Критериалды бағалау технологиясы



бет44/75
Дата22.12.2023
өлшемі1,35 Mb.
#142696
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   75
Байланысты:
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

(жазбаша керібайланыс)




бағалау өлшемдеріне қарай өз түсініктемелерін жасайды жəне жеткен нəтижелерінің деңгейін бақылайды. Түсініктемелері анық жəне түсіндіре білуі керек. Жазба жұмыстарын тексере отырып, дұрыс жерлерін бір түспен, ал əрі қарай жетілдіру керек жерлерді екінші бір түспен белгілеп қоюға болады. Жазба жұмыстарға түсініктеме бергенде еске салу, ой айту немесе мысалдар
көрсетуге болады.

Сөздік бағалау (ауызша кері байланыс)




Бағалау түрінің ең көп тараған түрі:
Мұғалім оқушыны жаттығуларды жақсы орындағаны үшін мақтайды, осылайша ауызша кері байланыс орнатты. Осыған орай оқушылар берілген материалды немесе мағлұматты сəтті ұққандары жайлы түсінуіне болады. Мұғалім оқушыға жаттығуды орындағандағы қателерін көрсетеді. Ол оның жұмысына ешқандай белгі қоймайды, бірақ оны бағалайды. Нəтижесінде оқушылар жетістікке жетулері үшін одан əрі биік нəтижелерге жетуі керек деп ұйғарады.

Өзін-өзі бағалау

Бұл əдісте қатысушылар өздерінің білімдері жайлы мағлұмат жинайды, оларды талқылап, алға жылжуларына қорытынды жасайды. Өзін-өзі бағалауды жүргізгендегі міндетті шарттары – оқушылардың оқытылатын тақырыпты өтер алдында жəне
жұмысты орындар алдында олар барлық жұмысты бағалау межелерімен (критерий) таныс болулары қажет.

Екі жұлдыз, бір тілек (бір-бірін бағалау)

Бұл əдіс оқушылардың шығармашылық жұмыстарын, яғни шығарма, эсселерін бағалауға қолданылады. Мұғалім, оқушыларға сыныптастарының жұмыстарын тексеруді ұсынады. Мақсаты - өзгені бағалау арқылы өзінде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі
арқылы өз кемшілігін тауып, оны түзетуге бағыттау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет