Критериалды бағалау технологиясы



бет41/75
Дата22.12.2023
өлшемі1,35 Mb.
#142696
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   75
Байланысты:
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

қолдану→ талдау жинақтау→ бағалау деп жіктеледі.

Сұрақтар үшін кəртішкенің индексі

Мұғалім оқушыларға екі жағында да тапсырмасы бар карточка тапсырады.

  1. жағы: Өткен тақырыптың ең негізгісі

  2. жағы: Өткен тақырыптан ұқпағаныңызды сұрақ қылып жазыңыз.

Бір минуттық эссе

Бір минуттық эссе – тақырып бойынша пысықтаудың бір жүйесі. Эссе жазу үшін мұғалім бірнеше сауал қояды.
Бүгінгі білгеніңнің ең маңыздысы? Қай сұрақтар сен үшін түсініксіз?
Сабақ соңында, келесі сабақта қай тақырыпты өтетіндігі жайлы
хабарлайды.

Сөздік үлгісі
(еске салу)

Ұстаз оқушыларға сөздік үлгі береді, (подсказка) көмектесушілер жауап құрады. Мысалы: Негізгі идея (ұстаным немесе процесс)
болып табылады, өйткені т.с.с.

Қате түсінікті тексеру

Ұстаз қатысушыларға қандайда бір ұстанымның (идея) талдауларының қате болжамдарын немесе əдеттегі қате түсініктерді əдейі береді. Сонан соң ол қатысушылардан айтылғандармен келісетіндігін немесе келіспейтіндігін, өздерінің
көзқарастарын айтуларын сұрайды.

Оқушылармен
жеке əңгімелесу

Ұстаз оқушылармен олардың деңгейі мен түсініктерін байқау
үшін жеке əңгіме жүргізеді.

Үш минуттық үзіліс






Ұстаз қатысушыларға сабақтың идеясы жайлы ойлануына, тақырыпты түсіндіру барысында олардың осы тақырып төңірегінде қаншалықты өзінің түсінгеніне, жаңа өтілген тақырып бойынша өз тұжырымдамасына, пікіріне рефлексия жасай отырып, өзінің алдыңғы білімін жəне тəжірибесін байланыстырып, нақты түсінік табуына мүмкіндік беру.
Өтілу барысы: Тыңдаушыларға жаңа түсіндірілген тақырыпты ой елегінен өткізу мақсатында 3 минуттық үзіліс ұсынылады.
Төмендегідей фразалар ұсынылады. Мен ...... туралы көзқарасым өзгерді.....
Мен....... жайлы хабардар болдым......
Менің ...... жайлы айқын түсінік қалыптасқан тұсы......
Мені...... таң қалдырғаны.......



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет