Критериалды бағалау – бұл үдеріс, берілген жүйе бойынша оқушының оқу жетістігін алдын-ала барлық қатысушыларға белгілі (оқушыларға, мектеп әкімшілігіне, ата - анасына және заң өкілдеріне) анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен салыстыруға негізделген.
Бұл бағалау жүйесі ең алғаш оқушыларды жақсы оқуға жетелеп, оның өсу қарқыны мен біліміндегі ақауларды анықтауға бағытталған.
Критерийлер – талапқа сәйкес бір нәрсені бағалауда қабылданатын ережелер немесе белгі, негіздеме.
Критерийлер оқу тапсырмасының дұрыс орындалу жолдарының айқын, нақты көрсетілген көрсеткіштерінен тұрады.
Көрсеткіш бойынша бағалау – оқушының белгіленген мақсатқа қаншалықты жеткен дәрежесін анықтау болып келеді.
Қалыптастырушы/формативті (ағымдағы) бағалау – сабақта немесе үйде күнделікті жұмыс үрдісінде білімі мен дағдысының ағымдағы дәрежесін анықтау, оқу үрдісінде оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты жандандыру.
Қалыптастырушы/формативті (ағымдағы) бағалау – сабақта немесе үйде күнделікті жұмыс үрдісінде білімі мен дағдысының ағымдағы дәрежесін анықтау, оқу үрдісінде оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты жандандыру.
Қалыптастырушы/формативті бағалау әртүрлі формада іске асады (ауызша сұрау, жазбаша, практикалық жұмыстар, мадақтау, көтермелеу, т.б.) және жиынтық бағалауға дейін мұғалімге де, оқушыға да оқу барасында кеткен кемшіліктерін түзетуге, қайта қарауға мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы/формативті бағаның түзету мүмкіндіктері бар.