Тапсырма немесе критерий үшін ауызша пікір жалпы болып табылады. Көбінесе мұғалім қысқа пікірлер береді, жұмысқа тек баға беріліп, алдағы жұмыстың орындалуына ешқандай ұсыныстар берілмейді. Тиімді кері байланыс қамтамасыз ету үшін толықтай пікірлер қолдану қажет (1-сурет).
Нұсқа ретінде ауызша кері байланысты қолдануға болады. Ол үшін үш минутқа дейінгі аудио хабарлама мен құжаттарды электронды түрде жіберуге болады. Бұл жағдайда, аудио хабарлама пікір ретінде қабылданады, бұл ауызша хабарламадан неғұрлым жақсы болып есептеледі, себебі бетпе-бет байланысты қажет етеді, аудио хабарлама болса, оқушы аудио хабарламаны
тыңдай отырып, құжаттарды қарай алады. Мысалға, VoiceMemo қолданбалы бағдарламасын пайдалануға болады.
1-сурет.Ауызша кері байланыстың тиімділігін арттыру қадамдары.
Оқушыларыма ойлануға уақыт беремін
Оқушыларымды өз оқуы туралы ойлануға уəждеймін
Оқушыларымды келесі қадам жасауға жетелеймін
Оқушыларды өздерін пайымдауларын тереңдету мақсатында сұрақ қоюға жетелеймін