Ktb la 6306-«Қазіргі тіл біліміндегі лингвомәдени аспектілер» 7М01701-Қазақ тілі мен әдебиеті 2022-2023 оқу жылы



бет6/6
Дата22.12.2022
өлшемі27,87 Kb.
#59093
1   2   3   4   5   6
ИНТЕРНЕТ РЕСУРСТАР:
http://library.arsu.kz
http://neb.arsu.kz
http://zhubanov.edu.kz
https://bilimdinews.kz
https://kk.wikipedia.org.
https://www.kitap.kz.com/


5-6-тақырып. Қазақ тіліндегі мәдени лексиканың тарихи қабаттары
Сағат саны 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Жалпытүркілік қабат.
2.Қыпшақтық қабат
Дәріс тезисі
Жалпытүркілік қабат. Қазақ тілі лексикасының қалыптасуын тарихи тұрғыдан қарастырсақ, қазақ халқы жеке ел болып, халық ретінде қалыптасқанға дейін-ақ халықтың тілдің қалыптасу нышандары, оның тарихи негіздері мен арналары өз бастауларын көне дəуірден, атап айтқанда, жалпы түркілік кезеңнен алатынын байқаймыз. Салыстыра зерттеп барласақ, көне түркі жазба нұсқаларында байқалатын басты-басты тілдік нормалар мен заңдылықтар қазақ тілінің де негізі болған. Атап айтқанда, сөздік құрам, грамматикалық құрылыс, фонетикалық жүйе, негізінен, көне түркі тілінде қалыптасқан. Оның əр түрлі салаларына қатысты қазіргі түркі тілдерінің бəрінде дерлік кездесетін (дыбыстық, морфологиялық өзгерістерд іесептемегенде) ортақ лексика өз бастауын ататүркі тілінен алады да, жалпытүркілік қабат құрайды.
Қыпшақтық қабат. Қазақ тілінің лексикалық құрылысының дамуын жеке бөліп қарастыру мүмкін емес.
Себебі жалпы қыпшақтық тілдік модельдердің сипаты тілдің барлық деңгейлерінде де көрініс береді. Бірақ тілдік дамудың сенімді теориясын жасау үшін нақты тілдердің зерттелуінің мəні ерекше. Бұл қазіргі лингвистика ғылымы деңгейінің осы иə басқа тілдік мəселелердің теориялық шешімдерін ғана емес, сонымен бірге нақты тілдік деректерге негізделген кең түрдегі зерттеулерді талап етеді. Бұл тұрғыдан тілдің лексикалық деңгейі жай тілдік деректердің жиынтығы емес, ұлттың мəдени болмысын айғақтайтын таусылмас көз. Олар этнолексиканы жаңғыртатын теориялық жəне практикалық міндеттерге сəйкес тілдің дамуын жəне қалыптасу процесін бақылауға көмектеседі. Бұл арада өткенді шолу жасайтын кең түрдегі талдау амалын қолданған орынды. Атап айтқанда, əңгіме қыпшақ лексикасының жалпы түркілік қордан бөлініп шығып қалыптасуы жəне одан əрі қарай нақты тілдерге ыдырауы туралы болып отыр. Қазақ тілі лексикасының да негізгі өзегі басқа түркі тілдерінікі сияқты мынадай маңызды қолданыс аялары мен байланысты сөздер д екөрінеді: рухани байлық, материалдық болмыс, табиғат құбылыстары, фауна жəне флора, еңбек құралдары, ағза атаулары, т.б.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Манкеева Ж. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы,2014.
2.Қайдаров А.Т. Структура односложных корней-основ в казахском языке. – Алматы, 1986.
3.Хусаинов К.Ш. Звуко изобразительность в казахском языке. – Алматы, 1988.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет