Цифрлы Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Орындаған:Жарылқасымова Ақбота
201-топ
2017 жылдың 12 желтоқсанында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылған болатын. Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында айрықша атап өткен болатын.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстанды» ерекше атап өтуінің өз жөні бар. Себебі қазіргі таңда IT саласы дүниежүзі бойынша айрықша сұранысқа ие. Оның ішінде ақпараттық технологиялардың қарышты қадаммен жетіліп, күн санап дамып жатқан қазіргі заманда оны қолға алмасақ, дамытпасақ, дамыған, өркениетті отыз елдің қатарына ену Қазақстан үшін орындалмас жай арман болып қалары белгілі.
Себебі, экономикасы, әлеуеті дамыған өркениетті, дамыған елдердің барлығы дерлік сандық жүйеге ойысып, өнеркәсібінің дамуына және халқының әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып келеді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында Қазақстанда үшінші жаңғырудың бастау алатыны ресми түрде жарияланды. Бұл дегеніміз Қазақстанда үлкен экономикалық және технологиялық дүмпу болуы қажет. Бұл ретте IT саласына ерекше басымдық беріледі.
«...Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет.
Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының еңнегізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы тұрғындарының өмір сапасын жақсарту, сонымен қатар ұлттық экономиканы цифрландыру. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН СЕКСЕН ПАЙЫЗҒА ДЕЙІН АРТТЫРУ ЖОСПАРДА БАР. СОНЫМЕН БІРГЕ, ТЕК 2017 ЖЫЛДЫҢ ӨЗІНДЕ “ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА 244 РАДИО ЖӘНЕ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ СТАНЦИЯ САЛЫНАТЫН БОЛДЫ. ЖҮЗЕГЕ АСҚАН ЖОБАЛАРДЫҢ КӨПТЕГЕН БӨЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕКМЕНШІК СЕРІКТЕСТІГІ АЯСЫНДА ІСКЕ АСАДЫ. «Зерде» Холдингінің төрайымы Әсел Жиенбаева айтқан мәліметке сәйкес, жобаның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының экономикасын бәсекеге қабілеттілігін арттырып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту.
Жоба басты төрт бағыт аясында іске асатын болатын. Оның әрқайсысына тоқталып, талдап көрелік.
Бірінші бағыт – ауылды аймақтарды интернетпен қамтамасыз ету жоспары тұр, Қазақстан Республикасының транзиттік жағдайын арттыру.
Екінші бағыт – Қазақстан Республикасы экономикасының түрлі саласына цифрлық технологияны ендіру. Оның әрқайсысына жеке-жеке тоқтап өтелік. Олар - көлік және логистика саласы, денсаулық сақтау саласы, білім беру саласы, ауыл шаруашылығы мен электронды сауда саласын дамыту.
Үшінші бағыт – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жұмысының сапасын жақсарту және Қазақстан Республикасы азаматтарына ыңғайлы ету.
Төртінші бағыт – IT-секторындағы білікті мамандарды дайындау.
ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АТАЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ ЖҰМЫСЫ ОДАН ӘРКЕЗ ЖЕТІЛДІРІЛІП ОТЫРАДЫ.
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ЖАСАУ БАРЫСЫНДА КӨПТЕГЕН ӨРКЕНИЕТТІ, ДАМЫҒАН ЕЛДЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ ҚОЛДАНЫЛДЫ. ОЛАР - ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖОЛЫНДА ТОЛАҒАЙ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ҚОЛЖЕТКЕН АВСТРИЯ, ДАНИЯ, АУСТРАЛИЯ, КАНАДА МЕН СИНГАПУР СЕКІЛДІ ЕЛДЕРДІ МЫСАЛҒА КЕЛТІРУГЕ БОЛАДЫ.
Мысал, Австрия астанасы Вена қаласында қалалық қаржылық бюджетті дайындауда жоспарлаудың «цифрлық» принципі пайдаланылады. Соның нәтижесінде, Австрия астанасы Вена қаласының бюджетіндегі қаржының жыл сайын екі миллион еуросын үнемдеуге көмектеседі екен. Ал, Америка Құрама Штаттарындағы Бостонда коммуналды қызмет түрлерін бақылауға арнайы мобильді қосымша бар. Ол қолданысқа енгізілгелі бері Қазақстан Республикасы тұрғындарының шағымы алпыс алты пайызға бірден қысқарған.
Назарларыңыз рахмет!!!