Айтылым дағдысының ішкі кезеңдері.
Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан көптеген оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған айқын.
Бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктерді пайдалануды көздейді. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу (таным) әрекетін орындауға дағдыланады.
Алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуын дағды деп атайды. Дағды санасыз қайталау нәтижесінде де қалыптасатын іс-әрекет болуы мүмкін. Соның нәтижесінде ол автоматталған әрекетке айналып, оңай, шапшаң әрі дәл орындалып отырады. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар және ресурстар арқылы жүзеге асырылады.
Белсенді сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады.
Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Бұл тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады. Соңғы уақытты табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет деген ойдың жақтастары көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін жəне əртүрлі салада қолдана білуін талап етеді.
Білімді дəл осылай қолдану оқушыларға соңғы кезде ХХІ ғасыр дағдылары деп аталып жүрген кең ауқымды құзыреттіліктерді меңгеруге мүмкіндік береді. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (2011) білім беру бағдарламаларын
əзірлеу барысында оқушылардың бойында қалыптастыру қажет рухани құндылықтар мен дағдылар тізімін құрды:
Достарыңызбен бөлісу: |