесі болуы мүмкін, ол тікелей басқаратын менеджердің қызметін қадағалай отыра оған міндеттемелер артып, жанама түрде басшылық етеді. Тікелей басқаратын менеджер жанама басқарушы тұлғаға есеп береді.
Менеджер - ұйымның түрлі әрекеттерін қадағалайтын, шешім қабылдауды лауазымы жоғары құқылы және басқарушылық міндетті тұлға.
«Менеджер» термині кеңінен таралған және мынадай көріністерге ие:
Жоспарлы - мақсатты топтардың немесе ұйым бөлімдерінің нақты жұмыстарын қадағалайды
өндіріс бөлім, бөлімше, басқарма басшылары
қызметтік қатынастардағы жетекшілер
жұмысты ұйымдастыруда қазіргі заманауи әдістермен жетекшілік ететін әр түрлі деңгейдегі басқарма әкімшіліктері.
Барлық деңгейдегі менеджерлерге талаптар жоғары болады.Жоғарыда айтып кеткендей,менің ойымша жоғары мектепте менеджер жұмысын атқаратын тұлға-ол куратор эдвайзер.Сондай-ақ олар өз қызметін атқара отырып мынандай қойылатын талаптарға жауап береді:
Менеджердің жан - жақтылығы. Тек әкімшілік қызметте белсенді болмай, қоса, нарықты қадағалай білетін, өнім өндірісінен жақсы ақпараттандырылған, білімді тұлға.
Шешім қабылдауда өзіне сенімді.
Әдебиеттер: «Кредиттік оқыту технологясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ережесі» № 566 24.11.2007 ж.
Қазақстандағы кредиттік оқыту жүйесінің негізі С.Б. Әбдіғапарова, Г.К. Ахметова, С.Р. Ибатуллин, А.А. Құсаинов, Б.А. Мырзалиев, С.М. Өмірбаев; Алматы -2004 ж.
МынбаеваА.К. Основы педагогика высшей школы. Учебное пособие –Алматы, 2013 г.