Ktb la 6306-«Қазіргі тіл біліміндегі лингвомәдени аспектілер» 7М01701-Қазақ тілі мен әдебиеті 2022-2023 оқу жылы


Қазақ тілінің коммуникативтік әлеуеті



бет5/6
Дата22.12.2022
өлшемі27,87 Kb.
#59093
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Магистратура дәрістер-2022

2.Қазақ тілінің коммуникативтік әлеуеті.
Зерттеу негізінде ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мəдениеттің тіл арқылы танылуының теориялық мəні тарихи лексикология мен тарихи морфологияға, этнолингвистика мен лингвомəдениеттану жəне елтануға тікелей қатысты болса, ал түсіндірме, этимологиялық, екі тілді аударма сөздіктер жасауға, олардың мазмұнын неғұрлым сапалық жағынан жетілдіре түсуге, сонымен бірге мұражайлардағы коллекциялар мен этнографиялық экспонаттарды түсіндіріп, паспорттауға, елтанытушылық қызметпен қазақ тілін оқытып, үйретуге қатысты бұл бағыттың практикалық құндылығын бағалауға болады. Сайып келгенде, тілдің тек танымдық-мазмұндық жағы ғана ашылып қоймай, сонымен бірге мемлекеттік мəртебеге сəйкес қазақ тілінің бұрын толық көрінбеген қырларының коммуникативтік əлеуеті де ашыла түседі.
Осыған сай халқымыздың рухани өрісі мен сабақтас қалыптасқан, кумулятивтік қызметі арқылы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып беріліп келе жатқан ана тіліміздің мəдениетке қатысты ұшан-теңіз қазынасының тілдік табиғатын зерттеу негізінде олардың ұлттық болмыс-мазмұнын анықтау – қазақ тіл біліміндегі өзекті мəселелердің бірі.
3.Мәдени-тілдік деректерді антропоөзектік бағытта зерттеудің теориялық-танымдық негіздері
Қазіргі тіл білімі даму деңгейінің сан салалы теориялық ұстанымдары бүгінгі күні тілдік зерттеулердің бағыт-бағдарын жаңаша анықтауға, жалпы жəне жеке лингвистика шеңберіндегі маңызды тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді. Осыған сəйкес тілдің қоршаған əлеммен, адам фактормен сабақтастығын зерделеу қазіргі қазақ лингвистикасының халықтық сипаты мен əлемдік ғылым деңгейіне көтерілер биігін бір арнада тоғыстырады. Осыған орай, ұлттық тіл ғылымының тілтанымдық-теориялық қоры мен əдіснамалық негізі жаңа бағыттарға сай құнды зерттеулердің ғылымдар тоғысында дүниеге келуін, сабақтастығын қамтамасыз етер алғышарттар ретінде сипатталады (Қ.Жаманбаева, Э.Оразалиева, Б.Тілеубердиев, М.Күштаева, Н.Айтова, М.Қожаева, Н.Шаймердинова, т.б.).
Қазақ тіл білімінде тұтастықта қарастырылатын тілдің табиғатын адамның мəдени, рухани, əлеуметтік, психологиялық болмысымен, оның қимыл-əрекетімен ұштастыра талдаған қазақ ғалымдары соңғы кезде таным мəселесіне ерекше назар аударып, «ұлт пен тіл біртұтас» деген қағидаға сəйкес антропоөзектік бағытты қалыптастыру. Атап айтқанда, шынайы өмірдің қыр-сырын ұлттық ұжымға тəн ой таразысынан өткізіп, сараптап, жинақтаған ақпараттармен мəліметтердің жадыда сақталған қор ретіндегі
Жүйесі тіл арқылы қабылданып, сондықтан ұлт болмысын танытатын тіл бірліктерін кешендізерттеу өзекті мəселе ретінде тіл ғылымының өрісін кеңейтіп отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Манкеева Ж. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы,2014.
2.Манкеева Ж. Қазақ сөзінің синергиясы. Алматы,2021.
3.Сыздықова Р. Тілдік норма және оның қалыптануы. 8-том. Алматы,2014.
4.Сыздықова Р. Тіл және ұлттық мәдениет(көп томдық шығармалар жинағы).14-том. Алматы,2014.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет