Критериалды бағалау технологиясы


Қатысушылар Болжаулы



бет27/75
Дата23.03.2023
өлшемі1,35 Mb.
#75741
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   75
Қатысушылар

Болжаулы ұпайлар

Алынған ұпайлар

Мен өзім

Мұғалім

Топтағы өз міндеттерімді уақытында жəне сапалы орындадым










Топта берілген тапсырмаларды зейін қойып орындадым










Берілген тапсырмаларды орындау барысында басқа қатысушыларға көмектестім жəне ынталандырдым.










Басқаларды мұқият тыңдадым










Дəлелді ойлар ұсындым










Талқылау жүргіздім (сыпайы түрде қарсылық көрсетіп, дау тудырған сұрақтарға келісім беруге тырыстым)










Топтағы басқа оқушылардың айтқан ақпараттарын толықтырдым жəне түсініктеме бердім










Қорытынды:










Осы үлгіні пайдалану арқылы мұғалімнің қойған бағасы мен оқушылардың өзін-өзі бағалауы сəйкестене түседі.



Оқушылардың




Оқушының аты-жөні




пікірталасқа қатысуын бақылау парағы

Қандай жиілікте
Əрекеттері

Əрқашан

Əдетте

Кейде

Ешқашан




Берілген
тапсырманы



















орындап,




сұрақтарға жауап




беріп, басқалармен




ой бөліседі




Оқулыққа



















сүйенбей, идеялар




туындайды, мысал




келтіреді.




Тыңдарман



















сөйлеушіні қуаттап




отырады




Өз пікірлерін дерек



















көздерімен немесе




практикамен




дəлелдейді




Пəн ауқымында



















қалып қоймай,




пікірлерін кең




тұрғыдан




қалыптастырады.




Пікірлерді



















қорытындылайды,




жалпылама түсінік




береді




Басқаларды



















тыңдайды, өзгенің




пікірімен санасады.




Өз ойларын басқа



















пікірлермен




салыстырып,




қорытынды




шығарады.




Жаңа түсініктердің



















пайда болуына




мүдделі



Бұл парақта оқушының жұмысын « немесе «-» белгілерін қойып бағалауға болады.
Төмендегі кестеде оқушының жұмысы бағаланбай, сабақтың барысы бақыланады. Бақылаушы сабақтың оң жағындағы бағанға өз пікірлерін келтіреді.

Сабақты
бағалау парағы




Пəн Мұғалім Уақыты




Талаптар

Комментарий

Аудиторядағы психологиялық климат




Оқушылардың қызығушылығы
(мотивациясы)




Оқушылардың белсенділігі




Оқушылардың бірлесе жұмыс жасауы




Блум таксономиясы бойынша жоғары деңгейлі сұрақтар мен тапсырмаларды қолдану




Сабақ құрылымының жүйелілігі




Мұғалім мен оқушылар қолданған əдіс- тəсілдер




Бағалау тəсілдерін қолдану




Сабақтың нəтижелілігі туралы жалпылама пікір







Оқушыдан интервью алу парағы




Оқушының аты-жөні Талқыланатын сабақ
тақырыбы немесе проблема




Сұрақтар

Оқушылардың жауаптары

- Сізге сабақ ұнады ма? Ұнаса несімен ұнады?
Өз пікіріңізді дəлелдеңіз.

  • Сабақтың ең ұтымды жерлері қандай болды?

  • Сабақ тақырыбының (проблеманың)сіз үшін қандай маңызы бар деп ойлайсыз?

  • Бүгінгі үйренгеніңіз сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба? Неліктен?

  • Осы тақырып (мəселе) бойынша тағы да не білгіңіз келеді?

  • Осы тақырып (мəселе) бойынша қандай ақпарат көздерін қарастырасыз?

  • Бұл проблеманы шешуде сіздің үлесіңіз қандай болды деп есептейсіз?

  • Сабақта қандай əрекеттер атқардыңыз?

  • Топ жұмысы қандай деңгейде болды деп есептейсіз? Неліктен?










- Өз жұмысыңызға қанағаттанасыз ба?









    1. Кері байланыс – оқытудың тиімділігін арттыру негіздері


Бағалау оқытудың ажырамас бөлігі, ал бағалаудың ажырамас бөлігі кері байланыс болуы тиіс. Қалыптастырушы бағалау үдерісі оқушыларды аса табысты оқытуға жəне мұғалімдерге аса тиімді оқытуға мүмкіндік туғызады, себебі дəл осы үдеріс кері байланысты алуға негізделген. Оқыту кезінде оқушыларды қадағалап, кері байланыс негізінде ақпаратты жинап жəне оқу үдерісі барысында зерттеулерді жүргізе отырып, мұғалім оқушылардың материалды қалай қабылдайтынын жəне олардың оқытудың сол не басқа тəсілін қалай елейтінін білетін болады. Оқу үдерісінде оқушылар неге білім алатындықтарын, не оқитындарын, өздерінің машығын қайда қолдана алатындарын жəне оларды қалай жақсы игеруге болатындығын білуі жəне түсінулері тиіс. Осының бəріне оқушыларға бағалауға қолжетімділік қажет, жəне мұғалім олармен бағалау нəтижесімен бөлісуі, оларға негізін, яғни бағалау жүргізілетін белгілерді ашуы, жəне өздеріне өздері мен сыныптастарын бағалауға мүмкіндік беруі, сондай-ақ өз мүддесінде бағалау нəтижесін пайдалануға көмек беруі тиіс [11,15].
Қалыптастырушы бағалаудың мəселелерін зерттеушiлер Брангерт Драунс, Кулик, Морган сонымен қатар Элдвар жəне Корнолар
«қалыптастырушы бағалау кері байланыстың оқушылармен үзіліссіз ағыны», «оқушыға реттелген түсініктерді алу жəне өзінің кемшіліктерін сезінуге көмектесетін айқын, түсінікті ұсыныстар мен ары қарай ілгері ұмтылу үшін жеткілікті мəлімет жинаушы» деп өз жұмыстарында атап өттi. Кері байланыс- мақсатқа жету үшін екі жақты сұрақтар туындағанда, жағдаяттарда, нақты əрекеттерге берілген ұсыныс пікірлер туралы ақпарат алу үдерісі. Кері байланыс – оқыту үдерісі қалай өтіп жатқандығы, оқушыларда туындаған мəселелер мен жетістіктері туралы мұғалімге ақпарат алуға, оқу тапсырмаларының мақсатқа сай шешімін табу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Кері байланыс көмегімен оқушылар өз оқуындағы негізгі проблемаларды анықтайды жəне əрі қарай жылжуы үшін қажет ұсыныстар ала алады, ал мұғалімдер – оқудағы проблемаларды анықтап өз қызметіне өзгеріс енгізу жөнінде (жаңа əдістерді, оқыту тəсілдерін, сабақ жоспарлауда уақытқа назар аудару қажеттігі) ойлануға жəне де жақсартуға мүмкіндік береді. Оқушылар үшін жиі жəне маңызды рөл атқаратын кері
байланыс орнатылған жағдайда ғана тиімді болмақ.
Кері байланыс – мақсатқа жету жолындағы нақты əрекет, жағдайлар, даулы сұрақтарды шешуде түсініктеме беру жəне хабар алу үдерісі. Тиімді кері байланыс арқылы оқушылар өздерінің күшті жəне осал жерлерін байқайды, өз оқуларын жақсартуға қаншалықты көмек беретінін түсінеді. Мұнда оқушы өзін бақылап, өзінің əрекет - тəсілдерін таңдайды, нəтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу,
күтілетін нəтижені жоспарлау, оны бағалау тəжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады.
Керi байланыс позитивтi болуы керек, бiрақ бұл оқушылар iстеген жұмыстың кемшiлiктерi туралы бiлу керек еместігін бiлдiрмейдi. Зерттеушiлер Блэк жəне Уильямның пiкiрiнше, оны пайдалану үшiн оқушы керi байланыс деген не екенін түсiну керек. Нақты жетiстiкке жету үшiн оқушы өзіне баға беруге үйренуi керек: «негізгі мақсатын түсініп, содан табысқа жетуге нені игеру керек екенін білуі керек». Сайып келгенде, оқушылармен кері байланыс оқушы қалай жəне нені түсінетіндігін немесе түсінбейтіндігі туралы мəлімет береді, сонымен қатар мұғалімге оқушының жетілуіне қажет стратегияны алуға көмектеседі.
Кері байланыс сабақтың əр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара əрекет етуін жүзеге асыруға, нəтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты əрі қарай жоспарлауға мүмкіндік береді. Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге:

  • білім алушылардың жақсы жақтарын ескеру;

  • тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбау;

  • білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшіліктерінің қайталанбауына ұсыныс беру;

  • кері əсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету, келемеждеуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға қалай ақылың жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбау ұсынылады.

Керi байланыс позитивтi болуы керек, бiрақ бұл оқушылар iстеген жұмыстың кемшiлiктерi туралы бiлу керек еместігін бiлдiрмейдi. Нақты жетiстiкке жету үшiн оқушы өзіне баға беруге үйренуi керек: «негізгі мақсатын түсініп, содан табысқа жетуге нені игеру керек екенін білуі керек». Сайып келгенде, оқушылармен кері байланыс оқушы қалай жəне нені түсінетіндігін немесе түсінбейтіндігі туралы мəлімет береді, сонымен қатар мұғалімге оқушының жетілуіне қажет стратегияны алуға көмектеседі.
Сабақтың əр бөлімінде де кері байланыс орын алады. Кері байланыстың екі – ауызша жəне жазбаша түрлері болады.
Ауызша кері байланыс бұрмалы, толық немесе шағын, бұрмаланусыз болады. Бұрмалы жəне толық түсініктемелер тек қана мұғалімнің бағасын ғана («жақсы», «жарайсың», «нашар», «дұрыс емес») қамтып қоймай, сонымен қатар ненің дұрыс, ненің қате екендігін көрсете отырып, қалайша қателерін түзеуге немесе толықтыруға болатындығына бағыт-бағдар береді. Бұрмаланусыз немесе шағын түсініктемелер тек қана мұғалімнің бағасын ғана қамтиды. «жарайсың», «нашар», «жақсы» т.с.с. Түсініктемелер позитивті, бейтарап (нейтралды) немесе негативті болуы мүмкін. Позитивті немесе бейтарап (нейтрал) түсініктемелер төмендегідей:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет