Критериалды бағалау технологиясы



бет65/75
Дата22.12.2023
өлшемі1,35 Mb.
#142696
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   75
Ойлау дағдыларының деңгейі – əрбір деңгейі белгілі бір ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық жүйесі.
Оқу бағдарламасының ортақ тақырыбы – нақты пəн бойынша оқу мақсаттарына жету үшін түрлі пəндер аясында білімі мен білігін біріктіретін құрал ретінде пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ компонент.
Оқытудың күтілетін нəтижелері – білім алушының оқу үдерісі аяқталған кезде нені біліп, түсініп, нені көрсете алатынын айқындайтын құзыреттіліктер жиынтығы.
Оқу мақсаттары – оқу бағдарламасына сəйкес пəн бойынша оқу курсы аралығында білу, түсіну жəне дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін нəтижелерді қалыптастыратын тұжырым.
Портфолио – оқушының білім алудағы белгілі бір кезеңде, бір немесе бірнеше пəн бойынша жетістігін, ілгерілеушілігін, оқытудағы нəтижесін көрсететін жеке жетістіктер бағасын тіркеу əдісі. Портфолио критериалды жүйені енгізуде оқушы нəтижелерін шынайы жəне əділ бағалау мақсатында енгізіледі.
Рефлексия –оқу процесінде оқушылардың мүмкіндігінше аналитикалық ойлау жəне негiзгi бiлiмдер мен дағдыларды өзінің түсiнуiн барлауда қажетті дəлел.
Рубрикатор – оқушының өткен тақырып бойынша алған білімін бағалау критерийлерінің тізбесі. Ол қандай да бір тақырыпты меңгеру мақсатымен анықталады жəне берілген рубриканы ашатын критерийлермен толықтырылады.
SMART мақсаттары мен міндеттері (ақылды міндеттер)- оқыту мақсаты мен міндеттерін анықтауда қолданылатын, 1981 жылы Джордж Доран (George T. Doran) енгізген ұғым. Автордың айтуынша, SMART
аббревиатурасының құрамында оқыту мақсаты мен міндеттерін сипаттауға тиіс сын есімдер қамтылған:
S pecific (арнайы, нақты);
M easurable (өлшеуге болатын); A ttainable (қолжетімді);
R ealistic (шындыққа сай);
T imed (белгілі бір уақыт аралығымен шектелген).
Суммативті (қорытынды) бағалау -белгілі бір уақыт аралығында тақырыпты, тарауды оқып болғаннан кейін оқушының білімінің, іс-əрекетінің, дағдысының, құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтауға арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет