КРЕМНИЙДІ ҢМЕТАЛДАРМЕН, АЗОТПЕН,СУТЕКПЕН ЖӘНЕ ГАЛОГЕНДЕРМЕН ҚОСЫЛЫСТАРЫ
Химиялық қасиеті жағынан кремнийдің кристалдық түрі инертті , аморфты түрі реакцияласқышырақ. Айталық, фтормен қалыпты жағдайда-ақ оттек , хлор , бром және күкіртпен 400-600 , азот және көміртекпен өте жоғары температурада реякцияласады.
Жеке қышқылдар кремнийге еш әсер етпейді, қайта пассивтеніп кетеді, кремний HF мен HNO қоспасында ериді:
3Si+4HNO +18HF=3H SiF +4NO+8H O
Сілтілердің әрекетінен кремний тұзға айналады:
Құм мен коксты тиісті мөлшерде араластырып қыздырса , кремний мен көміртектін қосылысы - кремний гарбиді SiC түзіледі, оны көбіне карбарунд деп атайды.
SiO +3C=SiC+2CO
Таза карборунд – түссіз кристалдық, өте қатты зат , қаттылығы алмаздан ғана кем , тығыздығы 3,2г/ см . техникада карборунд көп мөлшерде өндіріліп , қаттылығын пайдаланып , қайрақ тастар , шлифтайтын дөңгелектер жасауға т.б. және отқа берік материал ретінде пайдаланылады.
Құм мен магний арасындағы реакцияда , магнийді артығырақ алса , тотықсызданып шыққан кремний магниймен қосылып магний силицидің Mg Si түзеді:
4Mg+SiO =Mg Si+2MgO
Материалды кремнийден тотықтырғанда (700-1200 С) металл оксидімен кремнийді араластырып инертті атмосферада қыздырғанда силициттер түзіледі:
6MnO+5Si=2Mn Si+2SiO
Силицидтер қасиеті және құрылымы жағынан да карбидтарға ұқсамайды . Қосылушы металдың қасиетіне тәуелді силицидтердегі байлайныс ионды , коваленттіден металдыққа дейін өзгере береді, осыған байланысты кейбір силицидтер өткізгіш , кейбіреулері шалаөтөткізгіш болып келеді.
Силицидтер қатты қыздырғанда айырылмайтын қосылыстар , кейбірактив металдың силицидтері сумен , қышқылмен реакцияласады.
Силицидтерді отқа берік , қышқылға төзімді құймалар , жоғары температурада ұсталатын шала өткізгіштер (CrSi ,COSi ,ReSi ) жасауда қолдланады . Кейбір силицидтер атомдық техникада пайдаланылады.
Иагний силицидіне хлорсутекпен әрекет етсек кремний сутексилан деп аталатын зат түзіледі:
Mg Si+4HCl=2MgCl +SiH
Силан SiH - түссіз, ауада өзінен-өзі тұтанып , жанып кететін газ, жанғанда кремнийдің диоксиді және су түзіледі:
SiH +2O = SiO +2H O H=-1287.4 кДж/моль
SiH басқа тағы бірсыпыра силандар деп аталатын кремнийсутекті қосылыстар - Si H , Si H , Si H бар; бұлар метанның гомолог қатары сияқты. Бірақ көміртек атомдарының арасындағыдай емес, кремний атомдарының арасындағы байланыс нашар болғандықтан бұлардың тұрақтылығы кем, реакцияласқыш болады.
Кремний галогенидтерінің жалпы формуласы SiГ , тікелей синтезбен Si+2 Г =Si Г алынуы мүмкін. Бұлардың барлығы да түссіз, Si F - газ, SiCl - қатты зат. Іс жүзінде басқа жолмен де алуға болады:
SiO +4HF=SiF +2H O
SiO +2C+2Cl =SiCl +2CO
Кремнийдің галогендері сумен жақсы реакцияласады, реакцияларының жалпы схемасы мынадай:
Si Г +2H O SiO +4HГ
Кремнгий фторпидін SiF суға жіберсе , онда кремний фторсутек қышқылы сутекгексафторосиликаты H SiF түзіледі:
3iF +3H O=2 H SiF + H SiF
Кремний фторсутек қышқылын былайша , тікелей де алуға болады:
2HF+ SiF = H SiF
Ерітіндісін салқындатса екі молекула суды қоса кристалданады.
Кремний фторсутек қышқылы күшті қышқылдардың бірі, 0,1 н. Ерітіндісін диссоциациялану дәрежесі 0,75% . Күшті дезинфектор . Тұздары фторсиликаттар , көпшілігі ерімтал , өсімдік зиянкестерін тұтынылады, эмаль жасағанда жұмсалады.
Кремнийдің азотты қосылыстары. Кремний нитриді химиялық өте тұрақты , ыстыққа төзімді ( ) қосылыс. Ол фторсутек әсеріне төзімді, балқыған металдар мен сілтілерде өзгеріске ұшырамайды. кристалдары түссіз, гексогоналды құрылымы бар шала өткізгіш ( ). Кремний нитриді отқа , каррозияға төзімді материалдар, қиын балқитын құймалар жасауда шала өткізгіштер алуға пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |