Кризистік, экстремалды және төтенше жағдайлар Орындаған: Андирова Гүлдана Мамандығы



бет3/6
Дата09.05.2022
өлшемі7,02 Mb.
#33325
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3 лекция кризистік эксиремалды

Табиғи сипаттағы Төтенше жағдай

  • Табиғи сипаттағы Төтенше жағдай
  • Табиғи сипаттағы Төтенше жағдай – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын төтенше жағдайлар;

Техногендік сипаттағы Төтенше жағдай

  • Техногендік сипаттағы Төтенше жағдай
  • Техногендік сипаттағы Төтенше жағдай - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдай.

Кризистік жағдай немесе дағдарыс (грекше krisis – шешім, дамудың жаңа кезеңі, қорытынды). Орыс тіл маманы В.И.Дальдың түсіндірме сөздігінен қазақша аударғанда өтпелі кезең, төңкеріс, ауыспалы күйдің шешуші кезеңі ретінде анықталады. Қытайлықтар дағдарыс сөзін біріншісі «қауіп» деп, екіншісі – «мүмкіндік» дегенді білдіретін екі иероглифпен белгілейді. Э.Эриксон еңбектерінің негізінде әдетте дағдарыстың қалыпты және қалыпсыз деген екі түрі қарастырылады.

Қалыпты немесе заңды дағдарыстарға тұлғаның өмірлік жолдың нақты кезеңдерін кешіруімен байланысты дамудың жас ерекшелік дағдарыстары (үш жастағы дағдарыс, жасөспірімдік дағдарыс және т.с.с.) жатқызылады;

Қалыпсыз дағдарыстар тұлға өмірінің сыртқы жағдайларындағы өтпелі өзгерістердің салдарынан туындап, соған байланысты «аналық құқығынан бас тарту дағдарысы» (М.Я.Радионова), «тұлғаның өзін-өзі анықтау дағдарысы» (Е.Ю.Литвинова), «мәдени шок» (П.Адлер) деген және т.с.с. атауларға ие болады. Өмірге бейімделу дағдарысын да қалыпсыз дағдарыстар деп атайды.

Өмірге бейімделу дағдарысы бұл – адамның тіршілігіне және оның негізгі қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына қауіп төндіретін «өмір қисынының ажыруына» әкелетін, өмірдің сыртқы жағдайларының күрт өзгерістерінде адам болмысының сыртқы және ішкі жағдайларының салыстырмалы тұрақты динамикалық тепе-теңдігінің бұзылуы. Олар төмендегідей айрықша белгілерімен сипатталады (Осухова Н.Г.):

.

    • өмірдің бұрынғы негіздерінде жалғастыруға мүмкіндік бермейтін өмірлік жағдайдың күрт бұзылуынан туындайды («өмір қисынының ажырауы»);

.
    • әлемнің бұрынғы бейнесінің (адамның өзі және әлем жайлы ойлары) ақиқатқа сәйкес келмеуімен сипатталады, ал бұрында қалыптасқан бейімделу тәсілдері (адамның өз-өзімен, өзглермен, тұтастай әлеммен үйлесімі) өз тиімділігін жоғалтады;

.
    • адам үшін (немесе топ үшін) маңызды құндылықтан айырылу; субьективті түрде «өмір сүре алмау» ретінде қабылданады

.
    • адамның өз-өзінен, өзгелерден, тұтастай әлемнен алшақтауға, мазасыздыққа, қысымға ұласады;

.
    • адамның әлемдегі өз орнын және өзіндегі әлемді өзгерту қажеттігінен, атап айтқанда - әлемнің және «өзге өмірдің» жаңа бейнесін құрудан туындайды.

Бейімделу дағдарысын кешірген адам обьективті түрде бұрынғы іс-әрекетін, бұрынғы қатынастарын, бұрынғы өмір салтын жалғасытра алмайды, соны салдарынан запа шегіп, күйзеледі. Сонымен бірге дәл ауыр күйзелістер адамның сәл кідіріп, ойланып, өзін жете түсінуіне, өмірдің жаңа негіздерін анықтауға мүмкіндік беріп, өз-өзімен, өзгелермен және тұтастай әлеммен қатынастарын қайта қалыптастыруға жол ашады.

Өмірге бейімделу дағдарыстарының ішінде оның екі түрі айқын байқалады (Н.Г.Осухова):

Адам өмірінің қалыпты циклінде міндетті түрде орын алатын күрделі өмірлік жағдайлардан туындаған дағдарыстар (жақын адамның өлімі, ажырасу, зейнеткерлікке шығу және т.б.);

Төтенше және экстремалды жағдайлардан туындаған «жарақаттаушы дағдарыстар».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет