Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Тіркеу үдерісі кезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сəйкес білім алушылардың білімін, дағдысын көрсететін дəлелдерді жинау жүзеге асырылады. Жиынтық бағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау), тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) жəне білім беру деңгейін аяқтағанда (негізгі орта, жалпы орта) жүргізіледі. [2,3,19].
Жиынтық бағалау бойынша балл/деңгей/баға туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сəйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге əр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі. Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады. Сонымен бірге мұғалімге əр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі. Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады. Пəн бойынша əдістемелік бірлестіктерге жиынтық бағалаудың барлық түрлері бойынша бақылау тапсырмаларын, əдістерін, кезеңдерін көрсетіп, оқу жылына жиынтық бағалаудың жоспарын құрастыру ұсынылады (6-қосымша).
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сəйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Аталған жиынтық бағалаудың нəтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын баллдар қойылады. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу мақсаттарына, бағалау критерийлеріне сəйкес құрастырылады. Жиынтық бағалауға қатысты əдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды өткізудің тапсырмалар үлгілері берілген. Бөлім/ ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың əдістері, тапсырмалары анықталады, оны мектептер өз бетінше құрастырады. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау бекітілген критериалды бағалауды өткізу тəртібіне сəйкес жүргізіледі. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рəсімдер
саны жиынтық бағалауға қатысты əдістемелік ұсыныста берілген:
жаратылыстану- ғылыми пəндер – бөлім бойынша;
əлеуметтік-гуманитарлық пəндер – ортақ тақырыптар бойынша;
тілдік пəндер – сөйлеу əрекетінің түрлері бойынша: тыңдалым мен айтылым, оқылым мен жазылым бойынша анықталады.
Оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары өтілген бөлім немесе ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рəсімдер мазмұнын
анықтауға мүмкіндік береді. Бөлім немесе ортақ тақырыптардағы бағалауға жататын оқу мақсаттарының саны (9-кесте) пəндерге байланысты əр түрлі болуы мүмкін.
кесте. «Жаратылыстану» пəнінен бөлім бойынша мысал, 1-сынып, 3-
тоқсан - 9 апта
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
Бағдарлама бойынша бөлімшелер
Мақсаттар саны
«Жер жəне ғарыш»
Жер
3
Ғарыш
Кеңістік
«Табиғат физикасы»
Жылу Электр Магниттілік
3
Барлығы
6
Мысалы, 1-сыныптағы жаратылыстану пəнінен оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарында 3-тоқсан бойынша 2 бөлім берілген: «Жер жəне ғарыш», «Табиғат физикасы». Сəйкесінше, математикадан 1-тоқсандағы бөлім бойынша жиынтық бағалау əр бөлімді меңгеру жəне аяқталуына қарай үш рет өткізіледі. Кейбір пəндерден ұзақ мерзімді жоспарға сəйкес бір тоқсан барысында меңгеру үшін 1-ден 5-ке дейін бөлімдер берілген. Бөлім бойынша жиынтық бағалау 1 бөлімнен тұрған жағдайда тоқсанның екінші жартысында 1 рет, тоқсан соңына дейін 2 аптадан кем емес уақытта өткізіледі. Осыған байланысты, бөлім бойынша жиынтық бағалаудың максималды саны тоқсанда 3-тен көп болмауы қажет, 4 жəне одан да көп бөлімдерді меңгерту қажет болған жағдайда, мұғалім оқу мақсаттарын есепке ала отырып, бөлімдерді біріктіруге болады. Тілдік пəндерден бөлім бойынша жиынтық бағалау тоқсанда екі рет өткізіледі. Əр бөлім бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу əрекеттерінің (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) екі түрі тексеріледі. Сонымен бірге айтылым дағдысын бірінші бөлім бойынша жиынтық бағалау уақытында өткізу ұсынылады. Айтылым дағдысын бағалауды жиынтық бағалау өткізу жоспарланған апта ішінде сабақ үстінде өткізуге болады. Əр оқушының жауабы шамамен 2-ден 5 минутқа дейінгі уақыт аралығын қамтуы мүмкін. Бөлім бойынша соңғы өткізілетін, жиынтық бағалауды тоқсан соңына дейін 1 апта бұрын өткізу жоспарланады. Бөлім бойынша жиынтық бағалауды орындау уақытын мұғалім берілген тапсырмалар мен оны орындауға кететін орташа уақытты, жұмысты орындауды есепке ала отырып анықтайды. Сонымен бірге бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды 15-20 минут уақыт аралығын қамтитындай етіп жоспарлау қажет. 15-20 минуттық шектеу – шартты, сабақтың белгілі бір бөлігін ғана алатындай, шағын көлемді бағалау жұмыстарын көрсету мақсатында енгізілген. Оқу бағдарламасында берілген оқу мақсаттары жиынтық жұмыстың мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру кезінде мұғалім жиынтық бағалауға қатысты əдістемелік ұсыныста
көрсетілген үлгілерді қолдануына болады. Одан басқа, мұғалімге өз бетінше бағалау құралдарын құрастыру ұсынылады. Ол үшін мұғалімге көмек ретінде төмендегідей алгоритмдер ұсынылады (7-сурет).
оқу бағдарламасы, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша оқу мақсаттарын меңгеру;
жиынтық бағалауда тексерілетін оқу мақсаттарына сəйкес бағалау критерийлерін анықтау, ойлау дағдыларының деңгейлерімен сəйкестендіру;
ойлау дағдыларының деңгейлеріне сəйкес келетін бағалау критерийлердің, оқу мақсаттарының мазмұнын қамтитын бір немесе бірнеше тапсырмалар дайындау;
əр тапсырмаға дескрипторлар құрастыру;
оқушыларға, олардың ата-аналарына жиынтық бағалау нəтижелерін ұсыну үшін бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауға рубрикалар құрастыру (бағалау критерийлерінің дискриптормен сəйкестігін сипаттау).
7-сурет. Бағалау құралдарын құрастыру жүйесі.
Осылайша мұғалім бөлім немесе ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау кезінде оқу мақсаттарының негізгілерін көрсететін, ойлау дағдыларының деңгейлеріне сəйкес екенін белгілейтін бағалау критерийлерін анықтайды. Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері (10- кестеде) көрсетілген.
«Жер жəне ғарыш» бөліміндегі оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері, «Жаратылыстану» 1-сынып
Бөлім
Оқу мақсаттары
Ойлау дағдыларының деңгейлері
Білім алушы
«Жер жəне ғарыш»
1.4.1.1 Жердің пішінін моделі негізінде анықтау
Жердің пішінін жəне жасанды моделін анықтайды
Білу жəне түсіну
1.4.2.2 Ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу апараттарын сипаттау
Ғарышты зерттеу құрылғыларын анықтайды.
Білу жəне түсіну
1.4.3.2 Уақытты өлшеу құралдарын анықтау
Уақытты өлшеу құралдарын анықтайды
Қолдану
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың міндеті – білім алушының ағымдағы оқу жетістігін, аралық нəтижелерін белгілеу.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау - бұл белгілі бір материалды меңгеруді аяқтаған кездегі оқу жетістігін бағалау.
Аталған бағалауды сабақ үстінде 15-20 минут уақытты алатындай мерзімде ұйымдастыру ұсынылады. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың мысалы (11-кестеде) берілген.
кесте. «Математика» пəнінен бөлім бойынша жиынтық бағалаудың үлгісі, 1-сынып