Кристаллография ғылымы



бет1/3
Дата06.10.2023
өлшемі0,56 Mb.
#113184
  1   2   3
Байланысты:
1 лекция


Кристаллография мен минералогия ғылымдарының бір-бірімен байланысы өте тығыз, себебі Жер қыртысын құрайтын минералдар және солардан құралған таужыныстарының, кендердің және кристалдық агрегаттардың ішкі құрылысы көбінесе кристалдық болады. Табиғи минералдардың 98 % кристалдық құрылымды заттар, сондықтан да минералогия ғылымын зерттеу әрқашанда кристалдар және кристаллография туралы жалпы мәліметтермен танысудан басталады.
Кристаллография ғылымы кристалдық заттардың сыртқы пішінін, ішкі құрылысын, құрылымын, пайда болу жолын, химиялық және физикалық қасиеттерін зерттейді. Зерттеу бағыттарына және әдістеріне сәйкес кристаллография 3 түрге бөлінеді: геометриялық кристаллографиякристалдардың сан алуан пішіндерін, олардың жақтарының аралық бұрыштар шамасын анықтауымен айналысады; физикалық кристаллография немесе кристаллофизика, химиялық кристаллография немесе кристаллохимия – кристалдардың және минералдардың физикалық немесе химиялық қасиеттерінің кристалдық құрылымына байланыстығын зерттейді.
Қатты заттар табиғатта, аморфты және кристалды түрлерінде кездеседі.
Аморфты заттарды (грекше – «пішінсіз» зат) құрайтын бөлшектер ретсіз орналасқан, олар өзіндік қырлы формалар түзей алмайды (мысалы жанартаулық шыны). Оларда кристалдану, симметрия құру қасиеттері жоқ.
Кристалдық заттар табиғатта өте кең тараған. Жер қыртысын құрайтын әртүрлі таужыныстары кристалдық түйірлі агрегаттарынан тұрады. Барлық металдар, олардың балқыламалары, айналадағы ортаны қоршаған заттардың көбі кристалдық денелерге жатады. Кристалдық заттарға мынадай негізгі қасиеттер тән:
1. Бір тектілік – кристалдың құрамы мен қасиеттерінің бүкіл кристалл денесі бойынша ауытқымай тұрақты және заңды болып қалуы.
2. Анизотроптық деп параллель бағыттарда қасиеттері бірдей, параллель емес бағыттарда қасиеттері әртүрлі кристалдық денелерді атайды. Кристалдардың әртүрлі физикалық қасиеттері, мысалы, жылу өткізгіштігі, қаттылығы, серпінділігі және т.б., осы аталған бағыттардың өзгеруіне байланысты болып келеді.
3. Ал изотроптық денелерде мұндай заңдылық жоқ, олар барлық бағытта да бірдей қасиетке ие.
4. Өзіндік қайта жақтану қасиеті. Бұл қасиет тек кристалдық заттарға тән. Бос кеңістікте өскен кристалдар өздеріне тән қабырғаларымен шектелген көп жақты денелер түзейді.
5. Симметрия құру қабілеттілігі. Симметрия деп заттардың немесе олардың бөлшектерінің жазықтықта немесе кеңістікте заңды орналасуының қайталануын айтады. Барлық кристалдық денелерге симметриялық қасиет тән.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет