Теңдік жəне теңсіздік. Теңдеу. Санды жəне əріпті өрнектер
Есептер жəне математикалық модель
Оқумақсаты:
Теңдік жəне теңсіздікті, теңдеуді, тура жəне тура емес теңдік пен теңсіздікті айыра білу.
Əріптің берілген мəніндегі бір амалды əріпті өрнектің мəнін табу.
Жақшасыз əріпті, санды өрнектерді салыстыру. Қосынды жəне қалдықты табуға берілген есептерді талдау жəне шығару, кері есеп құрастыру жəне шығару.
Ойлау дағдыларыныңдеңгейі:
Білу жəне түсіну Қолдану
Талдау
Бағалаукритерийі:
Теңдік, теңсіздікті, теңдеуді ажыратады. Тура жəне тура емес теңдіктерді анықтайды.
Берілген мəні бар əріпті өрнектің мəнін табады. Санды жəне əріпті өрнектерді салыстырады.
Қосындыны жəне қалдықты табуға берілген есептерді шығарады.
Бос орынға теңдіктердің біреуі тура, ал екіншісі тура емес болатындай етіп тиісті сандарды қой.
Тура
Тура емес
40-?=20
20-?=10
С = 4 деп алып, өрнектің мəнін тап. С-3 С+6
Өрнектерді салыстырыңыз.
4+С ? 6+С 10-А ? 6-А 10-6 ? 8+2
Есепті шығарыңыз.
Ешкінің 7 лағы бар еді. Олардың 6-ы серуендеп кетті. Үйде неше лақ қалды?
Бағалаукритерийлері
Дескрипторлар
Балл
Білімалушы
Теңдік, теңсіздікті, теңдеуді ажыратады
теңдеулерді қызыл түспен бояйды;
1
теңдіктерді сары түспен бояйды;
1
теңсіздіктерді жасыл түспен бояйды;
1
Тура жəне тура емес теңдіктерді анықтайды
тиісті санды жазып, тура теңдік шығарады; тиісті санды жазып, тура емес теңдік шығарады;
1
1
Берілген мəні бар əріпті өрнектің мəнін табады
берілген мəні бар айырманың мəнін табады;
1
берілген мəні бар қосындының мəнін табады;
1
Санды жəне əріпті өрнектерді салыстырады
қосындыға берілген əріпті өрнектерді салыстырады;
1
айырмаға берілген əріпті өрнектерді салыстырады;
1
бір амалмен берілген санды өрнектерді салыстырады;
1
Санды жəне əріпті өрнектерді салыстырады
есептің қысқаша шартын жазады немесе сызбасын сызады;
1
есептің сұрағын жазады;
1
есептің шешуін жазады (амал таңбасын таңдайды);
1
өрнектің мəнін табады–есептің шешуі;
1
есептің жауабын жазады.
1
Барлықбалл
15
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нəтижелерін талдау
Мұғалімге бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нəтижелеріне талдау жүргізу ұсынылады. Аталған талдау білім алушыларға кері байланыс беруге, сыныптың оқу жетістігі деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа мұғалім қажет болған жағдайда қалыптастырушы, жиынтық бағалау рəсімдерінің алдағы уақыттағы əдістерін, тапсырмаларды, сабақ жоспарларын қайта қарауына болады.
Білім алушылардың оқу жетістігі деңгейлерінің жалпы сипаты (12-
кестеде) көрсетілген.
кесте. Білім алушылардың оқу деңгейлерінің сипаты
Деңгейлер
Сипаты
Төмендеңгей
пəндік терминдер мен ұғымдар бойынша қарапайым білімін жəне түсінігін көрсетеді;
жай тапсырмаларды орындайды жəне тікелей нұсқаулықтарға сай орындау рəсімдеріне ілеседі;
ақпаратты ұсынудың əр түрлі формаларының (кестелер, графиктер жəне диаграммалар) негізінде жай қорытынды қалыптастырады;
жай тапсырмалардағы үлгілерді ажыратады.
Ортадеңгей
пəндік терминдер мен ұғымдар бойынша жеткілікті білімін жəне түсінігін көрсетеді;
əдеттегі тапсырмаларды орындайды, таныс жəне кейбір таныс емес жағдайларда білімін сəтті қолданады;
ақпаратты жалпылайды жəне ішінара негіздей отырып қорытынды жасайды, алынған нəтижелерге қатысты аргументтерді келтіре алады;
əдеттегі тапсырмалардағы үлгілерді ажыратады, шешудің стандартты жолдарын ұсынады жəне қолданады;
тапсырмалардың бекітілген жиынын шешу үшін оқу бағдарламасының басқа өрістерінен білімін, дағдыларын кіріктіреді.