«Ұсын.баға» блогында ҚР БҒМ бекіткен формула негізінде есептелген бағаны көрсетеді.
«Қойылған баға» блогы бастапқы кезде бос болады және оқыту барысында мұғалім қолмен толтырады.
Қорытынды бағалар бөлімінде бағалаудың келесі түрлерін қоюға болады:
Бағаның атауы
Журналға қойылатын баға
Есептелінді
ЕСП (RU: ЗЧ)
Есептелінген жоқ
ЕСЖ (RU: НЗ)
Бес баллдық жүйе
5, 4, 3, 2
Аттестациялаудан өтпеді
А/Ө (RU: Н/А)
Босатылды
БОС (RU: ОСВ)
Оқыған жоқ
О/Ж (RU: Н/И)
Уақытша аттестацияланбайды
УА/А (RU: ВН/А)
Ескертулер:
пайыздық көрсеткішін шығару үшін, баллды қойғаннан кейін браузер бетін «Ctrl+F5» комбинациясын басу арқылы жаңарту қажет.
егер қойылған балды өзгерту/өшіру қажет болса, онда тінтуір меңзерін қолданып, қажетті ұяшықтағы балды өзгертіп/өшіріп, пернетақтада «Enter» батырмасын басу қажет. Егер қателік есебімен басқа бөлім толтырылып қойса, онда бірінші оқушыларға қойылған балдарды, сосын максималды баллды жою қажет.
Есептік кезең бойынша қорытынды бағаны есептеу формуласы Жиынтық бағалау бағалары математикалық дөңгелектеу ережесі бойынша есептелінеді және үтірден кейінгі барлық сандар есепке алынады:
43,11 = 43
43,31 = 43
43,52 = 44
43,81 = 44.
Ескерту: журналда үтірден кейін тек 1 сан ғана көрінеді.
2021-2022 оқу жылының басынан бастап №125 бұйрыққа (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінен) енгізілген өзгерістер шеңберінде тоқсандық бағаны есептеу формуласы:
Егер пән бойынша журналда жиынтық бағалау тоқсан сайын жүргізілсе
Мұнда:
ЖБ факт. сомасы - оқушыға қойылған жиынтық бағалаудың нақты балы немесе олардың сомасы;
ФБ сомасы - Формативті бағалаудың сомасы. Есептік кезеңнің ішінде оқушыға қойылған формативті балдардың қосындысы;
ЖБ макс. сомасы - мұғалім орнатқан жиынтық бағалаудың максималды балы немесе олардың сомасы. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізуге негіз болатын белгі;
ФБ саны - Формативті бағалаудың саны. Есептік кезеңнің ішінде оқушыға қойылған формативті балдардың жалпы саны;
ТЖБ факт. балл - Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың нақты балы:
ТЖБ макс. балл - Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың максималды балы:
Формативті бағалаудың ең жоғары балы (ФБ) - 10-ға тең. Егер пән бойынша журналда жиынтық бағалау жартыжыл сайын жүргізілсе
Мұнда:
ЖБ факт. сомасы - оқушыға қойылған жиынтық бағалаудың нақты сомасы;
ФБ сомасы - Формативті бағалаудың сомасы. Есептік кезеңнің ішінде оқушыға қойылған формативті балдардың қосындысы;
ЖБ макс. сомасы - мұғалім орнатқан жиынтық бағалаудың максималды балы. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізуге негіз болатын белгі;
ФБ саны - Формативті бағалаудың саны. Есептік кезеңнің ішінде оқушыға қойылған формативті балдардың жалпы саны;