Куаныш Айдана Группа: юм-21-3к Принял



бет4/4
Дата16.02.2023
өлшемі25,53 Kb.
#68310
1   2   3   4
Байланысты:
глоссарий

Анархиялық синдикализм - қоғамның социалистік қайта құрылуында кәсіподақтардың шешуші рөлін мойындайтын жұмысшылар қозғалысындағы ағым. Анархиялық синдикализм XIX ғ. соңы мен XX ғ. басында Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде (Франция, Испания және т.б.) кеңінен таралды. Буржуазиялық мемлекеттермен саяси емес, экономикалық күресті алдыңғы орынға қойды. Анархиялық синдикализм саяси іс-әрекеттің парламенттік түрін, қарулы көтерілісті құптамады. Негізінен жұмысшы кәсіподақтардың "тікелей іс- әрекетін" (ереуілдер, шерулер, шет- қақпайлау), кәсіпкерлер мен мемлекетке қысым жасауын, тіпті капиталистік қоғамды қайта құрудың шешуші құралы ретінде жалпы экономикалық ереуілге шығуды қолдады.
Интеллигенция - адамға тән рухани, зерделі қабілет, тар мағынада - тез арада шешім табу; өзгеше жағдайларда шешім табу; дұрыс және тез ұғу, бастысы бұл ақыл нысаны ; бейнелеу, ақылды үйрену тез ойлау және қорытындылау қабілеті. «Интеллегенция» сөзімен халықтың рухани бастаушыларын атайды. Еуропалық интеллигенция гуманистік дәуірден басталады, оларға дейін рухани басқару дін қызметкерлерінің қолында болды. Интеллигенция - білгір түсіне алатын, ой еңбегімен айналысатын кәсіби мамандар, қоғамның әлеуметтік қабаты. Интеллигенция өнер адамдарына жақын, бірақ олар сияқты сезімге, эмоцияға беріліп кетпейтін зиялылар қауымы.
Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
Мемлекет түрі.
Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім шығару принциптеріне негізделген ұйым түрі.
Қоғамдық құрылымның мұраты.Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.
Сталинизм - КСРО-да Сталин үстемдігі кезеңіндегі қоғамдық қатынастар мен саяси билік жүйесі. II дүниежүзілік соғыстан кейін Сталинизм Кеңес одағынан қысымшылық көрген басқа елдерде де қалыптасты. Сталинизмге тән белгілер:
экономикалық салада - жылдам индустрияландыру мен ауыл шаруашылығындағы күштеп ұжымдастыру, бюрократиялық жоспарлау, өндірісті басқарудан еңбекшілерді аластату;
әлеуметтік салада - тұрғындардың басым көпшілігінің өмір сүру деңгейінің төмен болуы, тікелей емес қанауға негізделген әлеуметтік жіктелудің ұлғаюы;
саяси салада - іс-жүзінде демократияның болмауы, тоталитарлық мемлекеттік лаңкестік жүйесін орнату, жетекші мемлекеттік органдарға демократиялық сайлауды қамтамасыз ететін саяси тетіктердің болмауы;
ұлттық қатынастар саласында - ұлыдержавалық шовинизмнің оянуы, КСРО-да іс-жүзінде унитарлық мемлекеттік биліктің орнауы;
рухани салада - мәдени сан алуандылықты жою, әлеуметтік шығармашылық бостандыққа жол бермеу, жеке басқа табынушылықты орнату;
идеологиялық салада - әлеуметтік демагогия;
саяси теория саласында - Сталинизм ешқандай жаңа теорияны қалыптастырған жоқ, тек социализмнің жеке бір елде жеңуі және оны құру барысында таптық күрестің күшейетіндігі туралы теорияны негіздеді. 1953 жылы Сталин қайтыс болғаннан кейін, КСРО мен Шығыс Еуропа елдерінде Сталинизм жаппай лаңкестік пен жеке басқа табынушылық сияқты салдарлары жойылды.

Дархан




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет