Ktb la 6306-«Қазіргі тіл біліміндегі лингвомәдени аспектілер» 7М01701-Қазақ тілі мен әдебиеті 2022-2023 оқу жылы


Тілді зерттеудің рухани-танымдық бағыты



бет4/6
Дата22.12.2022
өлшемі27,87 Kb.
#59093
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Магистратура дәрістер-2022

1.Тілді зерттеудің рухани-танымдық бағыты
Ежелгі тіл білімі заманынан бері анықталып келе жатқан оның ең негізгі мəселесі – тіл мен ойдың байланысы. Ал, тіл арқылы берілетін ойдың ар жағында сол тілде сөйлеушінің танымы, мəдениеті, психологиясы, өмір тəжірибесі, т.б. рухани-прагматикалық жүйесі жататыны белгілі. Демек, тіл қызметін сол тілде сөйлеушінің жан-жақты қызметі мен болмысынан тыс қарау мүмкін емес. Ал, ол қызмет тілдің ұжымдағы коммуникативтік қызметімен ғана шектелмейді. Себебі солұжымды ұйыстырушы, тұтастырушы, біріктіруші жəне жаңа ұрпаққа ұластырушы да тіл қызметі. Яғни, тілдік ұжымда тіл коммуникативті-прагматикалық қызмет пен қатар танымдық, құжаттық (кумулятивтік), т.б. Қызметтер де атқарады. Мемлекеттік мəртебеге ие тілде бұл қызметтер ерекше сипатта көрініс табуы тиіс. Олай болса, қазақ тілінің жан-жақты қоғамдық, əлеуметтік қызметін негіздейтін, дəлелдейтін, айқындайтын, жаңғыртатын, жандандыратын арқауын анықтауды мақсат ететін жаңаша сипаттағы антрополингвистикалық бағыт қазақ тіл біліміне де өріс алуы қоғамдық қажеттілік. Өз бастауын тіл білімі тарихының тереңінен алатын осы антрополингвистикалық көзқарас қазіргі лингвистикалық зерттеулер мен экстралингвистикалық факторлардың əсерімен жаңа сапада қайта жаңғыруда. Бұл көзқарас алғаш рет ХІХ ғасырда пайда болғанда, XVII-XVIII ғасырларда ұсынылған логикалық бағыт пен универсалды грамматикаға қарсы, яғни негізгі назарды тілдің ішкі формасына аударған лингвистикалық ілім ретінде қалыптасты. Оның негізін салушы – көрнекті неміс лингвисі В.Гумбольдт. В.Гумбольдттың пікірінше, ұлттың өзіне тəн, іштей дамитын рухы бар, сол рухтың ерекшелігін сыртқа шығарып, сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа беруші күш – тіл.
Бұл қағида В.Гумбольдттың философиялық-лингвистикалық бағдарламасының негізін құрайды. Ол В.Гумбольдттың тілді адамның ойы мен санасы, мəдениеті жəне рухани өмірімен тығыз байланыста қарайтын тіл философиясына сай келеді. В.Гумбольдттың лингвистикалық бағыттары (концепциялары) тілдің табиғаты мен тегі, тіл мен ойлаудың «халық рухымен» байланыстылығы туралы И.Гердердің идеяларына сүйенеді. Тіл мен рух В.Гумбольдттың пікірінше, біртұтасұғым: «Человек весь неукладывается в границы своего языка, он больше того, что можно выразить в словах; но ему приходится заключать в слова свой неуловимый дух, чтобы скрепить его чем-то, и использовать слова как опору достижения того, что выходит за их рамки»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет