Либералдыдемократия теориясы — классикалық либерализмнің идеялары, принциптері, саяси-идеологиялық бағыттары мен мақсаттарының теориялық негізі. Либералды демократия теориясы индивидті қоғам мен мемлекеттен бөлек қарастырды, мемлекет пен азаматтық қоғамды бір-бірінен ажыратты, мемлекеттің қоғам және тұлғамен қатынасындағы қызметі мен өкілеттілігі аясын шектеді, азшылықтың көпшілікке қатысты дербестігі мен құқығын қорғады, барлық азаматтардың саяси теңдігін жариялады, адамға негізгі, ажырамас құқықтар беріп, оны саяси жүйенің негізгі элементі ретінде қарастырды. Осы идеялар негізінде 18 — 19 ғасырларда қазіргі демократиялық жүйелер бастау алатын басқару нысандары пайда болды.
Бұратаналарды басқару туралы жарғы– Ресей империясының Сібір өлкесінің байырғы халықтарын басқару жөніндегі заң актісі. 1822 жылы 22 шілдеде қабылданған. Жарғының жобасын М.М. Сперанский жасаған.Ресей империясының отаршылдық саясатын көздеген бұл құжат Сібірдің орыстан басқа халықтарын “бұратана” деп кемсітіп, оларды кезбелер, көшпелілер және отырықшылар деп 3 топқа жіктеді. Жарғы бойынша кезбе халықтар (орочтар, алеуттер, т.б.) арасында қалыптасқан рулық және тайпалық қарым-қатынас сақталып, отырықшы халықтарға (татарлар, т.б.) орыс мемлекетіндегі шаруаларды басқару жүйесі қолданылды, ал көшпелі “бұратаналарды” (буряттар, сахалар, вогулдар, т.б.) билеп-төстеу үшін рулық басқармалар (әрбір ру не ұлыстың елді мекенінде ең кемі 15 үй болса), бұратаналар басқармалары (оған бірнеше ұлыстың не бір рудың бірнеше елді мекені кірген) құрылды. Жарғы Ресей патшалығының шапқыншылығына ұшырап, бодандығына кірген Сібірдің байырғы халықтарын отарлық қанаудың құралына айналды.
Қанды жексенбі - Ресей тарихында орын алған ең қайғылы оқиғалардың бірі. Қысқаша, 9 қаңтар, 1905 сынып жұмыс туралы 140 мың өкілдері қатысты, демонстрация орындалуын жүзеге асырылды. Ол кезінде Санкт-Петербург қаласында орын алған Николай II, билігінің содан кейін адам қаным қоңырау бастады.
ШОҚЫНДЫРУ – христиан дінін қабылдаудағы бастапқы жоралғы, діни ғибадат. Шоқындыру дәстүрлі діни конфессия ретінде христиан дінінің негізгі үш тармағының өкілдері: католиктер, протестанттар мен православтар арасында таралған. Ғибадат ретінде әуелгі бастауы Исраил ұрпағына жіберілген Иса пайғамбарға қасиетті төрт кітаптың бірі Інжілдің келуінен басталып, христиандар Құдайдың ұлы деп қабылдаған Иса пайғамбардың шармық ағашқа керіліп өлтірілді деген сенімге байланысты орнықты. Маңдай мен екі иыққа үш саусақты ретімен тигізіп, үш рет еңкею арқылы шармыққа керілген пайғамбарға құрмет көрсету нышаны ретінде пайда болған, шоқыну рәсімі кейіннен христиан дінін қабылдаудың бірден-бір бастапқы шарты ретінде қалыптасты, шіркеу діндарлары христиан дінін қабылдаушыларға шоқындыру рәсімін жүргізуді қағидалық дәстүрге айналдырған. Шоқыну мен шоқындыру рәсімдері жөнінен христиандық дәстүрлі үш тармақтың негізгі салт-жораларында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ.
Манифест- төтенше маңызы бар заңдардың шығарылғаны туралы немесе мемлекеттегі ерекше маңызды оқиғалар туралы халықты хабардар ететін жоғарғы биліктің салтанатты актісі. Ресейлік ең жоғары манифесттерді қараңыз. Мысалы, 1905 жылғы 17 қазандағы Манифест.