Протекторат - [лат. protector - қорғаушы, қамқоршы] - күшті мемлекеттің әлсіз елге ресми қамқорлық жасауы.
Заманхат - әдебиеттануға А.Байтұрсынов енгізген термин. “Заманхат” термині жеке адамның тарихи оқиғалар барысындағы қызметі сарапталынып, іс-тәжірибелері замандастары мен келер ұрпаққа аманатталынатын, негізінен, өмірбаяндық оқиғалар қамтылатын әдеби шығармалар жанрын білдіреді.
Интеллигенция- адамға тән рухани, зерделі қабілет, тар мағынада - тез арада шешім табу; өзгеше жағдайларда шешім табу; дұрыс және тез ұғу, бастысы бұл ақыл нысаны ; бейнелеу, ақылды үйрену тез ойлау және қорытындылау қабілеті. «Интеллегенция» сөзімен халықтың рухани бастаушыларын атайды. Еуропалық интеллигенция гуманистік дәуірден басталады, оларға дейін рухани басқару дін қызметкерлерінің қолында болды. Интеллигенция - білгір түсіне алатын, ой еңбегімен айналысатын кәсіби мамандар, қоғамның әлеуметтік қабаты. Интеллигенция өнер адамдарына жақын, бірақ олар сияқты сезімге, эмоцияға беріліп кетпейтін зиялылар қауымы.
Аграрлық саясат — ауыл шаруашылығы мен бүкіл аграрлық-өнеркәсіпітк комплексті әлеуметтік экономикалық тұрғыда ұдайы дамытуды қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы.Аграрлық саясаттың басты артықшылықтарынң бірі - әрбір одақтас республикалардың өндіргіш күштері дамуының ерекшеліктері мен өзгешеліктерін, олардың еліміздің халық шаруашылығының бірыңғай АӨК-тің құрамдас бөлігі ретінде қоғамдық еңбек бөлінісіндегі алатын орнын белгілеу.
Экспансия (лат. expansіo – таралу, тарату) – монополистік бірлестіктердің, мемлекеттердің, әлеуметтік топтардың экономикалық әдістермен де, басқа әдістермен де (аумақтарды қарулы күшпен басып алу, дипломатиялық қысым жасау, т.б.) ықпал ету аясын кеңейтуі.
Бүкілресейлік Мұсылмандар Кеңесі - Шурои ислам — 1917 жылы мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман съезінің шешіміне сәйкес құрылған қоғамдық-саяси ұйым. Бұл ұйым Уақытша үкімет жағдайында, мұсылмандардың және олардың қоғамдық ұйымдарының Құрылтай жиналысына дейінгі іс-әрекеттерін қадағалап, үйлестіріп отырды. Құрамына Түркістаннан 7, Кавказдан 5, Қырымнан 2, қазақ облыстарынан 5, Литва татарларынан 1, ішкі Ресей мұсылмандарынан 10 адам кірді.Бүкілресейлік Мұсылмандар Кеңесінің Петроград қаласында орналасқан 12 адамнан тұратын атқару комитетінің төрағалығына А. Салихов, орынбасары болып Ж. Досмұхамедов сайланды. Атқару комитеті мүшелері қатарында алғашында У. Танашев, Ж. Ақбаев, Зәки Уәлиди Тоған, Ғ. Ходжаев, К.Тоғысов, Ш. Мұхамедияров, И. Лиманов секілді саяси қайраткерлер болды. Бүкілресейлік Мұсылмандар Кеңесі Бүкілресейлік мұсылмандар съезінің шешімдерін басшылыққа алды. 1917 ж. шілдеде өткен Бірінші жалпықазақ съезі Бүкілресейлік Мұсылмандар Кеңесіне мүшелікке қазақ өкілдерін: Ақмоладан А.Тұрлыбаевты, Семейден Ә.Сәтбаевты, Торғайдан Ә.Байғуринді, Оралдан Досмұхамедовты, Ішкі Ордадан У.Танашевті, Жетісудан Б.Мәмбетовты, Сырдариядан М.Шоқайды, Ферғанадан Ғ.Оразаевты сайлады. Бүкілресейлік Мұсылмандар Кеңесі 1917 ж. шілдеде Қазан қаласында Бүкілресейлік мұсылмандар съезін өткізуді ұйымдастырды. Бүкілресейлік Мұсылмандар Кеңесі Қазан төңкерісіне дейін жұмыс істеді.